Ямамото Цунэтомоның «Бусидо» кітабынан ең таңдаулы қанатты сөздер жинағы

0
817
Иллюстрация: Freepik.com

Ямамото Цунэтомо (Дзётё) (1659 — 1719) — Эдо дәуірінде өмір сүрген самурай және философ. Сага провинциясының тумасы. Ол өмірінің соңғы жылдарында айтып кеткен ойларынан қазіргі күнде ең танымал жауынгер кодексы — «Хагакурэ» құралған.

Бұл трактат XX ғ. өзінде «Бусидо» деген атаумен Еуропада танымал болған. Трактатта тек мораль және мінез-құлық нормалары ғана емес, келіссөздерді жүргізу, ақпаратты талдау, тіпті балаларды тәрбиелеу әдістері берілген.

Ямамото Цунэтомоның «Бусидо» кітабынан алынған ең таңдаулы 12 қанатты сөздерді оқуға ұсынамыз:

1. Біреуге хат жазарда, оны қабырғаға іліп қоюға ұялмайтындай етіп жаз.

2. Қазір не ойлап жүрсің, сол ойға берік бол, басқаға назарыңды аударма. Көп ойлап, өзіңді қажытпа, бір ойдың артынан ілес, бірақ оған уақыт өте өзгеріп отыруға ерік бер.

3. Іске кірісуге уақыт келгенде, ойланып-толғануға уақыт жоқ. Егер сен барлығын алдын-ала ойластырып үлгермесең, өзіңді ұятқа қалдырасың.

4. Көп адамның ойынша, заманақыр келе жатыр, сәйкесінше ештеңеге күш салып, ұмтылудың қажеті жоқ. Бұл масқара.

5. Ақша табу оңай. Жақсы адам табу қиын.

6. Өмір бойы бар ықыласпен оқы-үйрен. Бүгін кешегіден де шебер бол, ал ертең бүгінгіден де шебер болуға тырыс. Жетіліп, кемелденудің шегі жоқ.

7. Егер адам әр нәрседен өзгелерге еліктеуге тырыспаса, кез келген істе жетістікке жетер ме еді!

8. Адамдар көбіне өз міндеттерін елемейді, өйткені басқа біреудің істерін анағұрлым қызық деп табады.

9. Егер адам «қазір» мен «дәл сол уақыт» екеуі бір мағыналас екенін түсінбесе, ол адам түкке де тұрмайды.

10. Бірде-бір рет қателеспеген адам — қауіпті.

11. Біліп тұрсаң да cұрау — сыпайылықтың белгісі. Білмей тұрып сұрау — қажеттілік.

12. Дисциплина — бұл еркіндікті шектеу емес. Бұл артық нәрсені алып тастау.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ-ға дайындалуға зауқың жоқ болса…
  2. Жасөспірімдік кезең: 13-18 жас аралығы
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  5. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  6. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  7. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  8. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  9. Күнделік жазу — қызықты іс
  10. Контекстолог деген кім
  11. Копирайтер деген қандай мамандық?
  12. Контекстолог деген кім?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ