ХVІІІ ғасырдағы қазақ билері және қазақ әдебиеті

0
1205
Иллюстрация: Freepik.com

Ежелгі қазақ жыраулары ел билеген хандардың қасында жүріп, өздерінің ақылмандығымен билеушінің өзіне ақыл қосып, ел мүддесі таразыға түскен тұста ханның өзіне қарсы шығудан тайсалмай халқына адал қызмет ете білген.

Бірақ, олардың азаматтық тірлігі мен қызметін күнелтісі мен абыройы хан сарайына тікелей байланысты болған уәзірлер әулетімен қатар қарастыруға болмайды. Олардың ешқайсысы да уәзір дейтін лауазымды иеленбеген. Мәселен, Асанқайғы да, Бұқар жырау да, т.б. осы қатарға жататын шығармашылық тұлғалар. Бұлардың, яки ежелгі жыраулар әулетіне жататын атақты тарихи тұлғалардың соңында қалған негізгі туындылары билер сөзіне, әділ сөйленген билікке жақын. Бірақ, оларды би деп атамайды.

Сондай-ақ, қазақ елінің тарихында осыларға ұқсас, екінші бір шығармашылық топтың өкілдері өткен. Оларды халқы билер деп атайды да, жырау немесе ақын деп атамайды. Өйткені, бұлардың бірден көзге түсер қызметі елдің тағдыры талқыға түскенде қиыннан қиыстырып, қисынын кеміттіріп билік айту арқылы айқындалатын болған. Ондай билік сөздерді олар кейде ханның өзі айтарлықтай мүмкіндігі шектелген кезде, елі өзінің аузына қарап қиналған сәттерінде де тәуекел етіп айта алатын болған. Сондықтан да олар қандай жағдайда да өз бойын ешкімнің ырқына бермей билейтін би атанған.

Демек, олар әрі ақын, әрі би. Демек, қазақ ұғымында биден артық қастерлі, дәрежесі биік атақ жоқ.

Міне, сондай тұста айтылған, естіген жанның мейірі қанатындай мір оғындай өткір де, жүйелі тау суындай тасқынды жырлардың ұшқынынан жаралған биік сөз, ұйқасты сөздердің иесі –билер сөзін ақындық өнер, жыраулық дәстүрмен туыстықта қарастыруға әдебиетшілер әулетін мәжбүр етеді. Әрине, би атанған, шешен атанғандардың барлығы бірдей жыраулық, не ақындық талаптарға толық жауап берерліктей шығармашылық тұлғалары бола бермеген.

Бірақ, кескетті ердің сойындай батырлығымен, қисынды сөзімен, өз заманында халқына қызмет еткен Төле би Әлібекұлының, Қазыбек би Келдібекұлының, Әйтеке (Айтық) би Бәйбекұлының небір алқалы жиындарда, ел басына күн туған, шапқыншылығы мен жаугершілігі мол замандағы олар атқарған жұмыстардың орны бөлек.

Бүкіл ХVІІІ ғасырдың өн-бойында бел шешпей, ат үстінде жүрген батырдан әрмен даңқы биік үш бидің «Жеті жарғы» сынды әз Тәукенің ата заңына үлесін қосқан абыздық өнері, Жоңғар, Ресей, Қытай секілді айбынды жұрттарымен арадағы даулы мәселелердің шиесін шешіскен көрегендік қасиеттерін, сол тұстардағы олардың айтқан аталы сөздерін сөз өнерін кәсібім деп білдіретіндерге қазақ әдебиетінің тарихымен байланысыты тереңдете ұқтыру сондықтан да орынды болмақ.

Үш бидің кісілік, шығармашылық тұлғасын таныту мақсатында Ә.Кекілбаев, С.Сматаев, А.Нысаналы, Ж.Дәдебаевтар жазған еңбектердің, Х.Сүйіншәлиев зерттеуінің мәні мен маңызы, ол еңбектердегі айтылған жайлардың қисынымен деректілігі осы тұрғыда сарапталады.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. ХVІІІ ғасырдың ақырғы ширегіндегі дала жыршылары
  2. Сыпыра жырау туралы мәлімет
  3. ХІV–ХVІІІ ғасырлардағы ұлттық әдебиетіміздің жыраулары мен ақындары шығармашылығының негізгі ерекшеліктері
  4. Көркем троптар, олардың түрлері
  5. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  6. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  7. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  8. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  9. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  10. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  11. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  12. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  13. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  14. ХV ғасырдағы қазақ хандығы және қазақ әдебиеті. Асан қайғы Сәбитұлы шығармашылығы
  15. Ел аңыздары және жыраулық мұра
  16. Қазақ хандығының құрылу дәуірінен дерек беретін жыраулық мұра

ПІКІР ҚАЛДЫРУ