Қазақ халқының ұлттық ойындары (сабақ жоспары)

0
9595

Сабақтың мақсаты:
— салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау.

Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің
гүлденген дәуірі деп саналады?

Оқулық
Қазақ халқының ұлттық ойындары. 167—169 беттер.

Тірек сөздер: Ақсүйек, тобық жасыру, теңге алу, арқан тарту, көкпар,қыз қуу.

Ресурстар
1. Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерi: өткендегiсi және бүгiнi.
– Алматы: Ғылым, 2001. – 428 б.
2. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1-том. Бір¬тұ-тастығы
және ерекшелігі / Құрастырған С.Әжіғали. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005.
– 328 б.
3. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 2-том. Дүниеге келгеннен озғанға дейін (отбасы¬лық әдет-ғұрыптар ертеректегі авторлардың еңбектері бойынша. 2-том. – Алматы: «Арыс» баспасы. 2006. – 416 б.

Көрнекілік
Қазақтың ұлттық ойындарының фотосуреттері.

Мақсатты айқындау
Ұлттық ойындарды оқыту арқылы оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа,ұтқырлыққа тәрбиелеу. Рухани мұраларға қатысты білімдер мен дағдыларды игеруге баулу.

Сабақтың түрі мен әдісі
Блум таксономиясы.Ізденіс және шығармашылық сабақ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Мұғалім кітапта қамтылмаған ойындар туралы айтуы керек.

Асық ойындары– көнеден келе жатқан ұлттық ойын. Бағзы замандардан бері қазақ балалары өмірде кездесетін түрлі заттардан өздеріне лайық ойыншықтар жасап, ойын түрлерін молайтып отырған. Әсіресе, қой, ешкі, тау теке, тау ешкі, арқар, құлжа сяқты жануарлардың асығы мен тайыншаторпақтың томпайларынан пайдаланып көңіл көтеріп, зейін-зердені ашатын сан алуан ойын түрлерін шығарған және тапқырлап отырған.

Асық қағу, қаршу, шұбырту, ұпай, ат жарыстыру, қошқар соғыстыру, мұз ойнақ, хан
ойыны, аламан хан, үш табан, бүк-шік және т.б. сондай асық ойындарының
бізге жеткен түрлері.

Бұл ойындар олардың шыдамдылыын, шапшаңдыын, ептiлiгiн, тапырлыын, табандылыын, мрттiгiн шыңдаан. Бұл ойынға негізінен 3-6 балаға дейін қатынасады. Шеңбер ішіне әр бала екі-үштен тіккен, тізіле қойылған асықтарды 4-5 қадам жерде тұрып сақамен дәлдей атып, тигізіп, шеңбер сыртына шығара алған ойыншы асықты ұтып ала береді. Асығын түгел ұтқызғандар ойыннан шығып отырады, көп асық ұтқаны жеңімпаз болады.

Мұғалім асық ойынына қатысты мәліметтерді бере отырып, оқушылардан ішінен асық жинауға құмартатыны кім екенін сұрайды. Балаларға асық жинауға, ойнауға кеңес береді.

Тоғыз құмалақ. Тоғыз ұмалаты ойлылар ойыны десе болады. Кәдiмгi есепке ұрылатын бұл ойын адамның ойлау, талдау қабiлетiн ерекше дамытады. Сондықтан да оны «малшылар математикасы» деп орынды атайды. Тоғыз құмалақтың ерекшелiгi сол, ол ешқандай құрал қажет етпейтiн өте қарапайым ойын.

Ойыншылар кездескен сәттерiнде ойын тақтасын, отауларды оп-оңай  сызып салады. Шығыс халықтарының дәстүрi бойынша, ойын оңнан сола қарай, яғни сағат тiлiне қарама-қарсы жүргiзiледi. Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады.

Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау,162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген
тіркестер қолданылады. Отаулар әрiптермен белгiлендi. Қазiр тоғыз құмалақ
елiмiзде кең тараған ұлттық ойындардың бiрi, одан республика деңгейiнде iрi
жарыстар өткiзiледi.

Сондай-ақ бұл ойынды қазақтар ғана емес, елде тұратын өзге ұлт өкiлдерi де құмарта ойнайды.

Мұғалім осындай ақпаратты бере отырып, тоғызқұмалақ тақтасының суретін көрсетеді, ережесімен таныстырады.

Қазақша күрес.Барлық дәстүрлi мерекелерде ат ойындарынан басқа ежелден келе жатан тарихы бар қазақша күреске де үлкен орын берiледi. Қазақша күресте тең түсу немесе ұпай арқылы жеңу деген болмайды. Уақытқа шектеу қойылмағандықтан, палуандардың қалай да бiреуi жеңетiн болған. Қазақша күресте жасқа да, салмаққа да шек қойылмайды.

Тәуекел еткендер өзінен жасы үлкендермен де белдесе бередi, «Күш атасын танымайды» деген сөз содан қалған.Палуандарын батырдай көрген халық олар туралы өлең, жырлар қалдырған. Қазақ халқы Қажымұқан, Балуан Шолақ, Битабар сынды
алыптарды туған.

Бағалау мүмкіндігі
Қазақтың ұлттық ойындарын топтастыр. Осы кестені толтыр:

Балалар ойыны;

Жастар ойыны;

Ересектер ойыны.

Сөзжұмбақты шешіңіз!

1 – Ат үстінде екі жігіттің алысып ойнайтын ойыны?
2 – Ғұрыптық айтыстың бір түрі?
3 – Жастар ойынының түрі?
4 – Асықпен байланысты қазақ жастарының ойыны?
5 – Ер адамдар ойыны?
6 – Топпен бөлініп ойнайтын ат ойыны?

Білімін шыңдауға берілген тест
Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!

2. Қазақтың қыз қуу ойындары туралы ХІІІ ғасырда сипаттаған жиһанкездерді табыңыз:
А) Маниах; Е) Виллем де Рубрук;
В) Марко Поло; F) әл Мақдиси;
С) Земарх; G) әл Идриси;
Д) Дженкинсон; H) Джованни Плано Карпини.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. «Зар заман» әдебиет ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары (сабақ жоспары)
  2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (сабақ жоспары)
  3. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  4. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  5. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  6. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  7. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  8. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  9. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ