Қасқыр, бөрі туралы мақал-мәтел

0
4239
Иллюстрация: Freepik.com

Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас.

***

Қасқыр байлағанға көнбес,
Шошқа айдағанға көнбес.

***

Қасқырдың ауызы жесе де қан,
Жемесе де қан.

***

Қараусыз қалған есек —
Қасқырдың олжасы.

***

Қойға қасқыр шапса,
Ит семіреді.

***

Кәрі қасқыр қақпанға түспейді.

***

Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр асқанша.

***

Қойға қасқыр шапса,
Жарлының жалғызын жейді.

***

Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ,
Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.

***

Қасқырлы жердің елі айтақшыл.

***

Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар.

***

Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.

***

Қасқырдан қорықан қой ұстамайды.

***

Қасқырдың қарны тоймайды.

***

Қасқыр мен қой бір жерден су ішпес.

***

Қой жеген қасқыр көңілді,
Қойшысы жаннан түңілді.

***

Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды.

***

Қасқыр жарып кеп салды,
Қарға қарық боп қалды.

***

Адам ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды.

***

Ер тамағы – елден,
Бөрі тамағы – жолдан.

***

Қасқырдың аузы жесе де – қан,
Жемесе де – қан.

Басқа материал:

  1. Батырлық пен қорқақтық туралы мақал-мәтелдер
  2. Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (Бастауыш сынып арасындағы сайыс)
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер
  9. Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер
  10. Киім туралы мақал-мәтелдер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ