К және Ғ витамині туралы ақпарат

0
3226
Freepik.com

Шөп пен астық тұқымдастарда бір зат жетіспесе, балапандар геморралиялық ауруға ұшырайтыны 1935 жылы белгілі болды. Жетпеген ол затты К витамині деп атады.

1942 ж. А.В. Палладин және М.М.Шемякин К витаминінің суда еритін викасол атты жасанды түрін бөліп шығарды. Кейіннен К витаминінің сүтқоректілерге де керек екені анықталды. Олар К витаминге деген қажеттілікті ішектегі микроорганизмдердің түзуі арқасында және негізгі азықтар арұқылы қамтамасыз етеді.

К витамині өсімдіктер пигменті хинондар тобына жатады. Оның табиғи және жасанды бірнеше түрлері (К1, К2,К3) белгілі. Химиялық құрамына жағынан бүйірлік тізбегі изопреннен тұратын нафтохинонның туындысы болып келеді.

К  авитаминозының белгілері:

К витамині жетіспегенде қан тамырының қабырғасы селдіреуінен оның ішіндегі қан айналаға шапшып шығып сол араға жиналады. Себебі, К витамині қанның қалыпты жағдайда ұюына қажет. Ол осы құбылысқа керекті проторбин мен тромботропиннің бауырда түзілуіне әсер етеді. К авитаминозы кезінде протомбиннің ұюы баяулайды.

Қан ұюына керекті негізгі компоненттер пайда болуы үшінК витамині бауыр леткаларында жағдай жасайды. К витамині жетпегенде, протропиннің жіне басқа заттарының мөлшері азаяды да бұлшық еттеріне және аяқтарын қан құйылып, барлық денесі боқарып, еттің қабыршақ қабаты сыпырылады.

Сүтқоректілерде К авитаминозы байқалмайды. Оның себебі бұл  витамин организмде ұлтабар мен ішектегі микроорганизмдер арқылы түзілед.

К витамині жетіспегенде организмдегі тыныс алу және фосфорлану процестері тежеледі.

АТФ- бұлшықеттердің жиырылуына керекті зат. Сондықтан К витамині жетіспесе, бұлшықеттерде АТФ-нің мөлшері азайып қана қоймай тегіс бұлшықеттердің қызметі нашарлап, көптеген ферменттердің активтігі төмендейді.

К витамині организмге азықтармен бірге еніп, ішек бактерилары әрекетінің арқасында түзіледі. Оның сорылуы үшін ішектерге ет тұздары бүлінуі керек, ал азықтарда май болуы қажет. Ішектің қалыпты қызметі бұзылғанда К витаминіні сорылуы нашарлайды.

К витаминінің антигеморагиялық (грек. hamerrgagio-қан,rhegnymi-жарамын) активтігі жоғары.

К витамині көк шөпте, пішенде және сурлемде болады.Әсіресе көк беде, шақпа шөп, жақсы пішен, сүрлем, капуста жапырағы және азықтық капустада мөлшері көп. Жануар тектес азықтарда К витамині аз кездеседі.

F витамині.  Линоль қышқылы жетіспегенде холестерин жөнді ерімейтін эфирлер ретінде бауырда және қан тамырларыныңқабырғаларында қабаттанып, атеросклероз ауруына шалдықтырады.

F витаминінің зат алмасудағы маңызы өте зор. Ол қан тамырларының жұмсақтығын артырып, олардың нәзіктігін, өткізгіштігін төмендетеді.

Қалқаншабездің шамадан тыс қызметі салдарынан болатын улануды азайтып, организмнің жұқпалы індетке қарсы тұруын күшейтіп, фосфотиттермен бірге қатерлі ісіктің пайда болуына қарсы тұрады.

Май қышқылдары мен фосфотиттер қан тамырларының жұмсақтығын төмендететін холестерин алмасуын реттейді.

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Е витамині (токоферолдар) туралы түсінік

  2. Д витамині (антирахиттық витамин, кальций-феролдар) туралы

  3. Майда еритін витаминдер. А витамині туралы

  4. Витаминдердің аталуы және жіктелуі 
  5. Витаминдер және витамин тектес заттар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ