Е витамині (токоферолдар) туралы түсінік

0
5100

Е витаминінің биологиялық мәнін 1922 жылы Эванс пен Бишоп тексерді. Кейінгі жылдары бидай ұрығының майынан таза түрінде активті заттар бөлініп шығарылды.

Артынан жасанды түрі де пайда болды. Бұл заттар Е витамині немесе токоферол (грек “тұқым қуғылағыш”) деп аталады. Химиялық тұрғыдан барплық токоферолдар екі циклды, бір атомдық фенолдарға жатады. Қазіргі кезде токоферолдардың 7 түрі белгілі. Оптикалық активтігі жағынан α-токоферол ерекше орын алады.

Е витамині майларда және майлы еріткіштерде еритін май тәрізді зат. Токоферолдар бензолда, бензинде, хлороформда, ацетонда және басқа органикалық заттарда да ериді, қыздыруға айтарлықтай тұрақты.

Е авитаминозының белгілері: 

Токоферолдың ұзақ уақыт жетіспеуі аталық малдың енін аздырып, ұрықтандыру қабілетін жояды. Тауықтардың, күрке тауықтардың қаз бен үйрек жұмыртқалырының ұрықтануымен балапан шығару төмендейді.

Е витамин жетіспегенде құстар мен сүтқоректілердің бұлшық еттері мен жүйке тканьдерінде, қан тамырларында елеулі өзгерістер болады. Зақымданған қозылар мен бұзаулар аяғынан, жүрегін және тыныс алу органдарының еттері семіп қалады.

Бұл індетті ақбұлшықет ауруы дейді. Селен микроэлементі жетіспегенде де осындай өзгерістер қой мен шошқа шаруашылығында кездеседі. Мұндай ауру қояндарда, тышқандарда, тышқандарда, иттерде және теңіз шошқаларында де кездеседі.

Е витамині мен селеннің арасында тығыз байланыс бар. Токоферолдың жетіспеуі қан тамырларының өткізушілігін жоғарлатып, тканьдерді ісіндіріп, оларда қанның құйылуына себеп болады. Рационда селен жетіспегенде де осындай өзгерістер балапандарда жиі кездеседі.Е витамині жетіспесе, құс денесіндегі майлар сарғаяды немесе қоңырланады.

А және Е витаминдерінің бір-біріне қатысы бар. А витамині алкоголінің молшылығы клетка қабының тұрақтылығын төмендетіп, клетка ішіндегі органелдердің бүлдіреді. Токоферол осы айтылған өзгерістердің алдын алады. Сонымен А және Е витаминдері клетка қабының өзтігіштігін реттеуге қатысады.

Токоферолмен қамтамасыз етілген жануарлар А витаминін жақсы сіңірумен қатар бауырында және басқа да органдарында осы затты жинайды.

Жануарлардың өздеріне немесе қандарында Е витаминін енгізу қанның қызыл түйіршіктері қабының тұрақтылығын жоғарлатады.

Е витамині ішекте де, негізінен майлы тканьдарда, ал шамалы мөлшерде бауырда жинақталады.

Ауыл шаруашылығында Е витамині малдың әсіресе құстардың өнімділігін арттыруда қолданылады. Е витамині көптеген қызмет атқару үшін селен мен құрамында күкірт бар амин қышқылдарықажет. Токоферолдың жетіспеуін тудыратын және күшейтетін заттар ретіндешексіз май қышқылдарын айтқан жөн.

Азықтарда қанықтырылмаған май қышқылдары мен майлардың болуы малдың ішінде Е витаминін бұзып, токоферолдың биологиялық активтігін төмендетеді.

Табиғатта токоферол өсімдіктер мен өсімдік тектес азықтарда қоспа түрінде кездеседі. Сүрлем құрамында токоферолдар 4-6 ай бойы өз қасиеттерін жоғалтпайды.

А және Д витаминдеріне бай балық майында токоферолдар мүлде болмайды. Организмде Е витамині мол — гипофиз бен плаценті.

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Д витамині (антирахиттық витамин, кальций-феролдар) туралы

  2. Майда еритін витаминдер. А витамині туралы

  3. Витаминдердің аталуы және жіктелуі
  4. Витаминдер және витамин тектес заттар

  5. Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі

  6. Липидтер. Адам ағзасындағы негізгі майлар және олардың биологиялық рөлі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ