Алтын Орда мемлекетінің гүлденуі (сабақ жоспары)

0
2064
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

— 6.3.1.6 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттерді білу, картаны қолдану арқылы саяси процестерді түсіндіру;

— 6.1.1.2 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау.

Зерттеу сұрағы

Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды?

Оқулық

Алтын Орда мемлекетінің гүлденуі. 129–132 беттер.

Тірек сөздер

— Ислам
— Өзбек хан
— Ибн Баттута
— Беклербек
— Уәзір
— диван

Ресурстар

Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. 2-том Алматы. Атамұра. 2010. 77-170 бб.

Сабаққа дайындық

Алтын Орданың Еуразия аумағында гүлденген қуатты мемлекетке
айналғандығын көрсету үшін алдын ала Алтын Орданың сыртқы саяси байланыстары туралы арнайы кесте дайындау керек.

Кестеде Алтын Ордамен байланыста болған мемлекеттер мен олардың саяси және саудаэкономикалық байланыстарының сипаты, нәтижелері және бұл байланыстар
туралы ортағасырлық деректердің қысқаша мәліметтері келтірілді.

Бұл кесте оқушыларға Алтын Орданың өз заманында шын мәнінде басқа мемлекеттер
санасуға мәжбүр болған қуатты ел болғанын визуальды түрде қабылдауына
мүмкіндік береді.

Сабақтың деректі материалдары

Өзбек, Жәнібек хандардың суреттері, Өзбек хан туралы ортағасырлық авторлардың сипаттамалары (мысалы, ибн Баттутаның жазбаларынан), Алтын Ордадағы ислам діні туралы ортағасырлық авторлардың мәліметтерінен үзінділер, Алтын Орда дәуіріндегі ислам мен әдебиет атты тақырыптық көрме.

Сабаққа әдістемелік нұсқау

Сабақтың түрін ақпараттылық, шығармашылық белсенділік, сыни бағалау, көркемсуретті ақпараттарды пайдалана отырып, тез ойлау мүмкіндігін арттыру, картаға үңілу арқылы жадты қалыптастыру бағытындағы сабақ өткізу.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Алтын Орданың гүлденуінің саяси, экономикалық бағыттарымен қатар, мәдени өміріндегі жетістіктері қоса берілуі тиіс.

Әсіресе ислам дінінің мемлекеттік дінге айналуы, оның өнер мен әдебиетке тигізген әсері тұрғысынан қарастырылуы керек. Алдын ала Алтын Орда дәуіріндегі ислам мен әдебиет атты шағын көрме ұйымдастыруға болады.

Сабақтың барысы

Сабақты Алтын Орданың Өзбек хан тұсында қуатты мемлекетке айналғанын көрсететін мәліметтерді талдаудан бастайды. Осылайша, Өзбек ханның билікке келуі мен оның ішкі сыртқы саясатын талдауға көшеді.

Әсіресе, исламды мемлекеттік дінге айналдыруының нәтижелерін талдауға басым назара аудару керек. Оқулық мәтінде берілмеген, Алтын Орда дәуірінде исламның
ханафи мазхабы таралғандығын көрсету кетуіне болады.

Сондықтан, ханафи мазхабының ерекшелігі пен Алтын Ордаға Ясауи тарикаты туралы хабар беру маңызды. Алтын Орданың басқару жүйесінің ерекшеліктерін талдай отырып, беклербек лауазымының ерекшелігі мен орны туралы кеңірек әңгімелеуге болады.

Себебі, келесі сабақтарда Алтын Орданың ыдырау кезеңінде беклербектердің
неліктен ықпалды тұлғаға айналғандығын түсінуге көмектеседі.

Білімді бағалау мүмкіндіктері 

Мұғалім алдын ала дайындалған тапсырмаларды оқушыларға таратып беру арқылы әрбір оқушыны жеке жеке бағалауға мүмкіндік алады.

Қосымша тапсырма

Алтын Орда дәуіріндегі ислам дінінің мемлекеттік дінге айналуының себептері мен нәтижелері туралы өз пікірлеріңді негіздеңдер.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  4. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  5. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  6. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  7. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  8. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  9. Әл-Фараби — әлемнің ұлы ойшылы (сабақ жоспары)
  10. Түркі-моңғолдардың Орталық Азия мен Қазақстан аумағына жорықтары. Отырар қорғанысы (сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ