Күрделі эфирлер. Майлар

0
2419
Freepik.com

Карбон қышқылдарының спирттермен әрекеттесулері этирификациялау реакциялары деп аталады. Оның механизмі (18)O изотоппен таңбаланған спиртті пайдаланғанда анықталған.

Этерификациялау реакцияларында әрдайым қышқыл OH тобын, ал спирт H атомын береді (су түзіледі). Этерификациялау реакциясы қайтымды. Ол қышқылдық ортада жақсы өтеді, ал кері реакция(гидролиз, сабындалу) — сілтілік ортада.
Эфирлену реакцияларының өнімдері күрделі эфирлер деп аталады, олардың жалпы формуласы: R — COOR’

Көп таралған күрделі эфирлердің атаулары мен формулалары:

CH3COOC2H5 — этилацетат — сіркеэтил эфирі

С2H5COOCH3 — метилпропионат — пропионметил эфирі

С6H5COOC2H5 — этилбензоат

HCOOC6H5 — фенилформиат

Түссіз, төмен температурада қайнайтын жеміс иісі бар, жанғыш сұйықтықтар, мысалы:

CH3COOCH2CH(CH3)2 — банан иісі

С3H7COOCH3 — алма иісі

C3H7COC2H5 — ананас иісі

C3H7COOC5H(11-ИЗО) — алмұрт иісі

Күрделі эфирлер лактардың, бояулардың және целлюлоза нитраттарының еріткіштері ретінде , тамақ өнеркәсібінде жеміс иістерін тудырушылар ретінде қолданылады.
Үшатомды спирттің (глицериннің) және жоғарғы карбон қышқылдарының (жалпы т8рде R-COOH, мұнда R-C17H35, C15H31 және т.б) күрделі тоң майлар деп аталады.

Егер тоң май сұйықтық болса, оны май деп атайды. Қанықпаған тоң майды қышқылда қос байланыс бойынша сутек қосқанда майлар қатты тоң майларға айналады. Тоң майлары тамақ өнеркәсібінде пайдаланады.

Басқа материалдар:

  1. Біліктілік тестілеу. Химия пәнінен тест тапсырмасы жауабымен
  2. Химиядан ҰБТ сұрақтары жауабымен (Б, В, Г, Д әрпі бойынша)
  3. Химиядан ҰБТ сұрақтары жауабымен (А, Ә әрпі бойынша)
  4. «Химияның алғашқы ұғымдары» тақырыбына тест сұрақтары жауабымен (І нұсқа)
  5. «Химияның алғашқы ұғымдары» тақырыбына тест сұрақтары жауабымен (ІІ нұсқа)
  6. Балықтың биологиялық классификациясы. Балықтың химиялық құрамы
  7. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  8. Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ