Күнделік жазу — қызықты іс

0
1802
Иллюстрация: Freepik.com

Күнделік жүргізу — ең пайдалы әдеттердің бірі, өйткені ол басқа пайдалы әдеттердің жүзеге асуын жеңілдетеді.

Күнделік жүргізу бос ермек секілді көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде күнделіктің арқасында келешекте көп уақытыңды үнемдеп қала аласың, ал күнделікті жүргізудің өзіне күніне 5-10 минут уақыттан артық кетпейді.

Күнделіктің көмегімен сен:

• түпкі санада жиналып қалған эмоцияларды шығара аласың;
• стресс деңгейін түсіре аласың;
• өзіңе басқа қырынан қарай аласың;
• өзіңе мақсаттарың жайлы ескерте аласың

Ғаламторда күнделікті жүргізудің түрлі схемалары бар, олардың барлығын қолданудың қажеті жоқ, ұнағанын таңдап, қолдансаң жеткілікті.

Ал жалпы ешқандай схемаларды қолданбай-ақ, жай ғана ойларыңды қағаз бетіне түсіріп отырсаң да болады. Қалай болғанда да, күніне 1-2 сөйлемнен жазсаң да, пайдасы өте зор.

Егер не туралы жазуды білмесең, бұрын-соңды күнделік жүргізіп көрмеген болсаң, арнайы көмекші күнделіктерді сатып алып, қолдануға болады.  Арнайы көмекші күнделіктерде ештеңе сәндеп, әдемілеп, тізім құрып жатпайсың, барлығы дайын, тек жаз, тек толтыр.

Қандай пайдалы әдеттерді күнделікпен жүргізсең болады?

• Таңертең ерте тұру
• Күн тәртібі
• Приоритеттерді қою
• Өзіңе мотивация беру (цитаталар, фразалар және т.б.)
• Жаттығулар тізімі
• Дұрыс тамақтану

Бұл пайдалы әдеттердің азғантай ғана бөлігі. Біз өзіміздің қалай өмір сүріп жатқанымызды білмейміз, өз мәселелерімізді байқамаймыз, не істеу керектігін, қандай шешім қабылдау қажет екенін білмейміз.

Ал күнделік жүргізу өзіңді және өз іс-әрекеттеріңді талдап, ой елегінен өткізуге көмектеседі, дұрыс шешімдер қабылдауға септігі бар және ең бастысы, күнделік жүргізіп бастау оп-оңай, кез келген қалам мен дәптерді қолға алсаң болғаны!

Басқа материалдар:

  1. Ателье ашудағы алғашқы қадамдар
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  4. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  5. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  6. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  7. SMM маманы деген кім?
  8. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  9. Web-дизайнер деген кім?
  10. Таргетологтың қызметі қандай?
  11. Контекстолог деген кім
  12. Копирайтер деген қандай мамандық?
  13. Контекстолог деген кім?
  14. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  15. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ