Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі

Freepik.com

Адам көбіне ағзада болып жатқан өзгерістерді елей бермейді. Тіпті байқамауы да мүмкін. Сол сияқты витамин тапшылығын да дер кезінде білмей, сезбей қалуы жиі кездесетін жағдай. Ал витамин тапшылығын қалай анықтауға болады? Төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз.

1. Аяқ-қолыңыз жиі ұйып қала ма? Әлде аяғыңыз тез талып, әсіресе баспалдақпен көтерілгенде балтыр тұсында шаршау, әлсіздік сезіле ме? Жүрек қағысының жиілеуі, есте сақтау қабілеті бұзылып, адамдардың түрін танып тұрғанмен атын еске түсіре алмау, қолдағы затыңызды қайда қойғаныңызды ұмыту жиіледі ме?

Бұл тиамин мен В1 витамині жетіспегенде болатын белгілер. Әйткенмен «жарасы жеңіл»: жүгері, қара нан, фасоль, шпинат, сыра ашытқысы мен сәбізді жиі тұтыну, күнделікті ас мәзіріне енгізу арқылы жағдайды қалыпқа келтіре аласыз.

2. Соңғы кездері жиі суықтап қала бересіз бе? Аз қозғалыстың өзіне бойды әлсіздік билеп, бас себепсіз ауыра ма? Бұл сізде пантотен қышқылы мен В3 витамині тапшы екенін білдіретін белгі .  Жасыл бұршақ, сиыр (әсіресе бұзау) бауыры, қызыл фасольды жиі тұтыну арқылы аздың орнын толтырып, жоғарыдағы жайсыздықтан құтылуға болады.

3. Қанша күтім жасасаңыз да қол мен бет терісі құрғап, жарылып кете бере ме? Шашыңыз көп түсіп жүр ме? Күтпеген жерден басыңыз айналып, тез қойып қала ма? Бұл ағзаға пиридоксин мен В6 витамині қажет деген сөз. Оның орнын бұршақ (горох), өңделмеген күріш толтырады, жиі тұтынуға тырысыңыз.

4. Түнде дұрыс тынығып, жайлы ұйықтасаңыз да таңертең аяқтарыңыз, әсіресе балтыр қатты талып, шаршап тұра ма? Бет пен қол терісі қабыршақтанып, қайызғақтанып кете ме? Бұл рибофлавоноид пен рутин жетіспейтінін білдіреді. Керегіңізді қызылша, брусника, анар, қара өрік, итмұрын жемісі мен сәбізден табасыз.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.

Тәнді тұздан тазалаудың 4 тәсілі

Иллюстрация: Freepik.com

Бал мен мейіз

1 кило сүйексіз мейіз бен биылғы балғын балды 20 күн бойы үздіксіз, бірақ кезегімен жеп тұру керек. Алайда бұл тәсілді жылына бір мәртеден артық қолдануға болмайды. (Қант диабетімен ауыратындарға да бұл жақпайды). Бұл тәсіл ағзадағы су – тұз тепе-теңдігін қалпына келтіреді, буындарда тұз жиналуының алдын алады.

Лавр жапырағы

Ыдысқа салынған 4-5 орташа жапырақтың үстіне 1,5 стакан қайнаған су құяды да, 3 минут қайнатып, сосын термосқа құйып қояды. Таңертең сүзіп алады. Күніне 3-4 мәрте, тамақ ішер алдында 2 шай қасықтан ішіп тұру керек.

Емделу курсы – 3 күн. Ол ағзадан артық тұзды қуады. Оны кіші дәретке шығуды ңжиілеуі мен зәрдің түсі қызғылт тартуынан аңғаруға болады. Жайсыз жағдай тудырмаса, емді бір апта үзілістен кейін қайталайды. Одан кейін жарты жылдан ерте емес кезеңде қайталауға болады.

Емді қолданған кезеңде майлы, ащы, қуырылған тағамды азайту, алкогольден бас тарту керек. Көкөніс, сүт өнімдерін тұтынған пайдалы.
Есте сақтар жайт, мұндай тұнбаны жүкті, бала емізетін әйелдер, қант диабетімен ауыратындар, асқазан және ішек жарасы бар, іші жиі қататын адамдар қабылдауына болмайды.

Итбүлдірген

Бұл өсімдіктің жемістері қабынуға қарсы, зәр айдайтын қасиеттерге ие. Сондықтан ол ағзадағы тұзды қууға да қолданылады. Одан шай демдеп ішу керек.
Ыдысқа 10 грамын салып, үстінен 100 миллилитр қайнаған су құяды. 2 сағат тұндыру қажет. Сосын одан күн сайын таңғы ас алдында және ұйқыға жатарда 2-3 ас қасықтан ішіп тұру керек. Ем кірсы – 2 ай.

Оның піскен жемістерін 1 литрлік шыны немесе фарфор ыдысқа үштен бір деңгейіндей етіп салады да, үстінен қайнатылған салқын су құяды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бір апта тұндырып алып, қажет кезінде, ешқандай шектеусіз ішіп тұруға болады. Тек асқазан қышқылы көп адамдар абайлауы керек, жайсыздықтар туындатуы мүмкін. Өйткені онда органикалық қышқылдар көп.

Күріш

Түнге қарай 1 литр суға 3 ас қасық күріш салып қою керек.Таңертең сүзіп алып, үстіне таза су құйып, 5 минут қайнатады. Осылай тағы екі мәрте қайнатып алу керек. 4 мәрте қайнаудан өткен осы күрішті таңертең жыл күйінде жеп алу керек.

Сосын 3 сағат бойы ештеңе ішпеген дұрыс. 10 күннің ішінде жағдай жақсарады.
Міне, ағзаны тұздан тазартудың осындай тәсілдері бар. Оларды медициналық еммен қабат жүргізуге де болады. Дегенмен дәрігер кеңесін алып, оның қадағалауында болу жағын ұмытпаған абзал.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.

Басқа материалдар:

Кивидің 25 пайдасы

Иллюстрация: Freepik.com

Киви секілді экзотикалық жемістер соңғы 10 жылда дүкен сөрелерінде көптеп көрінуде.

Бірте-бірте олар киви өспейтін біздің елде де күнделікті мәзіріне енді: кейбір ас түрлері мен жеңіл салаттарға, тіпті кәуапқа да киви қосылатын болып жүр.

Жалпы, киви адам ағзасына қаншалықты пайдалы?

Негізі кивидің отаны – Қытай. Бұл жемістің адам ағзасына пайдасы көп. Диетологтар кивиді витаминдер мен минералдарға бай керемет жеміс деп атайды деп жазады.

Шынында, кивидің құрамында С витамині апельсинге қарағанда бірнеше есе көп. Сонымен қатар, киви құрамында К мен Е витамині, фолий қышқылы, калий, литеин, целлюлоза, магний және фосфор секілді ағза үшін аса керекті қоректік заттар бар.
Киви сонымен қатар прибиотик.

Яғни оның құрамындағы заттар ішектегі пайдалы бактерияларды тамақтандыруға көмектеседі. Олардың көбеюі мен дамуын жеңілдетеді. Бұл ас қорыту жүйесін сау ұстаудың өте тиімді жолы.

Жұдырықтай ғана жасыл жеміс денсаулықтың басқа да проблемаларының пайда болуына жол бермейді. Мысалы, ағзаның тыныс алу жүйелесінің ауруларымен күресін күшейтеді. Қан тамырлары мен жүрек бұлшық еттерін нығайтуда және атеросклероздан сақтануда көмегі бар.

Қаны қою, жоғары қан қысымына бейім адамдар күніне 1 дана киви жеп жүрсе, аурумен күрескен болып саналады екен. Қызық ә?

Ал мұның себебі мынада – киви қан ұйығыштығын азайтады, онда көптеген қан сұйылтатын дәрілерде болатын, ағзаға жанама әсері жоқ өаттар бар. Сондай-ақ жеміс қандағы триглицерид деңгейін 15%-ға дейін төмендетуге көмектеседі.

Кивидің басқа да артықшылықтарына келетін болсақ, ол іш қатудың алдын алады, ас қорыту жүйесін жақсартады. Бұдан бөлек, суық тиюге қарсы тамаша профилактика болып табылады.

Бұл оның құрамындағы В12, С және К витаминдерінің, мырыш, иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін басқа да қоректік заттардың көп болуымен байланысты.

Ал сіз кивиді жиі тұтынасыз ба?

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.

Өз брендіңіздің танымалдылығын арттыру үшін жасау керек дүние

1. Не істеп жатқаныңыз туралы нақты және сенімді сөйлеңіз.

Басқа стратегиялар бұнсыз жұмыс істемейді. Ең бастысы -клиенттің тілінде сөйлеңіз.

2. Ықтимал клиенттермен танысыңыз.

Оларға қызығушылық танытыңыз, іс-шараларға қатысыңыз. Өзіңіз туралы және сіздің қызметтеріңіз туралы олардың тілінде сөйлеңіз. Визитка туралы ұмытпаңыз.

3. Көпшілік алдында сөйлеңіз

Сізге 15-20 мың теңге төленбейтіндіктен сөйлеу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз, өйткені сізге келген бір клиент сізге көп пайда әкеледі.

4. Тегін семинарлар мен тренингтар ұйымдастырыңыз

Ықтимал клиенттеріңізбен сөйлесудің тағы бір тәсілі — олар үшін делдалдарды айналып өтіп, ақысыз немесе арзан бағамен іс-шара ұйымдастыру.

5. Вебинарлар өткізіңіз немесе интернет-форумдарға қатысыңыз

Егер сіз жалдау ақысын төлеуді немесе іс-шараны ұйымдастырушылармен серіктестік орнатқыңыз келмесе, сіз вебинарлар өткізе аласыз. Онлайн-форумдарға қатысу стратегиясы «Ықтимал тұтынушылармен кездесу» стратегиясына ұқсас, тек ол Интернетте жүзеге асырылады.

Басқа материалдар:

Жағымсыз эмоциялар денсаулыққа қалай әсер етеді?

1. Ашулану: жүрек және бауыр

Ашулану – күдер үзу, ауырсыну, ашулануға және қауіпке жауап ретінде пайда болатын күшті эмоция. Егер сіз бірден әрекет етіп, оны дұрыс білдірсеңіз, ашулану денсаулыққа пайдалы болуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда ашулану біздің денсаулығымызды бұзады. Атап айтқанда, ашулану адамның логикалық қабілетіне әсер етеді және жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығу қаупін арттырады.

Ашулану қан тамырларының тарылуына, жүрек соғысының жиілігінің жоғарылауына, қан қысымына және жиі тыныстауға әкеп соқтырады. Ал көп ашуланғаннан артерия қабырғалары тозып, жыртылады. 2015 жылғы зерттеу көрсеткендей, инфаркт қаупі қатты ашуланғаннан кейінгі екі сағат ішінде 8,5 есеге артады екен. Ашулану сонымен қатар цитокиндердің (қабынуды тудыратын молекулалар) деңгейін жоғарылатады, бұл артрит, қант диабеті және қатерлі ісік қаупін арттырады.

2. Мазасыздық: асқазан және көкбауыр

Созылмалы мазасыздық денсаулыққа қатысты бірқатар проблемаларға әкеледі. Көкбауырға кері әсер етіп, асқазанды әлсіретеді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Мазасыздық жүрек айну, диарея, асқазан ауруларына ұшыратады. Сондай-ақ, қатты мазасыздық біздің жеке өміріміз бен қоғаммен қарым-қатынасымызға зиянын тигізеді, ұйқыны бұзады және денсаулыққа салғырт қарауымызға әсер етеді.

3. Қайғы, мұң: өкпе

Қайғы, мұң сияқты эмоциялар өкпені әлсіретеді, тез шаршатып, тыныс алуды қиындатады. Бұл тыныс алудың табиғи ағынын бұзады, өкпе мен бронхты тарылтады. Егер көңіл күйіңіз болмай, мұңға батып жүрсеңіз ауаның өкпеге келуі және шығарылуы қиындайды, ол астма мен бронх ауруларына әкелуі мүмкін.

Депрессия мен меланхолия теріні бұзады, қандағы оттегі мөлшері төмендеп, іш қатуы мәселелерімен бетпе-бет келесіз. Күйзелісте жүрген немесе соған бейім адамдар оп-оңай артық салмақ жинайды немесе жоғалтады. Әрі олар есірткі және басқа да зиянды заттарға әуестеніп кетуі, тәуелденуі де оңай. Егер сіз қайғырып жүрген болсаңыз, көз жасыңызды еріксіз тоқтатудың қажеті жоқ, өйткені осылай ғана Сіз бұл эмоцияларды сыртқа шығара аласыз.

4. Стресс: жүрек және ми

Стресс әр адамның бастан кешіретін халі және оған әркім әр түрлі жауап қатады. Аздаған стресс денсаулыққа пайдалы, күнделікті тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Алайда, егер стресс тым көп болса, бұл жоғары қан қысымына, астмаға, асқазан жарасына және тітіркенген ішек синдромына әкелуі мүмкін. Өздеріңіз білетіндей, стресс жүрек ауруларының пайда болуының негізгі себептерінің бір.

Ол қан қысымын және холестерин деңгейін жоғарылатады, сонымен қатар темекі шегу, физикалық белсенділіктің болмауы және артық тамақтану сияқты жаман әдеттерге есік ашады. Ал аталған факторлар қан тамырларының қабырғаларына зақым келтіріп, жүрек ауруларына әкеледі.

5. Жалғыздық: жүрек

Адам жалғыз қалғанда ми күйзеліс тудыратын кортизол сияқты стресс гормондарын шығарады. Бұл өз кезегінде қан қысымына және ұйқының сапасына әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, жалғыздық психикалық аурудың пайда болу ықтималдығын, сонымен қатар жүректің коронарлық ауруы мен инсульт қаупін арттырады. Жалғыздық иммундық жүйеге де теріс әсер етеді. Жалғыз адамдарда стреске жауап ретінде қабыну жиі кездеседі, бұл иммундық жүйені әлсіретеді.

6. Қорқыныш: бүйрекүсті безі мен бүйрек

Қорқыныш біздің бүйректерімізді, бүйрекүсті бездерімізді және репродуктивті жүйемізді қажытатын мазасыздыққа әкеледі. Бәрінен бұрын қорқыныш бүйректе жиі зәр шығару түрінде көрініс береді, басқа да бүйрек проблемаларын «оятады». Сондай-ақ, қорқыныш бүйрек үсті бездерінің денеге зиянды әсер ететін стресс гормондарын көбірек бөлуіне әсер етеді.

7. Шок: бүйрек және жүрек

Кенеттен болған қатты соққы біздің денсаулығымызға, әсіресе бүйрек пен жүрекке зиянын тигізуі мүмкін. Травматикалық реакция бүйрекке түсетін адреналиннің көп мөлшерін өндіруге әкеледі. Бұл жүрек соғысының жиілеуіне, ұйқысыздыққа, стресс пен мазасыздыққа әкеледі деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Шок тіпті эмоцияларға жауап беретін ми бөлімінің құрылымын да өзгерте алады.

Эмоционалдық соққының физикалық салдарына энергияның құлдырауы, терінің бозаруы, тыныс алудың қиындауы, жүректің жиі қағуы, ұйқы және ас қорытудың бұзылуы, жыныстық дисфункция және басқа да созылмалы аурулар жатады.

8. Жек көру: бауыр мен жүрек

Бұл эмоция жоғары қан қысымының пайда болу қаупін арттырады. Сондай-ақ, ашуланшақ адамдар мінезі салмақты жандарға қарағанда ағзадағы барлық жасушаларының тезірек қартаюына бейімдірек келеді. Жек көру, жақтырмау сезімдері бауырға да зиян. Бір сөзбен айтқанда, сіз бауыр мен өт қабына зиян келтіретін токсиндері бар лас ауамен тыныстағандай боласыз.

9. Қызғаныш пен көре алмау: ми, өт қабы және бауыр

Өздеріңіз білетіндей, қызғаныш ойлауды баяулатады және нақтылықтан, салқынқандылықтан айырады. Сонымен қатар, қызғаныш стресс, мазасыздық және күйзеліс белгілерін тудырады, бұл қандағы адреналин мен норепинефриннің шамадан тыс өндірілуіне әкеледі. Қызғаныш өт қабына теріс әсер етеді және бауырдағы қанның тоқырауына әкеледі. Осылайша иммундық жүйе әлсіреп, ұйқысыздық, қан қысымының жоғарылауы, холестериннің жоғарылауы және ас қорытудың нашарлауы сияқты мәселелерге тап боласыз.

10. Дабыл (тревога) асқазан, көкбауыр, ұйқы безі

Мазасыздық – өміріміздің қалыпты бөлігі. Мазасыздық тыныс алу мен жүрек соғуын күшейтіп, мидағы концентрация мен қан ағымын арттырады, яғни денсаулыққа пайдалы. Алайда, беймазалық өміріңіздің ажырамас бөлігіне айналған кезде, бұл физикалық және психикалық денсаулыққа зиянды әсер етеді.

Асқазан-ішек аурулары да көбінесе осы беймазалықпен тығыз байланысты. Асқазанға, көкбауырға және ұйқы безіне кері әсер етеді, ас қорыту, іш қату, ойық жара сияқты келеңсіздіктерге әкеледі, созылмалы аурулардың даму қаупі бірнеше есеге артып кетеді.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.

15 түрлі ауруға ем болатын сусын

Иллюстрация: Freepik.com

 Бұл сусынды өзіңіз-ақ, үйде жасай аласыз. Көп уақытты алмайды. Қымбат та емес. Ал пайдасы шаш-етектен. Айтып отырғаным кәдімгі лимон қосылған су.

Қышқылды қабылдауыңызға қарай күнде таңертең кәдімгі лимонның жартысын 1 стакан таза суға сығып алыңыз да, оны ашқарынға асықпай ұрттап ішіңіз.

1. Бүйректегі тұз, құм мен тастың майдасын дәрісіз-ақ түсіреді. Өйткені лимон калийге бай, зәр қышқылындағы цитраттың мөлшерін көбейту арқылы бүйректегі зиянды заттарды ерітіп, сыртқа айдайды.

2. Бұлшық еттердің ауырсынуын басады. Ауыр зат көтергеннен, жаттығулардан кейінгі бұлшық етің ауырсынуын басады.

3. Тәбетті басып, семіруден сақтайды. Қандағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді, ас қорытуын жақсартады, сол арқылы семіздіктің алдын алады, құрамындағы пектин тәбетті басып, мөлшерден артық ас жеуге кедергі келтіреді.

4. Тұмау. С витаминінің мол болуына байланысты вирустар мен бактерияларға қарсы күресті күшейтіп, тұмаудан тез айығуға жол ашады.

5. Буындардың ісуі мен ауыруын басады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Буынға жиналатын қышқылды қуатын қасиетіне сай буын ауруларының да алдын алады. Әсіресе артрит кезінде пайдалы.

6. Иммунитетті көтереді. Лимфа жүйесінің жұмысын жақсартып, ағзадағы артық қалдықтарды қуа отырып, имммунитеттің көтерілуіне себепші болады.

7. Суықтаудың алдын алады. Суықтауға себеп болатын тіндердегі қышқылдың артуын қалпына келтіре отырып, бұл аурудан да тез жазылуға жәрдем береді.

8. Өт қабындағы тасты ерітеді. Құрамындағы қышқыл арқылы өтте жиналған тастың еруіне сеп бола алады, өттегі аурысынуды бәсеңдетеді.

9. Тәуелділіктен арылтады. Үнемі тұтыну кейбір зиянды (семіздікке себеп болатын, мықынға май жинайтын, т.б.) ас түріне деген тәуелділіктен арылтады. Тәттіге деген құмарлықты да басады.

10. Астан улануды болдырмайды. Үзіліссіз тұтыну астан уланудың алдын алады екен.

11. Іш түйілуін болдырмайды. Әдетте ішектің суықтауы мен іш түйілуі ағзада қышқыл-сілтілі тепе-теңдіктің бұзылуынан болады. Ал лимон қосылған су бұл тепе-теңдікті қалыпта ұстау арқылы іш пен ішекті аурудан сақтайды.

12. Бас сақинасы. Тамырларды, қан құрамын тазарту арқылы қан айналымын жақсартып, бас ауруларының себептерін жояды.

13. Беттегі дақ. Үнемі ішіп жүрген жағдайда ағзаны біртіндеп тазалайды, құрамындағы пайдалы заттары арқылы витамин жеткіліксіздігін жойып, беттегі дақтарды кетіреді.

14. Алкогольге тәуелділіктен құтқарады. Ұзақ уақыт бойы үздіксіз тұтыну алкогольге тәуелділіктен құтқарады екен.

15. Тырнақ пен тіс, шашты берік етеді.
Бәріңізге белгілі, лимон В тобының және С витаминінің қайнар көзі. Антиоксиданттар, ақуыз, калий, флавоноидтер мен көмірсуға бай. Құрамынан магний, кальций де табылады. Яғни осының бәрі ағзаға күнделікті қажетті мөлшерде сіңу арқылы жоғарыдағы ауруларды жеңуге көмектеседі екен.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.

Бүйректе тас пайда болуының 7 себебі

Иллюстрация: Freepik.com

Әлемнің әрбір 10-шы тұрғынының несеп шығару жолдарында тас пайда болады екен. Олардың басым бөлігі 20-40 жас аралығындағы еңбекке жарамды қауым. Деректер осылай дейді.

Дегенмен, бұл ауру егде жастағы адамдарды да айналып өтпейді. Зерттеушілер жасы 70-ке жақындаған адамдардың 12%-ы осы дерттің зардабын тартатынын айтады. Бүйректе тас пайда болуының басты 7 себебі бар екен.

Сұйықтық жетіспеуі. Бүйректе тас түзілуіне зәрдегі кальций, оксалат несеп қышқылдарының көбеюі әсер етеді. Ағзадағы су жетіспеушілігі бұдан басқа да көптеген проблемаларға шалдықтырады.

Тамақтану тәртібінің дұрыс болмауы. Бүйректегі келеңсіздікке тұзды тағамдар және тәттіге тым әуестік те әсер етеді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сол сияқты қақталған ет, консервілер, шыжғырылған ас пен тұзды дәмдеуіштерді жиі пайдалану бүйректе тұз түзілуіне алып келеді. Ал құрамында кальцийі көп сүтті өнімдерді қанша көп ішсеңіз де, бүйрекке ешқандай зияны жоқ. Ірімшік, сыр, йогурт секілді тағамдарды қорықпай пайдалана берсеңіз болады.

Ішектің созылмалы ауруы. Мәселен, Крон ауруы, ойық жаралы колит, созылмалы диарея. Бұл аурулар ас қорыту жүйесін бұзатындықтан, кальций мен судың сіңуі нашарлап, зәрде кристалл тәрізді заттар көбейіп кетеді. Нәтижесінде тас пайда болуы мүмкін.

Семіздік. Яғни дене салмағының индексі 30-дан жоғарыны көрсететін адамдарда несеп-тас ауруының қауіпі екі есе артады.

Тұқымқуалаушылық. Бүйректің тас түзуге бейімділігі генетикалық фактордан да туындап жатады. Егер туған-туысыңыздың біреуінде осындай дерт кездескен болса, денсаулығыңызға аса сақтықпен қараңыз.

Дәрілік препараттарды жиі қабылдау. Кейбір антибиотиктер, адамның иммун тапшылығы вирусы (ВИЧ) мен жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы (СПИД) секілді аурулардан емделу үшін қабылданған кейбір дәрілер, несеп айдатқыш дәрілер, қан қысымы жоғары терапияда қолданатын дәрілер – бұлардың барлығы тас түзілуіне әсер етеді.

Бүйректегі тас төмендегі аурулардың жағымсыз әсерінен туындап жатады:

Белгілі бір гинетикалық аурулар, мысалы, медуллярлы ауру: бүйрек ұлпасын ісікке алып келетін туғаннан пайда болатын дефект.

Екінші түрдегі диабет. Бұл зәрді қышқылдандырады, ал ол өз кезегінде тастың түзілуіне ықпал етеді.

Тұз байлану ауруы. Бұл сырқатқа шалдыққан адамдардың қанында зәр қышқылы көбейеді.

Бүйректе тас пайда болуының алдын-алу үшін күніне 8-10 стакан су ішкен дұрыс. Оның бірін апельсин немесе лимон шырынына алмастыруға болады. Себебі олар тас түзілуін тежеулетеді.

Тұзды көбірек пайдаланудан сақтану керек. Бұдан бөлек, жоғарыда айтып өткеніміздегідей, қызыл ет, қақталған шұжық, консерві секілді тағамдарды азайтып, артық салмақтан арылған абзал.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.

Тарының ағзаға пайдасы көп

Иллюстрация: Freepik.com

Тарыны адам ағзасына қажетті витаминдердің қайнар көзі десе болады. Құрамында белоктар жеткілікті.

Соған орай аллергияны қоздыратын глютен жоқ. Әрі В тобына жататын витаминдерге және бауырдың дұрыс істеуіне аса қажетті холинге бай.

Тарының құрамында адам сүйектеріне, жүрекке, иммуитетті көтеруге керекті магний мен фосфор, калий, цинк сияқты металдар көп. Тарыда адам ағзасын қуат көзімен қамтамасыз етіп отыратын крахмал да жеткілікті.

Соған орай, кейбір жармалар (крупа) сияқты қандағы қанттың көбеюіне ықпал етпейді. Сондықтан тары қант диабетімен ауыратындар үшін күнделікті тұтынуларына аса қажетті. Оның үстіне, салмақтан арылуға әрекет етіп жүргендер үшін тиімді.

Тарыда көз жанарының бұзылуына әсер ететін зиянды заттардың әрекеттерін тоқтататын антиоксиданттар бар. Сонымен бірге өт қабы мен өт жолдарының жұмысына тигізер пайдасы зор.

Ақталған күріш пен бидайдың ақ ұнына қарағанда, тары калий мен лигнианға бай. Соңғысы жүрек-қан тамырларын және ағзаны артық майдан және улы зарттардан арылтуда таптырмайтын зат.

Тарыны көкөніспен, тауық етімен, балықпен қосып жеген дұрыс. Ас әзірлеуден бұрын тарыны жақсылап жуып, тез пісіп, бойындағы пайдалы заттарын жоғалтпау үшін суға шылап, бір сағат ұстау керек.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.

Басқа материалдар:

Ағзадағы йод тапшылығын қалай анықтауға болады?

Иллюстрация: Freepik.com

Зерттелген мәліметтерге қарағанда, Қазақстан тұрғындары күніне небәрі 80-90 микрограмм йод қолданады екен.

Йод адамның қалыпты өсуі мен дамуына керек микроэлемент. Күніне оны шамамен 150 микрограммын қабылдаған жөн. Егер осы қажеттіліктің орны толмаса, онда адам ағзасында түрлі аурулар пайда болуы мүмкін.

Мысалы, қаназдық, алқым (зоб) ауруы, иммунитеттің төмендеуі. Ал сіз адам ағзасындағы йод тапшылығын қалай анықтауға болатынын білесіз бе?

Адамға қажетті йод мөлшерін тамақ арқылы толтыруға болады дейді мамандар. Йод көкөністердің құрамында және теңіз өнімдерінде, балықта және алмада көп кездеседі. Сонымен қатар, етті сақтаған кезде оны қатты мұздатып алмау қажет, әйтпесе оның құрамындағы йод жойылып кетуі мүмкін.

Егер адам ағзасында йод тапшылығы болса, шаш түскіш, әлсіздік, ашушаңдық пайда болады. Йод тапшылығы қалқанша безінің ең жиі патологиясының қатарына жатады. Егер қалқанша безінің функциясы төмендейтін болса, тершеңдік, ісіну, жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің төмендеуі де осы ауруға тән белгілер.

Йод тапшылығы нәрестенің өсуіне, физикалық және интеллектуалды дамуына әсер етеді. Сонымен қатар, ағзаға йод мөлшері жетіспесе, гипотериоз, ЗОБ секілді ауруларға шалдығу әбден мүмкін.

Соңғы кездері йод тапшылығы балалар мен жас аналарда жиі байқалуда. Әсіресе, өндірістік зауыттар орналасқан аймақта тұратын адамдарда йод жетіспеушілігі жиі кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының деректері бойынша, дамыған елдер арасында йод тапшылығы мүлде кездеспейді екен.

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі йод тапшылығы ауруына шалдыққан адамдарға тегін дәрі-дәрмек таратуда. Ал республикалық тағамтану академиясы йодталған тұздарды шығаруды қолға алды.

Күн сайын 200-300 микрограмм йод қолдану аурудың алдын алады. Сондықтан теңіз өнімдерінен, қырыққабаттан, балықтан дайындалған тамақтарды жиі пайдаланған дұрыс.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.

Басқа материалдар:

В12 витамині жетіспеушілігінің негізгі белгілері

Freepik.com

1. Бас айналу.

Себепсіз бас айналуы ағзада В12 витамині жетіспейтінін білдіретін басты белгі. Зерттеулердің бірінде ғалымдар бас айналу терапевтке бас айналу шағымымен жүгінгендердің негізгі бөлігі әйелдер екенін анықталған.

2. Үнемі шаршау.

В12 витамині жасушаларға оттегінің жеткізілуіне жауап беретін эритроциттер түзілуіне ықпал етеді. Егер оттегі жеткіліксіз болса, адам қаншалықты жақсы ұйықтаса, себепсіз шаршай береді.

3. Бұлшықет әлсіздігі.

В12 витаминінің жетіспеушілігі жалпы шаршауды ғана емес, сонымен қатар бұлшықет әлсіздігін, летаргияны, жалқаулықты тудырады.

4. Көңіл-күйдің жиі өзгеруі.

В12 витаминінің жетіспеушілігі депрессиялық жағдайды ушықтыруы, мазасыздықты күшейтуі, болмашыға жылауды тудыруы мүмкін. Бұл витамин негізі бақыт гормондары деп аталатын серотонин мен дофаминді өндіруге қатысады.

5. Үйлестірудің бұзылуы. Егер B12 витаминінің жетіспеушілігі ұзақ уақытқа жалғасатын болса, бұл жағдай жүйке жүйесінің зақымдалуына әкеледі.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.

Басқа материалдар: