Көкшетау аймағы қандай өңір?

0
1365

Көкшетау өңірі Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі көгілдір шоқы-таулар даласы мен Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстік-батысының кен жазығында орналасқан.

Батысы мен шығысының арасы 500 км-ге, оңтүстігі мен солтүстігінің арасы 200 км-ге созылған. Жерінің аумағы — 78,5 мың (2). Аймақтың орталығын Көкшетау қыраты алып жатыр.

Қыраттағы Көкше деп аталатын таудың биіктігі — 947 метр. Төңірегінде қарағай, қайың орманы өскен,табиғаты өте әсем Бурабай, Шортанды, Шабақты, т.б. көлдері, солтүстік-батысында Айыртау, Аралтөбе, Үндемес және Сырымбет атты көрікті шағын таулары бар.

Қыста ауа райы кезде -45 градусқа дейін төмендесе, жаз айларында +25+30 градусқа барады. 

Көкшетау аймағында үлкенді-кішілі 150-ден астам көл бар. Олардың 90-ы тұщы сулы. Олар, негізнен, шоқылар мен тау шатқалдары етегінде орналасқан. Жазықтау  келген алапта Үлкен Қарасай, Сілетітеңіз, Теке, қалибек көлдері жатса, Күміскөл, Кіші Шабақты, Шабақты деген бұрынғы атауы бар Бурабай сияқты көлдер тау етектерінде орналасқан.

Бурабайдың солтүстік-батыс жағалауына таман бөлігінде Жұмбақтас атты шағын арал бар. Ондағы «Жұмбақтас шыңы» көл бетінен 20 м биікке шаншыла көтеріліп тұр. Көл жағалаулары — қарағайлы-қайыңды ормандар. Орман, көл мен тау өзара үйлесім тауып, ерекше әсем көрініс қалыптастырған.

Көкшетау аймағында ер арасында «Ақылбай асуы», «Ақбура тауы», «Оқжетпес», «Жеке батыр» шоқылары, «Жұмбақтас», «Шайтантас», «Ақ алаң» жайлы көптеген аңыздар бар. 

Көкшетау аймағында Көкшетау және Щучинск қалалары орналасқан. Аймақ кен байлықтарына да бай. Мұнда темір, цирконий, алтын, күміс, тас, көмір, уран, т.б кендер табылған.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Қызылқұм өңірі туралы мәлімет

  2. Сыр бойы туралы ақпарат

  3. Сарыарқа аймағы туралы мәлімет

  4. Бетпақдала шөлді өңірі туралы

  5. Қазақстанның табиғи аймақтары. Жетісу өңірі туралы

  6. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  7. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ