Қазақ қолжазба кітаптары

0
1426
Иллюстрация: Freepik.com

Негізгі сұрақтар: Қазақ қолжазба кітаптарының шығу тарихы. Қазақ-шығыс
тілдеріндегі басылымдарының кітап бастыру орталығы. Калиграфиялық тәсілмен
көшірілген қолжазба кітаптар. Зерттеушілер тұжырымдары.

  1. Құжат ұғымы және функциясы. Құжат және ақпарат туралы түсінік
  2. Құжаттардың бірегейленуі мен стандартталуы
  3. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  4. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

Кітап өз дамуында үлкен тарихи жолдан өтті. Дәл бүгінгі қалпына бірден ене қойған
жоқ. Әр заман кітабы өз бойына шақ. Мазмұны жағынан да, пішіні жағынан да. Кітаптың кітап болып көзге көрінуі, қолға ұсталуы, оқылуы үшін негізгі үш шарт
орындалуға тиісті.

1. Ауызекі тіл жазба тілмен толықтырылуы қажет. Мұның өзі жазу-сызудың (письменность) жүзеге асуына байланысты.

2. Жазуды түсіретін материал керек.

3. Жазылғанды көбейту, қолжазбаны көпшіліктің игілігі ету, яки топтық және әлеуметтік байланыс (коммуникация) құралдарына айналдыру ләзім.

Жазу туралы. Дүние жүзіндегі барша халық дерлік жазу-сызудың негізгі үш
сатысынан өткені байқалады. Бұларды бас-басына атайтын болсақ, біріншісі –
пиктографиялық яки бейнелеп жазу, екіншісі – идеографиялық (логографиялық)
немесе рәміздік (символдық) жазу, үшіншісі – алфавиттік, әріп немесе дыбыс жазуы
делінеді.

Бейнелеп жазудың таңбалары, суреттері пиктограммалар деп аталады. Ол
жеке сөздерге бөлшектенбейді, бүтіндей хабар білдіреді. Мысалы, осы жерден үш
күндік қашықтықта аю жүр дегенді хабарлау үшін аюдың суреті және үш сызық
белгісі қойылады деген сияқты.

Өз өлкемізде, Маңғыстауда, Жетісу аймағында тас жартасқа салған суреттер –
петроглифтер – тұтас сурет галереялары кездеседі. Бұлардың эстетикалық
құндылығы өз алдына жеке тақырып. Петроглифтердің және бір қызметі — белгілі бір
хабар жеткізу болған. Жастарды аңдармен таныстырып, қайсысын қалай аулауға
керектігін үйреткен. Бағзы замандағы бабаларымыздың күнге тәңірі есебінде
табынғандығын басы күннен «жаратылған» адамдар суретінен білеміз.

Алғашқы қауым тасқа қашап сурет салу әдетін тоқтатпағанымен, оны ақпарат
есебінде пайдаланудан бас тартуға мәжбүр болған. Жұрттың бәрінің сурет сала білу
қолынан келмейтіні белгілі. Оның үстіне жай хабар болса бір сәрі, күрделірек хабар
жеткізу үшін соншама көп сурет салып отыра алмайсың ғой. Адам бұл тығырықтан
шығудың амалын да ойлап тапты. Ол енді идеографиялық немесе логографиялық
жазуға көшеді.

Идеографиялық таңба, яки идеограмма не жеке сөзді немесе оның бөлшегін бейне және схема түрінде жеткізуге негізделген. Мәселен, арыстанды өз бейнесінде суретін салса, су мағынасын білдіру үшін ирек сызық қолданылатын. Қала белгісі – ішіне крест салған дөңгелек.

Ал сонау Американың – батыс жарты шарының байырғы тұрғындары – майя
халқының иероглиф жазулары суретке ұқсас. Мұндай суреттер буын, сөз, арнайы
белгі орнына жүрген. Көне Қытайда әр иероглиф жеке сөз құраған. Алғашқы сөздер
бір ғана буыннан тұратын.

Кейін Қытай тілі күрделіленген кезде екі-төрт буынды қосып жаңа ұғым жасайтын болған. Енді иероглифтер тұтас бір ғана сөзді емес, оның буынын білдіретін болған. Қазіргі Қытай тілінде жеті мыңнан астам иероглиф бар. Олардың бәрін біле бермейтін қытай аз емес.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ