Халық ауыз әдебиеті туралы пайдалы мәлімет

0
3622

Қазақтың ауыз әдебиеті материалдың молдығы, мазмұндылығы және түр көркемдігі жағынан қай халықтың ауыз әдебиетінен де кем түспейді.

(Қ. Жұмалиев)

Халқымыздың игі салт-дәстүрлері — біздің ең асыл мұрамыз. (Б. Момышұлы)

Ауыз әдебиеті (фольклор) — халқымыздың ауызша шығарып, ауызша тарап отырған асыл мұрасы. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылықтары, ерекшеліктері:

1. Белгілі бір авторы жоқ. Ауызша тарағандықтан заман өте келе алғашқы
шығарушыларының есімі ұмытылып, жалпы халықтық шығармаға айналып
кеткен;

2. Бір шығарманың бірнеше нұсқасы болады. (Мысалы, «Қозы Көрпеш-Баян
сұлу» жырының 15 нұсқасы бар делінеді);

3. Синтаксистік қайталаулар, тұрақты ұйқастар, сөздер мен сөйлемдердің,
кейіпкерлер мен оқиғалардың қайталануы жиі кездеседі.

— тұрмыс-салт жырлары;
— батырлар (эпостық) жыры;
-лиро-эпостық (ғашықтық)
жырлар;
— мақал-мәтелдер;
— жұмбақтар, жаңылтпаштар;

Ауыз әдебиетінің түрлері:
— айтыс;
— ертегілер;
— аңыз әңгімелер;
— шешендік сөздер;
-тарихи жырлар, т. б

 Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеген батыр-жазушы: (Мәлік Габдуллин)

 Қазақ фольклоры саласында еңбектер жазған: (С. Сейфуллин)

 Ауыз әдебиетін 5 топқа бөліп жіктеген ғалым: (А. Байтұрсынұлы)

Халык ауыз әдебиетінен байқалатын негізгі сарын: ( Қиыншылықты жеңіп, жақсы өмір сүруге үндейді)

 Тұрмыс-салт жырлары

Тұрмыс-салт жырлары мазмұны жағынан 5 түрге бөлінеді:

1) Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылыққа байланысты туған шығармалар
және Наурыз жырлары,

2) Баланың дүниеге келуіне, есейіп ер жетуіне байланысты туған шығармалар (шілдехана өлеңдері, бесік жыры, тұсау кесу жыры, атқа мінгізу тойы),

3) Үйлену салтына байланысты өлең-жырлар (тойбастар, жар-жар, беташар, сыңсу);

4) Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырлар (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау)

5) Бата-тілектер.

Қойдың пірі — Шопан ата, төлі — қозы, шақыруы — «пүшайт-пүшайт».

Ешкінің пірі — Шекшек ата, төлі — лақ, шақыруы — «шөре-шөре».

Жылқының пірі — Қамбар ата, төлі — құлын, шақыруы — «құрау-құрау».

Сиырдың пірі — Зеңгі баба, төлі — бұзау, шақыруы — «ауқау-ауқау».

Түйенің пірі — Ойсылқара, төлі — бота, шақыруы «көс-көс».

Басқа материалдар:

  1. Тұрмыс-салт жырлары және оның мән-мағынасы
  2. Тұрмыс-салт жыры бойынша ҰБТ-да кездесетін 66 сұрақ
  3. Батырлық пен қорқақтық туралы мақал-мәтелдер
  4. Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (Бастауыш сынып арасындағы сайыс)
  5. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың бас кезіндегі халық ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері (сабақ жоспары)
  6. «Зар заман» әдебиет ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары (сабақ жоспары)
  7. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (сабақ жоспары)
  8. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  9. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ