Емтихан алдындағы 8 әрекет

0
1143
Иллюстрация: Freepik.com

Таңғы астан бас тартпаңыз

Мидың жақсы жұмыс істеуі үшін күш-қуат қажет. Ал бұл үшін тамақтану қажет. Зерттеулерге сәйкес, таңғы ас емтиханда жақсы нәтиже көрсетуге септігін тигізеді. Дегенмен таңғы асты да талғап жеген дұрыс.

Мақсатыңызды айқындап алыңыз

Алдыңызда не күтіп тұрғанын, өзіңізге не керегін анықтап алыңыз және соған қарай мақсат қойып, дайындалыңыз. Ұлттық бірыңғай тестілеуге өзіңізге қажет деген баллды аламын деген ниетпен кіріңіз.

Жоспар құрыңыз

Жақсы құрылған жоспар уақытыңызды тиімді пайдаланудың, артық жұмысқа назар аудармаудың кепілі болады. Иә, бастапқыда жоспарды қалай құру керегін білмей, бас қатыруыңыз мүмкін. Дегенмен сәл уақытыңызды бөліп, нақты жоспарды құрып алыңыз. ҰБТ-ға кірместен бұрын алдымен қай пәнді шешетініңізді, сосын бланкке қандай ретпен жазатыңызды шешіп алыңыз. Жоспар бойынша істелген әрбір әрекет нәтижеге жетуге септігін тигізеді.

Тынығу қажет

Қалаған нәтижеңізге жету үшін әр пәнді бірнеше деңгейге бөліп тастаңыз. Әрбір деңгейді аяқтағаннан соң сәл демалыс алыңыз. Ойым бұзылып кетеді деп күмәнданбаңыз. Керісінше, деңгей қиындаған сайын миға көбірек тыным беру қажет. Осы арқылы жақсы көрсеткішке жете аласыз.

Ақылды болыңыз… 

Смартфоныңызды тығып қойыңыз
ҰБТ-ға не емтиханда шпаргалка мен смартфон қолдану дұрыс емес. Сіз ҰБТ кезінде қалай қиын болатынын не бақылаушының қатал болатынын алдын ала біле алмайсыз. Шпаргалкаға сеніп, оны қолдана алмай қалсаңыз, өкінетініңіз анық.

Ерте ұйықтаңыз

ҰБТ-ның алдында ертерек ұйықтауға тырысыңыз. Өйткені алдыңызда қиын күн күтіп тұр. Таңның атысымен жолға шығып, ҰБТ-ның алдында кезекте тұратын уақытыңызды ескеріңіз. Сізге көп күш-қуат жинау қажет.

Артық ойға ерік бермеңіз

Емтиханның алдында бәріміз де қобалжимыз, уайымдаймыз. Бірақ өзіңізді қолыңызға ұстап, жаман ойға ерік бермеуге тырысыңыз. Тек жақсы нәрсе туралы ойланыңыз.

Өзіңе сен…

Осы күнге дейін дайындығың, күн-түн демей тест жаттауды есіңе түсір және ертеңгі ҰБТ-да қалаған баллды алатыныңа сен! Дайындығыңа сен! Өзіңе сен!

Басқа материалдар:

  1. Сарымсақ — ең жақсы антибиотик
  2. Годжи жидегі туралы білесіз бе?
  3. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  4.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  5. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  6. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  7. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  8. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  9. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  10. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  11. «Денсаулық басты байлық»
  12. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  13. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  14. Тарының ағзаға пайдасы көп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ