Қазақстанның табиғат ғажайыптары

0
6363
Freepik.com

Әнші құм — Талдықорған жеріндегі Үлкен Қалқан, кіші Қалқан деп аталатын таулардың етегіне орналасқан құмды төбе.

Биіктігі — 150 м, ұзындығы — 8 км, ені — 3 км. Әнші құмның бұлай аталуының өз сыры бар. Мұндағы Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп тұрады.  Соның салдарынан құм төбелері пайда болып отырады. Жел соққанда, електен өткендей іріктелген майда құм түйіршіктері сусылдап төмен қарай жылжиды. Осы кезде сырнайдың үніне ұқсас таза , әдемі әуен естіледі.

Егер жел күшейсе соқса, әлгі әдемі әуен реактивті ұшақтың гүріліне ұқсап кетеді. осындай ғажап әнді есту үшін адамдар әдейі ат басатын бұратын болған. Табиғаттың мұндай ғажайып «әншісі» ешбір елде жоқ.

Шарын — Алматы облысындағы ең көрікті жердің бірі. Көне түркі тілінде «чаран»сөзі «арынды, тасқынды, екпінді, қарқынды өзен» дегенді білдіреді.

Атау қойылған  заманда бұл өзеннің ағысы қазіргідей баяу емес, тасқынды, қатты да арынды болғаны сөзсіз.

Қазіргі уақытта өзеннің бұрынғы арнасы қолмен қойғандай тік жарларға айналған. Оның әдемілігі Америкадағы каньондардан да асып түседі.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ