ҰБТ-ға қазақ әдебиетінен қалай дайындалған дұрыс?

0
681
Иллюстрация: Freepik.com

Қазіргі уақытта мектеп мұғалімдері оқушыларды ҰБТ-ға дайындамайтын болған. Мұғалім дайындамайды деп, сенде дайындалмай жүре бересің бе? Оқу мұғалімге емес, саған керек қой. Ертеңгі күні грантқа түспесен мұғалімнің ештеңесі де кетпейді. Өзің нақты дайындықты бастасан, мұғалім үйреткеннен де көп білім аласын. Ендеше өз күшімен дайындалу үшін бірнеше кеңестерді есте сақта!

ҰБТ сұрақтары оқулықтар бойынша дайындалатындықтан, бесінші сыныптан бастап, он бірінші сыныптың әдебиет кітаптарын қолыңызға алыңыз. Сөйтіңіз де, бесінші сыныптың кітабынан бастап, тақырып бойынша конспект жасауды қолға алыңыз. Әрбір авторға жеке бет арнаңыз және оған әрбір жылда оқыған шығармаңыз, ондағы кейіпкерлер, автордың туған жылы, дүниеге келген, қайтыс болған жерлерін, өмірбаяндарын жазып отырасыз. Осылайша, ҰБТ-ға дейін сізде жеті сыныптың жинағы дайын тұрады.

Әдебиет пәні – оқуды, уақытты талап етеді. Көркем шығармаларды міндетті түрде оқыңыз. Қысқаша түсіндірмесін оқып алған, біреудің аузынан естіп алған абырой әкелмейді. Сіздің оқулығыңызда шығарманың үзіндісі берілсе, сіз оны толықтырып оқу керексіз. Әрбір сыныпқа берілген хрестоматияларды да оқыңыз. Себебі, сұрақтарда шығарма кейіпкерлерінің аты ғана емес, мысалы, «Жусан иісіндегі» Аян екінші рет аяғын қай жерде шығарып алды?» деген сынды оқиғаға байланысты сұрақтар келіп отырады. Әр кейіпкер атын есте сақтап алу қажет.

Әрбір авторға жеке зерттеу жүргізіңіз. Кейде, сіздің оқулықта айтылмаған немесе мән бермеген оқиғалар, мысалы, «Шәкәрімнің сүйегі қай жерде?» сияқты сұрақтар келіп отырады. Олардың білім алған ордалары, алғашқы ұстаздары туралы сұрақтарды да кездестірген боларсыз.

Терминдерге арналған жеке дәптеріңіз болсын. Онда әліпбилік ретпен, «Аллегория, Ассонанс…Әдебиет, Әсірелеу…» деген теориялық ұғымдардың анықтамасын жазып отырасыз. Олардың қай тілден аударылғандығына, мағынасына мән беріңіз. Шығарма ішінен оңай таба алатындай болып жаттығыңыз. Мәселен ҰБТ сұрақтарында:
«Астындағы бурылдың,
Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп…» («Қобыланды батыр») – қандай көркемдеу тәсілі қолданылған деген тапсырма болады. Сіз оның гипербола, яғни, әсірелеу екенін ажырата алатын дәрежеге жету керексіз.

Сұрақ кітапшаларымен жиі жұмыс жасаңыз. Сізде өзіңізден алдыңғы жылдары тапсырылған кітапшалардың 100-деген нұсқасы болсын. Осы кітапшалардағы сұрақтарды белгілеп, қателермен жиі жұмыс жасаңыз. Қате болған және жаңадан кездескен сұрақтарды арнайы дәптерге тізіп отырыңыз. Оны жаттап алыңыз. Қайталап, кітапшалармен дайындықты ұдайы жүргізіп отырыңыз.

Әркім әр түрлі қабылдайды: біріміз жазу арқылы есте сақтасақ, екіншіміз оқу, көру арқылы есте сақтаймыз. Сізге қайсысы жақын. Алғашқысы болса, оқыған шығармаларыңыздың қысқаша түсінігін, маңызды оқиғаларын, кейіпкер есімдерін арнайы арналған дәптерге жазып отыруды әдетке айналдырыңыз. Көру арқылы есте сақтасаңыз, тіптен жақсы. Сіз тек қана кітап оқумен айналыса аласыз.
Мектеп бағдарламасына енетін шығармаларды оқып, авторлармен, терминдермен жақсы таныс болсаңыз, әдебиет сіз үшін мүлде қиын болмайды.

Дайындалуға деген ниетің жоғары болсын. Дәл қазір қолындағы телефонды таста да, дайындыққа кіріс. 5 айдан аз уақытын қалды. Осы ай ішінде 40 балл жинайтындай білім алуын керек! Сенің қолыңнан келеді! Жалқаулықты қой. Осы жалқаулығын грантқа түспеген жағдайда үлкен өкінішке айналады.

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер
  6. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  7. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  8. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  9. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ