«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты интеллектуалдық ойын сайысы

0
5236

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар кәдірменді қонақтар! Наурыз мерекесімен сіздерді құттықтаймыз! Осы Наурыз мерекесі қарсанында 9 сыныптар арасында өткізгелі отырған Қазақтың салт- дәстүрлеріне арналған интеллектуалдық салысымызды бастағалы жатырмыз.

 2-жүргізуші: Здравствуйте дорогие учащиеся, уважаемые гости!  Разрешите Вас поздравить с праздником Наурыз! Наурыз – это Новый год у народов Востока. Это праздник весны и труда. В честь этого праздника среди учащихся 9-х классов мы сегодня проводим интеллектуальную игруна тему «Традиции и обычаи Казахского народа».

 1-жүргізуші:  Алыстан алаш десе мақтанамын, Қазақты қазақ десе мақтанамын. Болғанда әкем – қазақ, шешем –қазақ. Мен неге қазақтықтан сақтанамын.

2-жүргізуші:  Әрбір халықтың өзіне тән ұлттық дәстүрі, соған орай психологиялық өзгешеліктері болады.Қазақ халқының да өзіне лайық қадір- қасиеті бар.

 1-жүргізуші:  Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері әр халыққа да үлгі болары сөзсіз. Сол салт – дәстүрден сіздерді хабардар ету мақсатында ойын түрінде беріліп отыр.

 2-жүргізуші:  Әр топ өз топтарын таныстырады (топ аты, жеке оқушылардың аты өздері таныстырып, кім нені ұнататынын айтады).

1 сайыс:  «Кім ұлттық киімдерді көп біледі».

Ұлттық киімдерді кім көп айтады кезек кезек бір-бірінен қайталанып келмеуі тиіс. Мысалы:

1топ.                                                                       2 топ.

  • сәукеле                                                1) шапан
  • мәсі                                                     2) тақил
  • тымақ                                                  3) малақай
  • кимешек                                             4) бөрік
  • көйлек                                               5) жейде
  • сырмақ                                              6) ешік  және т.б.

 2 сайыс:   «Дұрыс па, бұрыс па?» деп аталады. Мен өз оймды айтамын, дұрыс болса қол шапалақтаңдар, бұрыс  болса тыныш отырамыз. Сонымен бастайық.

  1. Бәйге – қазақтың ұлттық ойыны.
  2. Бесбармақ – француздық ұлттық тағамы.
  3. Наурыз – шығыс елінің жаңа жылы.
  4. Хачапури – қазақтың ұлттық тағамы.
  5. Илья Муромец – қазақтың батыры.
  6. Масленица мейрамында орыстар бауырсақ пісіреді.
  7. Түйелер тікенекті сүйсініп жейді.
  8. Қымызды сиыр сүтінен жасайды.
  9. Наурыз күз айында басталады.
  10. Мектепке біз дұрыс жазуға, оқуға үйренеміз.
  11. Роза Рымбаева – Италия әншісі.
  12. Семей жері Абай, Шәкірім, Мұхтардың Отаны.
  13. Абай Құнанбаев – орыстың ұлы ақыны.
  14. Қазақстанның астанасы – Астана.
  15. Қазақстан – біздің Отанымыз.

 3 сайыс: «Қазақ халқының салт – дәстүрлері деп аталады».

Сөйлемдердің мағнасын айтып қандай салт – дәстүрлер туралы айтылғаның тауып айтамыз. Мысалы:

1 топ: Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайып жастар домбыра тартып, ән салып,ұлттық ойындар ойналады. Ол думанды болса, сәби сергек, қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

2 топ: Нәрестенің туғанына қырық күн толған соң, ыдысқа қырық қасық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Ит жейдесін шешіп алып, сақтап қояды. Мерекелік дастарқан жаяды.

1 топ: Сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп кесіп, екі аяғын тұсап тез – тез жүгіртеді. Оған қуанып, шашу шашылып, дастарқан жасалып, кәде беріледі.

2 топ: Бір – бірін сүйіп ұнатқан қыз бен жігіт ата – анасының алдынан өтіп,батасын алып сол тойға дайындалады. Онда беташар рәсімі орындалады.

4 сайыс: «Мың бір мақал»

 Әр халықтың өзіне тән мақал – мәтелдер болады. Қазір мен мақалдары айтамын, ал сендер жалғасын айтасыңдар.

  1. Шаш ал десе, … (бас алады)
  2. Жылы, жылы сөйлесең … (жылан ішінен шығады)
  3. Айтылған сөз, … (атылған оқ)
  4. Жел болмаса, … (шөптің басы қимылдайды)
  5. Біреуге ор қазсаң … (өзің соған түсесің)
  6. Өнер алды … (қызыл тіл)
  7. Не ексең … (соны орасың)
  8. Күшіңе сенбе, … (ісіңе сен)
  9. Еңбек пен бақыт … (егіз)
  10. Ердің атын, … (еңбек шығарады)

 5 сайыс: «Әнді тап» деп аталады.

Қазақ халқында алтын көмейлі дауыстар көп. Олар өлең жырлағанды жақсы көреді. Келесі байқау «Әнді тап» деп аталады.

  1. Жел теңізден соқты

Жел теңізден соқты

Сен маған айттың

Сен маған айттың

Енді келмеймін

Енді келмеймін               (Ветер с моря дул)

  1. Шөпте шегіртке отыр

Шөпте шегіртке отыр

Тіпті қияр сияқты

Жап – жасыл ол болады (Кузнечик)

  1. Орманда шырша туды

Орманда  ол өсті

Қыста да, жазда да шыршамыз,

Жап – жасыл болды. (Елочка)

  1. Айтады жолың болмайды

Қара мысық оны кессе.

Әл әзірге, керісінше

Тек мысықтың жолы болмайды (черный кот)

5 . Мені өзіңмен бірге шақыр

Қатал қара түнмен кездессе де.

Мен сенің соныңнан барам

Жолда қиындық кездессе де.   (Позови меня с собой)

 6 сайыс: «Сенің атың нені білдіреді?»

Әр адамның есімі нені білдіреді. Оның шығу тарихы неге байланысты. Орыс

тілінен қазақ тіліне аударыңдар.

1 топ                                                                    2 топ

  1. Красивая как луна                                        1. Надежда
  2. Шелк                                                              2. Утрення звезда
  3. Торжество                                                      3. Жемчуг
  4. Ласточка                                                        4. Любовь
  5. Золотовластка                                               5. Мужественная душа
  6. Красивая                                                       6. Вольный
  7. Будь мужественным                                     7. Глаза как у верблюда
  8. Гражданин                                                    8. Золотоволосая
  9. Вольный                                                        9. Чернобровая

 

Байқау аяқталған соң жеңімпаздар аңықталып, марапатталады. Міне, бүгінгі интеллектуалдық  ойынымызды қортындылай келе, қазақ тілінің болашағы сендердің қолдарыңда деп сөзімді аяқтаймын.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар:

  1. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  3. Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)
  4. Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)
  5. Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ