Балалар дәрігеріне қойылатын талаптар

0
2424
Иллюстрация: Freepik.com

Жақсы балалар дәрігері – балалар бойында кездесетін ауруларды керемет меңгерген маман. Ол ауруды оған тән белгілерінен біле алады. Қабылдауға келген баланың дене қызуын, дем алуы мен жүрек соғуын тыңдап тексереді. Тексерістен соң қойылған диагноз бойынша ем шара тағайындайды.

Жоспар бойынша бұл маман кабинетіне жиі тексеруге келушілер – нәрестелер мен олардың ата-аналары. Педиатр-дәрігер баланың салмағын, дұрыс өсіп жатқанын тексеріп, ата-аналарына қажетті кеңес береді. Сондай-ақ, жас аналарға нәрестеге дұрыс күтім жасауды, дұрыс тамақтандыруды үйретеді. Нәрестенің бойында ешқандай ауытқулар болмауын қадағалайды.

Емхана аумағына тіркелген учаскілердегі бір жасқа дейінгі балалардың денсаулығын үйіне барып тексеріп жүреді. Педиатр бұл шараларды баланың салмағы мен бойын, физикалық және психологиялық дамуын қадағалау мақсатында жүргізеді. Алдын-алу ем шараларын тағайындайды. Қандай ауа-райы болмасын, дәрігердің парызы – кішкентай нәрестені үйіне барып тексеріп, қадағалау.

Кәсіптің ерекшелігі

Балалар дәрігерінің міндетіне баланың денсаулығын емдеу мен алдын алу шараларын жүргізу ғана емес, баланың өсу динамикасын қадағалау мен оның ана-аналарына бала күтімі туралы кеңес беріп отыру да кіреді. Бүгінгі таңда педиатрия саласында балаларды қауіпті жұқпалы инфекциялардан қорғау мақсатында екпе жұмыстарына үлкен көңіл бөлінген.

Талап етілетін қасиеттер

Барлық медицина қызметкері секілді, балалар дәрігері де адам анатомиясы мен физиологиясын жақсы білуі керек. Биология, ботаника, химия, физика пәндері бойынша білімі жоғары болуы тиіс. Бұл дәрігер әр сөзі, әр істеген ісі үшін жауапты.

Балалар дәрігерінің бойында балаға деген сүйіспеншілік қасиет басым болуы шарт. Бұл мамандық иесінен ашық жүзді, ілтипатты, өз жұмысына жауапкершілікпен қарай алатын жан болғаны талап етіледі. Сонымен қатар, көпшіл, сырт келбеті тартымды және сабырлы сөйлей алатын жан болғаны жөн.

Егер пациент денсаулығы ауыр халдегі жас бала болса, мұндай жағдайда дәрігерге шұғыл және дұрыс шешім қабылдауға тура келеді.

Бұл жұмыстың қиын тұстары – балалардың қай жері, қалай ауырып тұрғаны туралы дұрыс түсіндіре алмауы (әлі сөйлей алмайтындары да бар). Мұндай жағдайда дәрігерге өте зерек болу керек. Көптеген кішкентай балалардың ауруханаға барғысы келмейтіні түсінікті. Сол себепті де, қобалжып тұрған балаларды тыныштандырып, дұрыс жол таба білу балалар дәрігері үшін маңызды.

Күнделікті әртүрлі жастағы және түрлі мінез-құлықты балалармен жұмыс жасау үшін балалар дәрігерінен шыдамдылық пен эмоциональды салмақтылық талап етіледі. Жыл мезгілдеріне байланысты қозатын кезең аурулары тұсында физикалық шыдамдылық та керек.

Міндеттері

Дәрігер-педиатр пациенттерді өз кабинетінде қабылдайды. Қажетті жағдайда қосымша үйіне де барып отырады. Дәрігер науқастың шағымына қарап не болмаса ата-анасының қимылдарын жіті қадағалап, сондай-ақ, баланың түр-келбетіне қарап та нендей аурумен ауырып тұрғанын біле алады.

Бала егер стационарда ем қабылдап жатқан болса, дәрігер оны күнде тексеріп тұрады. Пациенттің жағдайының өзгеруіне байланысты ем-шараға өзгертулер енгізеді. Ем-дом қабылдау жұмысын қадағалап отырады.

Дәрігер ем-шара жасау тәсілін ғана басшылыққа алмай, бала организмінің даму заңдылықтарын да естен шығармауы тиіс. Дәрігер-педиатр құжаттамаларды жүргізуді: пациенттің жеке картасын толтыру, рецепт жазу, пациенттің екпе құжатындағы жазбалардың толық болуы секілді жұмысты қатар алып жүруі қажет.

Білімі

Аталған кәсіп бойынша оқытылатын мамандықтар:

5В130100 Жалпы медицина

Қайда оқытады?

Ең танымал және жоғары білім беретін университеттер:

СММУ — Семей мемлекеттік медицина университеті
СММУ — Семей мемлекеттік медицина университеті
ҚММУ — Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
ҚММУ — Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
БҚММУ — Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
БҚММУ — Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
           Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Астана медициналық университеті
                     Астана медициналық университеті
Басқа материалдар:

  1. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  2. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  3. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  4. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  5. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  6. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  7. SMM маманы деген кім?
  8. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  9. Web-дизайнер деген кім?
  10. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  11. Бизнес-профиль деген не?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ