Инстаграмда бизнесті дамытуға арналған 40 кеңес

0
707
Иллюстрация: Freepik.com

1. Оқырмандар санын көбейтетін хештегтерді қоюды ұмытпаңыз. Мысалы: #instafollow, #l4l (Like for like), #tagforlikes және #followback.

2. «Like» басуды ұмытпаңыз. Бизнес аккаунтта әр басқан 100 лүпілге, сіздің парақшаңызға орташа есеппен 6 жаңа оқырман жазылуы мүмкін.

3. Конкурс ұйымдастырыңыз. Ең тиімді талаптар:парақшаға жазылу, бірнеше досты белгілеу, стористе бөлісу. Нәтижесінде сіздің парақшаңызда жоқ жандар да конкурсыңызға белсенді түрде қатыса бастайды.

4. Өзіңіздің бизнес парақшаңыз жайлы басқа да әлеуметтік желілерді бөлісе түсіңіз. Тіпті бизнесіңіз жайлы пост жазып, тіркелуге шақырыңыз.

5. Комментарии мен лүпілді аямаңыз. Бұл жаңа оқырмандарды шақырудың жақсы әдісі.

6. Іздеу жүйесінде жылдам табылатындай өзіңіздің салаңызға қатысты танымал хештегтерді қолдана біліңіз.

7. Инстаграмдағы зерттеу нәтижесі бойынша постты түскі ас уақытында, сондай ақ жұмыс аяқталған уақытта салған дұрыс.

8. Танымал хештегтерді пайдаланатын аккаунттарға жазылыңыз (#followme, #likeforlike), себебі дәл сол хештегті қолданатын оқырмандардың басым көпшілігі сіздің де парақшаңызға тіркеледі.

9. Сан емес, сапа маңызды екенін әрдайым есте сақтаңыз! Парақшаңыздағы қажетсіз ақпараттарды өшіруге тырысыңыз.

10.Өзіңіздің парақшаңызға жиі талдау жасаңыз. Әсіресе оқырманның қай уақытта, қай күндері белсенді екенін нақтылап алғаныңыз абзал.

11. Авторлық сипаттаманың (шапка профиля) толтырылғанын, керек ақпараттың, сілтеме мен байланыс нөмірлерінің дұрыс екеніне көз жеткізіңіз. Оқырман сіздің парақшаңызды қарағанда байланысу жүйелерінің жылдам жұмыс істегені сенімділікті ұялатады.

12. Мақсатты аудиторияның қызығушылығын анықтау үшін сұрақ қоя біліңіз.

13. Жексенбі күні инстаграмыңызды жандандыра түсіңіз. Дәл осы күні оқырмандар көп отыратындықтан, сіздің постыңыздың да қаралымы көбірек болады.

14. Кімге және не үшін парақшаны жүргізіп отырғаныңызды анықтап алыңыз. Дәл осы сұрақтарға жауап тапқанда, сіздің де аудиторияңыз көбейеді.

15. Оқырмандарды іске көшіріңіз. Олардың сіздің постыңыздың астына пікір жазуын сұраңыз. Әдетте пікір санын арттыру үшін сұрақ қойып, сол сұраққа түрлі нұсқалар жазып қойсаңыз болады.

16. Жиі пост салуға қорықпаңыз. Аудиторияңыз басында белсенді болмаса да, сіздің парақшаңыз жұмыс істеп тұрғанын білу керек.

17. «Instagram» сізге ұсынып тұрған (Рекомендуемые пользователи, интересные люди) парақшаларға жазылыңыз.

18. Бизнес жүргізіп отырғаннан кейін міндетті түрде геолокацияны белгілеуді ұмытпаңыз.

19. Күнделікті не жазатыныңызды жоспарлаңыз. Контент-жоспарды тиімді пайдаланыңыз.

20.Танымал блогерлер мен жұлдыздар арасында байланыс орнатып, жарнама жасауын сұраңыз.

21. Зерттеу нәтижесі бойынша, қызыл немесе жасыл түстерден қарағанда көк түсті сурет 24%-ға көбірек лүпіл жинайтындығы дәлелденген. Көк түсті дизайнерлік пост ойлап тауып, нәтижесін тексеріп көрсеңіз болады.

22. Әр сәрсенбі сайын пост салуды әдетке айналдырыңыз. Себебі апта ортасында жарияланған ақпарат көп қаралым мен лүпіл жинайды.

23. «Пікір білдіріңіз» дәл осы сөйлемді пост астына жиі қолданыңыз. Оқырмандарды өз ойымен бөлісуін сұрасаңыз, міндетті түрде комментарии саны артады.

24.Фото таңдағанда, бет келбетіңіз анық көрінетінін таңдаңыз.

25. Фотоға міндетті түрде оқырмандарды белгілеңіз. Себебі «отметка» лентасынан достарыңыздың парақшасынан басқа жандар да сіздің постыңызды көре алады.

26.Қанық, ашық түстерді пайдаланыңыз.

27. Бизнесіңізге жеке өзіңізге ғана тән хештег ойлап табыңыз. Сіздің тауарыңызды пайдаланған оқырман міндетті түрде сол хештегті пайдалана алатындай болуы керек.

28.Live форматта түсірілген фото-видеоны жиірек пайдаланыңыз. Сол арқылы оқырманға бір қадам жақындай түсесіз.

29.Бизнес-айла: сіздің тауарыңызды сатып алған тұтынушының суретін өзіңіздің парақшаңызда жариялаңыз. Нәтижесінде ол оқырман парақшасында өз суретімен бөліседі. Сондай-ақ, бұл сіздің әр клиентті бағалайтыныңызды көрсетеді.

30.Бренд болуға талпыныңыз. Бизнесіңіздің атауын, логотипін қалам, блокнот, киімге пайдалануға тырысыңыз.

31. Facebook парақшасындағы достарыңызды да бизнес аккаунтыңызға тіркелуге шақырыңыз.

32. Оқырмандар stories көргенді ұнатады. Күнделікті ойыңыз бен тауар жайлы ақпаратты бөлісіп отырыңыз. Бірақ ол міндетті түрде эмоцияға толы
болуы керек.

33. Stories-те де адамдарды белгілеуді ұмытпаңыз.

34.Оқырмандардан лүпіл басуды сұраудан ұялмаңыз. Тәжірибе жүзінде дәл осындай посттар 89%-ға көп лүпіл жинайды.

35. Алдын ала уақытты да, контентті де жоспарлаңыз. Бірнеше күнге ерте материалды дайындап, оларды уақытпен реттеп жариялаңыз.

36.Мотивацияға толы цитатамен пост салу оқырманды жігерлендіреді.

37. Телефондағы байланыс нөмірлеріне тіркелген
аккаунттарды да тауып, тіркелуге тырысыңыз.

38.Сіздің бизнесіңізбен айналысатын бәсекелестерді де назардан тыс қалдырмаңыз. Олардың жұмысын саралап, үнемі бақылауда ұстаңыз.

39.Басқа парақшалармен серіктестік орнатыңыз. Өзіңіздің оқырмандар санымен тең парақшаны тауып байланыс орнатыңыз. Ортақ жеңілдік, акция ұйымдастырыңыз.

40.Челленж, вирустық видео таратуға ізденісте болыңыз.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Копирайтинг — мәтін жазу
  2. Топ 5. Дизайн трендтері
  3. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  4. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  5. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  6. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  7. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  8. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  9. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  10. SMM маманы деген кім?
  11. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  12. Web-дизайнер деген кім?
  13. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ