Бүйрек ауруының 10 маңызды белгісі

0
1735
Иллюстрация: Freepik.com

Зәр шығарудың бұзылуы. Егер сіз зәріңіздің мөлшерінің азаюын немесе көбеюін, кіші дәретке жиі шығатыныңызды байқасаңыз бұл сіздің бүйректе бір ақаудың туғанын көрсетеді.

Ентігу. Тыныс алудың бүйрекке не қатысы бар дерсіз? Бүйрекке қатысты аурулар ісінумен жүріп, тек көзге көрінетін жерлер ғана емес сонымен қатар ішкі органдардың да, соның ішінде өкпе ісінуімен жүреді.

Зәрде қанның болуы. Бұл жағдай кез келген адамды кәдімгідей уайымдатуы қажет.

Зәрдің көпіруі. Көпіршіктенген зәр ол зәрде белоктың бар екендігін көрсетеді.

Ісіну. Бүйрек ағзадан керексіз шлактарды, токсиндерді сонымен қатар, артық сұйықтықты шығаруға қатысады. Егер бүйректе ақау пайда болса, бұл оның осы қызметтерді атқаруына кедергі болады.

Анемия, шаршау. Бүйрек эритропоэтин деген гормонды бөліп отырады. Ал ол эритроциттердің түзілуіне қатысады. Яғни, анемияның болуы бүйрек қызметінің бұзылғанының белгісі болуы мүмкін.

Бас айналуы, концентрацияның бұзылысы. Анемияның болуы осы белгілердің пайда болуына әкеледі және бұл белгілер бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарда көп кездеседі.

Температураның көтерілуі және жиі суықтау. Бұл пиелонефрит, цистит сияқты зәр жолдарының инфекциясы кезінде кездесуі мүмкін.

Тері инфекциясы және бөртпелер. Бөртпелердің болуы тек аллергия әсерінен деп ойлау қателік, себебі ол бүйрек ауруларын да да кездесуі мүмкін. Бұл бүйрек қызметі қатты төмендеп, токсиндерден тазалау қызметі бұзылғанда көрінуі мүмкін.

Жүрек айну. Бүйрек тазарту қызметі бұзылу кезінде шлактардың көбеюіне байланысты науқастардың жүрегі айнуы мүмкін.

Басқа материалдар:

  1. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
  2. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  3. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  6. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  9. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  10. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы (Карточкалар иерархиясы)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ