Қазақстан тарихынан үлгілік ҰБТ сұрақтары

0
1220
Иллюстрация: Freepik.com

 

 1. Жаңа тас дәуірінің қамтитын аралығы:

A) б.з.б. 2-1 мың жылдық

B) б.з.б. 5-3 мың жылдық

C) б.з.б. 12-5 мың жылдық

D) б.з.б. 140-40 мың жылдық

E) б.з.б. 40-12 мың жылдық

 2. Сақтар Қазақстан аумағын мекендеді:

A) б.з.б.VІІІ-І ғасырларда

B) б.з.б. VІІІ-VІ ғасырларда

C) б.з.б.ІІІ-VІ ғасырларда

D) б.з.б.VІІІ-ІІІ ғасырларда

E) б.з.б.VІІІ-V ғасырларда

 3. Араб тарихшысы әл-Марвазидің хабарына қарағанда қарлұқтар құрамындағы тайпа саны:

A) 8 тайпа

B) 6 тайпа

C) 7 тайпа

D) 9 тайпа

E) 5 тайпа

 4. ХVІІІ ғасырдың 20-жылдары түркілердің ежелгі жазбалары тұңғыш рет ашылған өңір:

A) Енисей

B) Скандинавия

C) Шығыс Еуропа

D) Оңтүстік Сібір

E) Батыс Сібір

 5. Тәуекел хан орыс патшасына Құл-Мұхаммедті елшілікке жіберудегі негізгі мақсаты:

A) Абдаллахқа қарсы әскери одақ құру

B) Саяси әлеуметтік байланыс орнату

C) Соғыспау туралы шарт жасау

D) Қазақ орыс сауда қатынасын құру

E) Қалмақтарға қарсы әскери одақ құрды

 6. Оқиғаларды дұрыс хронологиялық ретімен сәйкестендіріңіз:

1. Тың және тыңайған жерлерді игеру;  2. Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылды; 3. Ю.Гагариннің ғарышқа ұшты; 4. Семей полигонындағы алғашқы жарылыс

А. 1946 ж.        Ә. 1954 ж.      Б.1949 ж.       В. 1961 ж

A) 4-А, 2-Ә, 1-Б, 3-В                          4,2,1,3

B) 1-В, 2-Б, 3-А, 4-Ә                            1,2,3,4

C) 2-А, 4-Б, 1-Ә, 3-В                            2,4,1,3

D) 3-Ә, 4-В, 2-Б, 1-А                           3,4,2,1

E) 1-А, 2-Ә, 4-В, 3-Б                            1,2,4,3

 7. 1843 жылы тамызда К.Қасымұлына қарсы ұйымдастырылған топты басқарғандар:

A) О.Игельстром, А.Бородин

B) И.Кириллов, И.Тевкелев

C) А.Жантөреұлы, Б.Айшуақұлы

D) О.Игельстром, И.Тевкелев

E) А.Перовский, И.Неплюев

 8. Оқиғалардың дұрыс ретін анықтаңыз:

1. Бөкей хандығының құрылуы; 2. Абылайдың хан болып сайлануы; 3.С.Датұлының Орал казак әскерімен алғашқы қақтығысы

4. Ақмола бекінісінің салынуы

A) 1,4,2,3

B) 2,3,1,4

C) 3,1,4,2

D) 4,1,3,2

E) 2,4,3,1

 9. Ұлы Отан соғысында Полковник Ғ.Сафиуллин қатысқан шайқас:

A) Сталинград

B) Мәскеу

C) Брест

D) Киев

E) Ленинград

10. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап білім беруді дамытудың негізгі бағыттары айқындалған облыстар:

A) Ақмола, Семей, Орал

B) Верный, Орынбор, Ақмола

C) Ташкент, Түркістан, Семей

D) Торғай, Түркістан,Ташкент

E) Түрікстан, Орал, Өскемен

11. 1989 жылы Қарағанды ереуілшілерінің қойған экономикалық талаптары:

A) Семей полигонындағы ядролық сынақтарды тоқтату

B) Азық-түлік бағаларын төмендету

C) Жұмысышалардың өзара құқын теңестіру

D) Шахталардағы жұмыс жағдайын жақсарту

E) Тұрғын үйлермен толығымен қамтамасыз ету

12. 1993 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ (ішкі жиынтық өнім) көлемі:

A) 11 300 доллар

B) 100 000 теңге

C) 700 доллар

D) 100 доллар

E) 21 000 доллар

13. Рулық қауымның негізін патриархалдық отбасылар құрайтын дәуірі:

A) қола дәуірі

B) мыс тас дәуірі

C) ерте тас дәуірі

D) темір дәуірі

E) жаңа тас дәуірі

14. Түргеш қағанатының жер аумағы:

A) Арал бойы

B) Жетісу

C) Есіл бойы

D) Сырдария бойы

E) Ертіс бойы

15. Орбұлақ шайқасында жеңіске жеткен қазақ қолын басқарған хан:

A) Есім

B) Жәңгір

C) Тәуке

D) Хақназар

E) Тәуекел

16. Махмуд Қашғаридің өмір сүрген кезеңі:

A) IX ғ.

B) XI ғ.

C) XII ғ.

D) XIII ғ.

E) X ғ.

17. Есет Көтібарұлы патша үкіметін мойындаған жыл:

A) 1852 ж.

B) 1858 ж.

C) 1857 ж.

D) 1855 ж.

E) 1854 ж.

18. Фашистік отаршылдықтан бірнеше қалалар мен елді-мекендер зардап шекті. Қазақстан тұрғындары қамқорлыққа алған қалалар саны:

A) 7

B) 22

C) 10

D) 5

E) 12

19. Темірді игеру және оны кеңінен пайдаланудың бастапқы кезеңі:

A) б.з.б. V ғасыр

B) б.з.б. VІІІ ғасыр

C) б.з.б. VІ ғасыр

D) б.з.б. VІІ ғасыр

E) б.з.б. ІV ғасыр

20. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация республика егенмендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет КазКСР-інің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципиалды мемлекеттік-құқықтық нормалар: Одақтық мәселелерді қоспағанда, ҚазКСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы…өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау бекітілген…

Құжат қабылданғаннан кейін болған оқиғаларды анықтаңыз:

A) «Тілдер туралы Қазақ КСР-інің заңы» қабылданды, Қазақ КСР-індегі соңғы халық санағы жүргізілді

B) Т.Әубәкіров алғаш рет ғарышқа ұшты, Лиссабон хаттамасымен ядросыз аймақ болып жарияланды

C) Қазақ КСР-інде сыртқы экономикалық банк құрылды, азық-түлік бағдарламасы қабылданды

D) Н.Назарбаев министрлер кеңесінің төрағасы болды, «Әл-Барака банк» құрылды

E) «Азат», «Желтоқсан», «Семей-Невада» қозғалыстары құрылды

Бірнеше жауабы бар тест тапсырмалары.

21. Сақ заманының алғашқы кезеңін жататын оба(-лар):

A) Бектеңіз

B) Бірлік

C) Шағалалы

D) Алексеев

E) Алыпқаш

F) Ботай

G) Лебедевка

H) Шебір

22. ХІ ғасырда оғыздарды Сырдария, Арал бойынан ығыстырған тайпа(-лар):

A) наймандар

B) печенегтер

C) хазарлар

D) салжұқтар

E) қимақтар

F) қыпшақтар

G) қарлұқтар

H) түргештер

23. Сарматтар жөнінде жазба деректер қалдырған грек, рим

      тарихшысы(-лары):

A) Диодор

B) Полиэн

C) Полибий

D) Прииск

E) Сыма Цянь

F) Үлкен Плиний

G) Помпей Трог

H) Арриан

24. Қазақ хандығы құрылды:

A) 1462 жылы

B) 1511 жылы

C) 1474 жылы

D) 1428 жылы

E) 1467 жылы

F) 1509 жылы

G) 1457 жылы

H) 1465 жылы

25. XIII ғ. суармалы егіншілікте Сырдария өзенінен тартылған канал(-дар):

A) Шыршық

B) Зах

C) Сарысу

D) Төменарық

E) Бозғыларық

F) Қалмақарық

G) Саңғыларық

H) Жүлек

26. XVIII ғ. Қазақ хандығында егін шаруашылығының дамуына көңіл бөлген хан(-дар)

A) Әбілмәмбет хан

B) Әбілхайыр хан

C) Тәуке хан

D) Бөкей хан

E) Абылай хан

F) Шығай хан

G) Жәңгір хан

H) Қайып хан

27. Ақ Орда мемлекетінің қамтыған аумағы(-тары)

A) Орда Ежен ханның жері

B) Әмір Темірдің жері

C) Шайбан ханның жері

D) Жәнібек ханның жері

E) Үгедей ұлысының жері

F) Тоқтамыс ханның жері

G) Берке ханның жері

H) Шағатай ұлысының жері

28. Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ірі әскери жасақтарды басқарған хан (-дар) мен сұлтан (-дар):

A) Әбілмәмбет

B) Тәуекел

C) Керей

D) Кенесары

E) Әбілқайыр

F) Есім

G) Хақназар

H) Тұрсын

29. Қазақстанда 1992 жылы баға босатылудың салдары(-лары)

A) антимонополиялық комитеттер құрылды

B) азық-түліктің бағасы қымбаттады

C) тауарлардың бағасы бірден өсіп кетуі байқалды

D) шетелдік кәсіпорындарды тарту қолға алынды

E) көп балалы отбасыларына көмек берілді

F) баға және кіріс компаниялары құрылды

G) шет елдермен экономикалық байланыс күшейді

H) үкімет жалақы мен әлеуметтік көмек мөлшерін көбейтті

30. 1996 жылы Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше болған ел(-дер):

A) Ресей

B) Тәжікстан

C) Өзбекстан

D) Грузия

E) Түркіменстан

F) Қырғызстан

G) Армения

H) Корея

Дереккөз: Ұлттық Тестілеу орталығы

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ