Франшиза деген не?

0
3337
Иллюстрация: Freepik.com

Жаңа терминдердің бірі болғанымен, ел арасында етек жайып келе жатқан бизнес түрі. Нақтылап түсіндіретін болсақ. Нарық заманында тауар өндіруші ірі компаниялар өздерінің тауарларын сатудың жаңа әдісін пайдаланады.

Олар өздеріндегі дайын бизнес тұжырымдаманы сату арқылы, сатып алушыға сол аймақта фирманың тұжырымдамасын қолдана отырып, бизнесті іске асыруына мүмкіндік береді. Бұл жүйе франчайзинг деп аталады. «Франчайзинг» термині француз тілінен аударғанда «franchise» — жеңілдік, артықшылық деген мағынаны білдіреді. Сонымен, франчайзинг дегеніміз — айрықша құқық кешенінің құқық иеленушісі.

Франчайзинг – бұл бренд пен бизнес-жүйесін сатудағы табыс табу әдісі. Бұл жердегі «франчайзер» – франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын иесі, ал «франчайзи» – франчайзиат, франшиза алушы, лицензиат, фирманың тұжырымдамасын сатып
алушы.

Барлық франчайзингтік мәмілелер обьектілері бойынша үш негізгі түрге бөлінеді:
1. Тауарлық франчайзинг;
2. Өндірістік франчайзинг;
3. Іскерлік франчайзинг.

Енді, франшизаның артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталайық.

Франшиза ұсынудың кемшіліктері:

• Франчайзер барлық пайданы өзіне иемдене алмайды;
• Франчайзиді үнемі бақылап отыру қиынға соғады. Франчайзердің тауар белгісімен тұтынушыға ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің сапасы сәйкес болмаса, франчайзердің тауар белгісіне нұсқан келеді;
• Егер франчайзи істі адал жүргізбесе, франчайзер ұсынып отырған тауардың ноу-хауы, яғни жаңашылдығын кетіріп алады;
• Франшиза алудың артықшылықтары:
• Дайын франчайзингтік пакет. Бұл франчайзинг шарты, сауда белгісінің сипаты, франчайзингке арналған қағидалар, франчайзиді қолдану тәсілдері және т.б.
• Франчайздер жергілікті нарықты біледі және жергілікті әкімшіліктің қолдауына ие бола алады;
• Франчайздер жеке бизнесті дамытады, сондықтан жалдамалы басқарушыларға
қарағанда табанды жұмыс істейді;
• Бизнесті жүргізудің сәтті технологиясы.

Өзге бизнес-модельдер сияқты франчайзинг те кемшіліктер мен артықшылықтарға ие. Жаңа бизнесіңізді бастамас бұрын оның барлық «кемшіл» және «артық» тұстарын бағалаған жөн. Сондықтан, «жеті рет өлшеп, бір рет кес» демекші, әрбір іске
кіріспес бұрын мұқият зерделеңіз.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?
  13. Таргетингтік жарнама. Тауарды сату
  14. Пиццерия ашудағы алғашқы қадамдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ