Антитеза дегеніміз не?

0
7368
Иллюстрация: Freepik.com

Антитеза — шендестіру (грек. antіthesіs — қарама-қарсылық) мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын көркемдік әдісінің бірі.

Антитезаның сөз өнеріндегі орны ерекше және ежелгі антитезаның бастауы мифтерде жатыр. Адамзаттың балаң кезңіндегі дүниені аспан — жер, жарық — қараңғы, су — от т.б. қарама-қарсы ұғыммен салыстыра тануы шеңдестірудің алғашқы белгілері.

Сөз өнерінде антитеза жай ғана салыстырудан көркемдік, образдылық бояуымен өзгешеленіп тұрады. Қазақ әдебиеттану ғылымында бұл әдіске, ең алғаш, А.Байтұрсынұлы назар аударған. “Жайдағы қайғыдан қуаныш үстінде көрген қайғы жанға көбірек батады. Жарлылық қиындығы жасынан жарлы болғаннан гөрі байдан жарлы болғанға көбірек сезіледі. Көріксіз бетіндегі дақтан көріктің бетіндегі дақ көзге көбірек түседі. Тәттінің артынан ащылық, дәмдінің артынан дәмсіздік артығырақ білінеді. Сөз шығарушылар көп қолданады” дейді ол.

Шендестіру антоним сөздерді бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы жасалады. Мыс., “Қан мен тер” (Ә.Нұрпейісов), “Соғыс және бейбітшілік” (Л.Толстой), “Қызыл мен қара” (Стендаль”) т.б. шығармалардың аты шендестіру арқылы тура немесе жанама болса да оның мәнін ашуға қызмет етіп тұр.

Қазақ ауыз әдебиетінің антитеза әдісі шеберлікпен қолданылған. “Қатыны семіз, ері арық, Иесі семіз, аты арық, Тұз жұтынан сақтасын (Мақал). Мұнда антитеза арқылы адам бойындағы кемшілік әсерлі бейнеленген. “Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр. Қар үстіне қан тамар, Қанды көр де, бетім көр” (Ер Тарғын). Бұл сұлулықты эстетикалық талғаммен қарама-қарсы айқын, ашық түстерді салыстыра көрсеткен шендестірудің ұздік үлгісі.

Мысал жанрында да шендестіру нышандары бар: “Қасқыр мен қозы”, “Қарға мен түлкі”, “Бұлбұл мен есек” т.б. Қазақ әдебиетінде шендестірудің күрделі, көркемдік қуаты мол, эстет. әсері күшті үлгісін Абай жасаған: “Қар — аппақ, бүркіт — қара, түлкі — қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға…” “Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда…” Абай реңі жағынан бір-біріне қарама-қарсы үш түсті алып, шендестіру арқылы негізі образ — төртінші суретті қиыннан қиыстырып бере алған. Сыртқы белгілерді салыстырумен бірге, адамның жай-күйі, ішкі сезімі, сыр-сыйпаты да шендестіру арқылы бейнеленеді: Бір үміт, бір қауіп”. (Абай).

Қазақ әдебиетінде шендестірудің мұндай сәтті үлгілері көп кездеседі. Шашың — қара, денең — ақ бұлт, жүзің — Ай, Тісің — меруерт, көзің — сәуле, құралай (М.Жұмабаев).

Антитеза — бейнелеу құралдарының көркемдік қуаты ерекше, көп қолданылатын түрі.

Басқа материалдар:

  1. Метафора және оның түрлері
  2. Көркем әдебиет стилі туралы 7 факт
  3. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  4. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  5. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  6. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  7. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  8. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  9. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  10. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  12. Көркем троптар, олардың түрлері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ