Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аудару саясаты (сабақ жоспары)

0
3464
Гомотетия және оның қасиеттері

Оқыту мақсаты:
– отарлау саясатының қазақтардың дәстүріне тигізген әсерін талдау;

– Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарларын талдау;

– дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау.

Зерттеу сұрағы:

Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ қоғамының өмірін қалай өзгертті?

Тірек сөздер: Қыстау, жайлау, крепостниктік право, шербина экспедициясы

Оқулық. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы реформалар. 140-144 беттер.

Ресурстар
Халық тарих толқынында. Ғылыми серия:мақалалар жинағы. -Т.І-2. -Астана,2013.
Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі
тарихы. 1943 жылғы басылым). — Алматы, 2012.

Көрнекілік
Оқулықтың 139-бетіндегі «Билер соты» атты сурет. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу аймағын көрсететін карта.

Мақсатты айқындау
Оқытушы қазақтар иемденіп отырған рулық қауым меншігіндегі жерлерді мемлекеттің қандай әдіс-айлалармен және амалдармен тартып алғанын анықтап береді.

Сабақтың деректік материалдары
Сабақ барысында оқытушы оқушыларды бірнеше топқа бөліп, оларды 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы» жарғының мазмұнын анықтауға және 1868 жылғы «Басқару туралы Уақытша ереженің» мазмұнын айқындауға жұмылдырады.

Оқушылар слайдты пайдалана отырып, Ф.А. Щербина бастаған экспедицияға қатысқан қазақтар туралы мағлұматтар жинастырады.

Сонымен қатар оқушылар оқулықтың 144-бетінде көрсетілген №2-3 тапсырманы орындайды:

2. Ережелердiң мазмұнына, отаршылдық пиғылын анықтайтын, еуропалық келімсектің және қазақ көшпелісінің мүдделеріндегі айырмашылықтарды салыстырмалы түрде көрсететін кесте құрастырыңдар:

Ресей билігінің отаршыл пиғылы еуропалық келімсектің мүддесі қазақ көшпелілерінің мүддесі

3. 1867—1868 жылдардағы реформаның Қазақстан жерiндегi кейiнгi зардаптарын қысқаша тезистер түрінде жазып көрсетіңдер.

Сабақ түрі мен әдісі
Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабылетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқытушы Жетісу және Оңтүстік Қазақстан аймағының патша үкіметі тарапынан күшпен отарланғанын, бұл аймақтың қазақтарының екі жақты отарлауға қарсы күрес жүргізгендерін (Ресейге және Қоқан басқыншылығына қарсы) сабақтағы ең басты назарда ұстайтын мәселе деп қарауы керек.

Бағалау мүмкіндіктері. Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  3. Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)
  4. Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)
  5. Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  11. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  12. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  13. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ