Алтын Орда мемлекетінің дағдарысы және ыдырауы (сабақ жоспары)

0
1718
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

— 6.1.1.2 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

— 6.3.1.7 — ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі себептерін анықтау.

Зерттеу сұрағы

Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды?

Оқулық

Алтын Орданың мемлекетінің дағдарысы және ыдырауы. 133–136 беттер.

Тірек сөздер

—  Оба, Бердібек хан,
—  “дүрбелең жылдар”
—  Мамай
—  Тоқтамыс хан,
—  Әмір Темір шапқыншылықтары.

Ресурстар

Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. 2-том. Алматы. Атамұра. 2010. 77-170 бб.

Сабаққа дайындық

Алтын Орда мемлекетінің дағдарысы мен ыдырауының басты себептерін айқындау үшін алдын-ала арнайы кесте дайындау керек. Кестеде Алтын Орданың дағдарысы үш үлкен топқа: әлеуметтік-демографиялық, саяси, экономикалық дағдарыстар деп бөлуге болады.

Әлеуметтік-демографиялық дағдарысқа Алтын Ордада оба ауруының таралуы мен оның салдарлары, саяси дағдарысқа Бердібек ханның билікке келуі мен “дүрбелең жылдар” оқиғалары, Әмір Темір шапқыншылықтары, экономикалық дағдарысқа сауда
байланыстарының үзілуі, қалалық мәдениеттің құлдырауын жатқыза отырып,
осы үш себептің өзара байланыстарын көрсету керек.

Сабақтың деректі материалдары

“Алтын Орда тарихындағы дағдарыс және оның салдарлары” атты арнайы дайындалған кесте-диаграмма, Әмір Темір шапқыншылықтарының бағыттарын көрсететін карта, ортағасырлық авторлардың жазбаларынан арнайы үзінділер берілген карточкалар, тарихи портреттер.

Сабаққа әдістемелік нұсқау

Сабақты ұйымдастыруда тарихи сараптау, интербелсенді тапсырмалар, картамен жұмыс түрлерін пайдалану керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Алтын Орда мемлекетінің дағдарыс пен ыдырауына қатысты тарихи оқиғаларды түсіндіру мен талдау барысында көптеген тарихи тұлғалар:Тоқтамыс хан, Әмір Темір, Мамай, Едіге тұлғаларына тоқталмай кетуге болмайды.

Сондықтан, жаңа материалды сабақ уақытына сыйдыру үшін  аталған тұлғаларға қатысты қысқаша анықтама-карточка дайындап, алдынала сыныпқа таратып қоюға болады. Бұл жаңа сабаққа қатысты күрделі мәселелерді талдау барысында биографиялық мәліметтердерді айтуға кететін уақытты үнемдеуге, оқушының матариалды тез игеруіне мүмкіндік береді.

Сабақтың барысы

Сабақты алдын-ала дайындалған кесте-диаграмма материалдарын пайдалану арқылы жақсы түсіндіруден бастаймыз. Еуразия құрлығындағы алып мемлекет болған Алтын Орда табиғи, саяси дағдарыстардың салдарынан әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды.

Алтын Орданың уақытша күшеюіне қол жеткізген Тоқтамыс хан Алтын Ордадағы билікті сақтай алмауының себебі түсіндіріледі. Бірінші себеп, әрине Әмір Темір
шапқыншылықтары болса, екінші басты себеп шыңғыстық идеологияның
әлсіреуімен тығыз байланысты.

Шыңғыстық идеология өз кезегінде табиғитарихи үдерістер нәтижесінде (қыпшақтану, исламдану және жергілікті рутайпа көсемдерінің саяси билікке ұмтылуы) әлсірегендігін оқушыларға Тоқтамыс, Едіге, Мамай, Әмір Темірдің қызметі арқылы түсіндіріледі.
Сабақ соңында, Алтын Орданың Қазақстан тарихы үшін маңызын қорытындылайды.

Білімді бағалау мүмкіндіктері

Мұғалім алдын ала дайындалған ақпараттық карточкадағы тапсырмаларды оқушыларға таратып беру арқылы әрбір оқушыны жеке жеке бағалауға мүмкіндік алады.

Қосымша тапсырма

Картадан Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекеттерді белгіле және олардың кейін қандай мемлекеттердің құрамына кіргенін анықта.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  4. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  5. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  6. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  7. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  8. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  9. Әл-Фараби — әлемнің ұлы ойшылы (сабақ жоспары)
  10. Түркі-моңғолдардың Орталық Азия мен Қазақстан аумағына жорықтары. Отырар қорғанысы (сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ