Қазақстандағы ХІХ ғасырда ағарту ісі мен ғылымның дамуы (сабақ жоспары)

0
2017
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты.
– XIX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру

Зерттеу сұрағы:
XIX ғасырда Қазақстанда оқу-ағартушылық мекемелер қандай түрде дамыды?

Оқулық
Қазақстандағы ХІХ ғасырда ағарту ісі мен ғылымның дамуы. 181–184беттер.

Тірек сөздер: діни білім, жәдитшілдік, араб тілі, математика, биология, тарих.

Ресурстар
1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының
дәстүрлі жүйесі. 5 томдық. Алматы, 2011–2014.2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. – Алматы: Атамұра, 2002. 768 б.

Көрнекілік
Бөкей Ордасы картасы. ХІХ ғасыр медреселері мен мектептерінің суреттері. Жәңгір ханның суреті. Мұхамед Салық Бабажановтың суреті және еңбектерінің суреттері немесе еңбектерінің қайта бысылымдарының өзі.

Мақсатты айқындау
ХІХ ғасырда Қазақстан жерінде ашылған мұсылман мектептері мен
медреселердің негізгі қызметі мен бағыт-бағдарларын түсіндіру. Оқу орындарында оқытылған пәндерге шолу жасау. ХІХ ғасырдағы жәдидшілдік қозғалысқа түсінік беру. Жәдидшілдік қозғалыстың өкілдерімен таныстыру.

Жәңгір ханның оқу-ағартушылық қызметімен таныстыру. Бөкей ордасындағы
мектептің тарихын білу. Бөкей ордасының рухани өмірімен танысу. Мұхамед
Салық Бабажанов еңбектерімен таныстыру.

Дамытушылық маңызы. ХІХ ғасырда ашылған білім ордаларының ашылу, қызмет ету тарихын білу арқылы оқушылар Қазақстанның рухани өмірінің тарихымен танысады. Жәңгір хан, Мұхамед Салық Бабажанов сияқты тұлғалардың рухани өмірімен, ағартушылық, саяси қызметімен танысу арқылы тұлғалық қабілеттерін дамытады.

Тәрбиелік маңызы. Тақырыпты ашу арқылы, осы мәселені оқыту арқылы
оқушылардың білімділікке құштарлығы артады.

Сабақ түрі мен әдісі
Тұлғатану, дінтану, білім тарихын сабақтастыра отырып, дискурс ұйымдастыра отырып оқыту. Тарихи сараптау.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты өту барысында басты назарда ұсталатын мәселелер:
1. Діни білім беру және жәдитшілдік.
2. Жәңгірдің ағартушылық қызметі.
3. Сабақ барысында оқушылар медресе, мұсылман мектептерінің айырмашылықтары мен бағыт-бағдарына сұрақ-жауап негізінде талдау жасап отырады.

Жәңгір ханның қоғамның рухани дамуына қосқан үлесіне баға беруді өз ойларымен жеткізуді ұйымдастыру керек.

Бағалау мүмкіндігі
Бағалау мүмкіндігі барысында мұғалім Батыс Қазақстан облысындағы Жәңгір ханның тарихи-этнографиялық мұражайы туралы айтып өту керек.

Мұхамед Салық Бабажановтың мектеп кітапханасында сақталған еңбегі болса оқушыларға көрсету керек. Бағалауды осы танымдар аясында жүзеге асыруға болады.

Қосымша тапсырма
Өз өңірлеріндегі мектеп, медреселердің даму тарихы туралы іздену.

Білімін шыңдауға берілген тесттен 4 дұрыс жауабын тап!
1. Жәдидшілдіктің ірі өкілдері:

А) М.Шоқай; Е) Ш.Қосшығұлұлы;
В) Ф.Ходжаев; F) Ш.Маржани;
С) М.Бехбуди; G) А.Жәнтөрин;
Д) А.Ибрагимов; H) И.Гаспралы.

Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
2. Мұхамед Салық Бабажанов мақала жариялап тұрған басылымдар:

А) «Известия»; Е) «Туркестанский край»;
В) «Свободная речь»; F) «Сибирский листок»;
С) «Этнографиялық жинақтар»; G) «Жазбалар»;
Д) «Русский инвалид»; H) «Гоеграфия».

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. ХІХ ғасырдағы қазақтың күй өнері (сабақ жоспары)
  2. «Зар заман» әдебиет ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары (сабақ жоспары)
  3. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (сабақ жоспары)
  4. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  5. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ