ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-саяси жағдай (сабақ жоспары)

0
863

Сабақтың мақсаты:
— капиталистік қатынастар дамуының Қазақстанның экономикасына ықпалын анықтау

Зерттеу сұрағы
Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы қалай басталды?

Оқулық
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуы. Капиталистік қатынастардың ене бастауы. 144–148 беттер.

Ресурстар
Халық тарих толқынында. Ғылыми серия:мақалалар жинағы.Т.І-2.Астана,2013.
Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі
тарихы. 1943 жылғы басылым).Алматы, 2012.

История Казахстана. Энциклопедический справочник. Алматы, 2010.
Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы»(М.Жолдасбекұлы,Қ.
Салғараұлы, А.Сейдімбек). Астана,2001.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап.Алматы,2016

Тірек сөздер: Ресей сауда капиталы, урбанизация, қалалық мекендер.

Көрнекілік
Қазақстандағы жаңа капиталистік қатынастарды көрсететін, қалалардың сол замандағы кейпін бейнелейтін құжаттық суреттер. Оқулықтың 159-бетіндегі тұз өндіруге қатысты, 160-бетіндегі Қостанайдағы диірмен туралы суреттер.

Мақсатты айқындау
Қазақстанда қоныс аударушылардың көбеюіне байланысты жаңа нарықтық
қатынастардың пайда болғанын, осыған байланысты Қазақстанда урбанизация үдерісінің өрістеп қалалардың өркендегенін, олардың отырықшылармен көшпелілер арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру орталықтарына айналғандарынтүсіндіру.

Дамытушылық маңызы. Ресейдің сауда капиталының отаршылдық бағыты дамытқан жаңа нарықтық қатынастардың кейінгі Қазақстан экономикасына әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан үлкен ықпал жасағанын және мұның өзі ең алдымен қалалардың өркендеуіне ықпал жасағанын түсіндіру.

Тәрбиелік мақсаты. 19 ғасырдағы отаршыл нарықтық экономиканы және жәрмеңкелер жұмысын сипаттау арқылы бүгінгі тәуелсіз Қазақстандағы  нарықтық қатынастардың өркендеуіне бастау болған себептердің тамыры тереңде жатқанын оқушыларға түсіндіре отырып, олардың бүігінгі Қазақстан экономикасының даму механизміне деген құрмет сезімін туғызу.

Сабақтың деректік материалдары
Мұғалім сабақ жоспары негізінде оқушыларды екі топқа бөліп, жұмыс жасауға жұмылдырады. Алғашқы топ қазақ ауылындағы сауда-саттықтың өркендеуі себептерін көрсетіп, сипаттамалар жазады. Екінші топ қазақорыс сауда байланыстарының қалалардың өркендеуіне қалай әсер еткендігін айқындайтын тезистер жасайды.

Сабақ түрі мен әдісі
Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Сабақты өту барысында келесідей басты назарда ұсталатын мәселелер:

1. Жаңа нарықтық қатынастардың сауда-саттықта көрініс беруі

2. Ресей сауда капиталының шалғай қазақ ауылдарына ықпалы

3. Фабрикада жасалған тауарлардың арта түсуі.

4. Қазақстан қалаларының өркендей бастауы.

Бағалау мүмкіндігі

Мұғалімнің жоспарында көрсетілген маңызды мәселелер төңірегінде оқушыларға қысқаша қорытындылар жасалынады.

Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы орытындылау.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  3. Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)
  4. Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)
  5. Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ