Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас.
***
Қасқыр байлағанға көнбес,
Шошқа айдағанға көнбес.
***
Қасқырдың ауызы жесе де қан,
Жемесе де қан.
***
Қараусыз қалған есек —
Қасқырдың олжасы.
***
Қойға қасқыр шапса,
Ит семіреді.
***
Кәрі қасқыр қақпанға түспейді.
***
Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр асқанша.
***
Қойға қасқыр шапса,
Жарлының жалғызын жейді.
***
Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ,
Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.
***
Қасқырлы жердің елі айтақшыл.
***
Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар.
***
Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.
***
Қасқырдан қорықан қой ұстамайды.
***
Қасқырдың қарны тоймайды.
***
Қасқыр мен қой бір жерден су ішпес.
***
Қой жеген қасқыр көңілді,
Қойшысы жаннан түңілді.
***
Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды.
***
Қасқыр жарып кеп салды,
Қарға қарық боп қалды.
***
Адам ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды.
***
Ер тамағы – елден,
Бөрі тамағы – жолдан.
***
Қасқырдың аузы жесе де – қан,
Жемесе де – қан.
Басқа материал:
- Батырлық пен қорқақтық туралы мақал-мәтелдер
- Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (Бастауыш сынып арасындағы сайыс)
- Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
- SMM маманы деген кім?
- Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
- Web-дизайнер деген кім?
- Таргетологтың қызметі қандай?
- Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер
- Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер
- Киім туралы мақал-мәтелдер