ХІХ ғасырдағы халық ауыз әдебиетінің дамуы және хатқа түсірілуі (сабақ жоспары)

0
1978

Сабақтың мақсаты.
– халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;

Зерттеу сұрағы
Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?

Оқулық
ХІХ ғасырдағы халық ауыз әдебиетінің дамуы және хатқа түсірілуі. 170–171 беттер.

Тірек сөздер: Қазақ әдебиеті, дәстүрлі поэзия, рухани мұра, фольклор, эпос.

Ресурстар
1. Қазақтың халық творчествосы. – Алматы: Ғылым, 1989. – 416 б.
2. Бабалар сөзі. 100 томдық. Астана, Фолиант, 2011–2014.
3. Он ғасыр жырлайды. Алматы, 2006. 408 б.
4. Бес ғасыр жырлайды. 1-2 томдар. Алматы: Жазушы,1989.
5. Зар заман. Алматы: Жалын, 1993.
6. Махамбет. Алматы: Арыс баспасы, 2001.
7. Сүйінішәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Хрестоматия. Алматы: Ана тілі,
1992.
8. Қирабаев С., Мырзалиев Қ. Қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп, 2002.
9. Сүйінбай Аронұлы Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1990.

Көрнекілік
Фотослайд. ХІХ ғасыр ақын, жырауларының суреттері, ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар, ұлт азаттық көтерістер картасы.

Мақсатты айқындау
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті ұлт мақтанышына айналған дарынды тұлғалардың дара туындыларының сан қырлылығымен және көптігімен ерекшеленетінін, жеке поэтикалық шығармашылық туындылардың иелері халық ауыз әдебиеті дәстүрлерін жаңа туындылармен байытқанын, дәстүрлі поэзия ырғақтары ХІХ ғасырда дендеп енген отаршылық бұғауына қарсы күрес құралына айналғанын, ақындармен қатар, айтыс өнерінің шеберлері, әнші-сазгерлер, қисса орындаушы жыраулар дәстүрлерін жалғастырып, олардың барлығының туындысы халық өмірімен, халықтың күнделікті тұрмыс тіршілігімен байланысты өрбігенін баяндау.

Дамытушылық маңызы. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілдері мен олардың шығармаларының желісін жеткізу, ХІХ ғасыр ақындарының шығармаларынан үзінділер оқу, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің хатқа түсуі, басылым болып шығуын жеткізу оқушылардың шығармашылық қабілетін одан әрі шыңдай түседі. ХІХ ғасыр ақындарының өлеңдерін жаттату арқылы оқушылардың ой-санасын, логикалық ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік маңызы. ХІХ ғасыр ақындарының шығармаларында отаршылдыққа күрес, сол кездегі тұрмыс-тіршіліктің тауқыметінің көрініс табуы оқушыларды,ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, алғырлыққа, шапшаңдыққа, ойшылдыққа тәрбиелейді.

Сабақ түрі мен әдісі
Тарихи, әдеби дискурс, дөңгелек үстел. Интербелсенділік, сауалнамалық, логикалық.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты өту барысында басты назарда ұсталатын мәселелер:

ХІХ ғасырдағы халық ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері.  Мұғалім сабаққа Қазақ әдебиеті пәні мұғалімін қатыстыра “бірлескен пәнаралық байланыс” тұрғысындағы “бірлескен сабақ” етіп өткізуіне болады.

Сабақтың танымдылық мақсатына орай, “ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастыру керек. Алдындағы сабақтардан өзгеше болу үшін кітап көрмесін сыныпта емес, мектеп кітапханасында немесе кітапхана алдында ұйымдастыруға болады. Көрме аясында “оқырмандар конференциясы” өтсе, онда оқушылар ХІХ ғасыр әдебиеті өкілдері шығармаларынталдаса, сабақ жан-жақты қамтылады.

Бағалау мүмкіндігі
Оқушы білімін бағалауға ұсынылатын сұрақтар:
1. ХІХ ғасырдың айтыскер ақындары кімдер?
2. ХІХ ғасырда қазақ әдебиетінің дамуына маңызды үлес қосқан ақын,
әнші сазгерлер кімдер?
3. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің идеялық бағыты қандай болды?
4. Махамбет Өтемісұлы шығармаларының ерекшелігі неде?

Қосымша тапсырма
ХІХ ғасыр ақындарының бірінің шығармасы бойынша эссе жазыңдар.

Білімін шыңдауға берілген тесттен 4 дұрыс жауабын тап!
1. Суырыпсалма сөздің шебері болған айтыскерлерді табыңыз:

А) М.Қашқари; Е) Біржан;
В) Сүйінбай; F) Шернияз;
С) Мақдиси; G) Құрманғазы;
Д) Шөже; H) Дина.

Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
2. Қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан ақын, сазгерлерді көрсетіңіз:

А) Біржан сал; Е) Г.Рубрук;
В) Марко Поло; F) Жаяу Мұса;
С) Сегіз сері; G) әл Идриси;
Д) Дженкинсон; H) Балуан Шолақ;

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. «Зар заман» әдебиет ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары (сабақ жоспары)
  2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (сабақ жоспары)
  3. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  4. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  5. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  6. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  7. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  8. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  9. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  10. Қазақ халқының ұлттық ойындары (сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ