Ауыз қуысы туралы қызықты факт

0
2209
Иллюстрация: Freepik.com

1. Тіс эмалі — ағзамыздағы ең қатты, берік тіндердің бірі. Сондықтан да тіс түрлі химикаттар мен сұйықтықтарға, жоғары температураға қарамастан жүздеген жылдықтар сақталады.

2. “Сүт тістері” деген терминді Гиппократ ашқан, ол сәбидің алғашқы тістері сүттен пайда болады деп ойлаған.

3. Жапон ғалымдары 14000 адамды зерттеп, күніне 3 рет тістерін тазалайтын адамдарды артық салмақ сирек кездесетінін айтады.

4. Сілекей бездер күніне 850 мл сілекей бөледі. Ал адамның бүкіл өмірінде 38000 л сілекей бөледі екен.

5. Адамның тілі — екі жағынан бекінбеген жалғыз бұлшықет, сондықтан да ол ең көп қимылдайтын орган болып саналады, және әр тіл саусақ іздері секілді әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды.

6. Әйелдер ерлерге қарағанда 20% -ға тәттіні, 10% -ға қышқылды жақсырақ айырады. Яғни әйелдерде дәм сезу рецепторлары көбірек болады, сондықтан да әлемдегі әйелдерді көпшілігі тәттіге құмар.

7. 1 сөз айту үшін, ағзамыздың 72 бұлшықеті қимылдайды. Біздер күніне 5000 -ға жуық сөз айтамыз.

8. Көпшілік ойлағандай тістеріміз үшін ең қауіпті спорт түрі — бокс емес, мұздағы хоккей екен. 70% хоккей ойыншылары кемінде 1 тісін ойын барысында сындырады екен.

9. Тіс щеткасын арнайы ыдыста сақтау зиян, себебі сулы щеткадан жабық ыдыста микробтар көбейеді. Тіс щеткасын унитаздан 2-3м алысырақ сақтаған дұрыс, себебі су ағызып тазартқанда микробтар жан-жаққа шашылады. Тіс щеткасын әр 3 айда ауыстыру керек, егер ЖРВИ немесе басқа да инфекциямен ауырсаңыз, жазылған соң да тіс щеткасын ауыстыру керек екен.

10. Кальций сүйектерге қатты керек дегенмен де 99% ағзадағы кальций тістерде орналасқан.

11. Тек табиғи өнімдерді тұтынатын халықтарда кариес болмайды екен (Аляска халқы);

12. Тіс пастасы 5000 мың жыл бұрын Египетте пайда болған. Ал Рим империясында ертеден 18 ғасырға дейін тіс пастасының құрамына зәр негізі компанент болған, себебі дәр құрамындағы аммиак тазалау қасиеті жоғары. Қазіргі күні кейбір тіс пасталарының құрамына аммиак қосылады.

Басқа материалдар:

  1. Адам омыртқасы туралы қызықты деректер
  2. Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
  3. Жылы және суық судың пайдасы мен зияны қандай?
  4. Фастфудтың 10 зияны
  5. Майонезді неге жеуге болмайды?
  6. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  7. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  8.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  9. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  10. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  11. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  12. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ