ҰБТ-ға дайындық үшін Қазақстан тарихынан тақырыптық сұрақ-жауап кітаптарын қалай қолданған тиімді?

0
1545
Иллюстрация: Freepik.com

1. Қазақстан тарихы оқулығы мен өзің жұмыс жасағалы отырған сұрақ-жауап кітабын (Сағынғалиев, Жұбанышов, т.с.с) дайындап ал. Оқулық өзіңдікі болуы шарт. Немесе электронды нұсқадағы оқулықтарды жүктеп алып, принтерден тарау-тарауымен шығарып алсаң да болады. Әйтеуір үстін, астын сызуға жараса болғаны.

2. Алдымен параграфты 1 рет оқып шыға сал. Бұл тақырып жайлы түсініктің пайда болуына әкеледі.

3. Сосын сұрақ-жауап кітабындағы әр сұрақты оқулықтан ізде. Тақырыптың ішіндегі сол сұрақ мазмұнына сәйкес келетін тұсты тап.

4. Кітаптағы сұрақ алынған жолды түрлі түсті маркермен белгілеп қой.

5. Сол сұрақ жазылған азат жолды жақсылап түсініп оқы. Түсінбейтін тұстарың болса, мұғаліміңнен сұрап ал, есесіне есіңде қалады.

6. Бір тақырыпты толық талдап болғаныңнан кейін досыңмен бір-біріңе сұрақ қойысыңдар. Әр сұрақ мида толық бекітілмейінше қателескен сұрақтарыңды қайта-қайта сұрай беріңдер.

7. Ал кітаптың боялмай қалған жерлерінен өзіңе қандай түрдегі болмасын (анки немесе қағаз) флеш-карталар жаса. Біз «жаңа сұрақтар» деп атайтын сұрақтардың бәрі бұрын тестерде кездеспегендігі айдан анық. Онда олар қайдан алынады? Әрине, сен жоғарыдағыдай жұмыс істеу барысында боямаған жерлерден алынады. Сондықтан, кешке дейін база жаттай бергенше, базада жоқ нәрсені жаттай бер.

8. Флеш-карталарды 1-3-7-14-30 деген сияқты уақыт интервалдарымен қайтала. Керек болса, күн сайын қайтала.

9. Сұрақ-жауап кітаптарынан жаттағандарыңды достарыңмен қолдарың боста қайталап отырыңдар.

10. ҰБТ-ға Қазақстан тарихы туралы уайымдамай кіре берсең болады.

Басқа материалдар: 

  1. Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары (І нұсқа)
  2. Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)
  3. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  4. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  5. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  6. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  7. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  8. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ