Жайық өңірі туралы мәлімет

0
1913

Еліміздің солтүстік батысындағы екі өзен аралығын алып жатқан аймақты қазақтар ежелден Еділ-Жайық өзенінің орта ағысынан бастап Каспий теңізіне құяр сағасына дейінгі телімі ел аумағында ағады. 

Жайық өзенінің ел аумағындағы ұзындығы 900 шақырымға жуық. Ол Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жерін басып өтеді. Жайық бастауын Ресейден (Орал тауынан басталады) алып, Каспийге құяды.

Қазақстан аумағында оның 30-ға жуық салаларыжәне Ор, Сақмар, Елек, Шаған, Өлеңті, Бұдарты, көлдіғайтты және Көшім, Бағырлысай, бақсай атты тармақтары бар. Ел аумағында өзеннің кейбір тұсының ені 800 метрге дейін жетеді.

Орал мен Атырау қалаларының аралығында өзен арқылы кемелер қатынасады.

Суы мол болғандықтан балықтың түрлері де көп. Онда дүние жүзіне әйгілі бекіре, қортпа, шоқыр, көксерке, сазан, қаракөз, табан, шортан, жайын және т.б тіршілік етеді.

Өзеннің суы мол болғандықтан және далалы, шөлейтті жерлермен ағуына байланысты оның алабында көптеген каналдар мен бөгендер, су жүйелері салынған.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Қызылқұм өңірі туралы мәлімет

  2. Сыр бойы туралы ақпарат

  3. Сарыарқа аймағы туралы мәлімет

  4. Бетпақдала шөлді өңірі туралы

  5. Қазақстанның табиғи аймақтары. Жетісу өңірі туралы

  6. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  7. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ