Кейтеринг қандай қызмет?

0
2910
Иллюстрация: Freepik.com

Қоғамдық тамақтануға негізделген бизнес түрлі форматтарда болуы мүмкін. Соның бірі кейтеринг болып табылады. Кейінгі жылдары қызмет көрсету саласында кейтеринг сөзі жиі айтылып, халық жиі тұтынатын, адамдардың қажеттілігін өтейтін сала ретінде дамып келеді.

Кейтеринг – кез келген уақытта тапсырыс берушінің қалауы бойынша ұйымдастырылып, мейрамхананың қызметіне ие болатын қызмет.

Оның басты артықшылығы – ұтқырлық пен түрлі сценарийлер.

Сонымен, кейтеринг қандай қызмет? Онымен кімдер айналысады? Қазақстанда кейтерингтің қандай түрлері дамып жатыр?

Кейтерингті екі түрлі форматта көре аламыз:

1. Оқиға. Мерекелерді дайындау: тұсаукесерлер,үйлену тойлары, пикниктер, барбекюлер,дипломдық шаралар, семинарлар мен тренингтер.

2. Корпоративтік. Кеңселерге түскі ас беру,кәсіпорындарда азық-түлік орындарын
ұйымдастыру.

«Қонақасы – тәңір асы», «қонақ ырзығымен келер» дейтін қонақжай, мейманшыл қазақ халқы қонақ күтуге өзгеше мән берілген. Қазақ халқының салт-дәстүріне сай әр отбасы үйіне келген қонағын қуанышпен, құрметтеп қарсы алып, дастарханын жайып, барын алдына тосқан. Халқымыздың осы қонақ күту әдебі, салт-жоралғылары атадан балаға жалғасып, бүгінгі күнге дейін жетті.

Дегенмен де, заманның ағымына қарай қыз-келіншектеріміз, аналарымыз еңбекке араласқалы бері, қазақ отбасыларында қонақ күту мәселесі уақыттың
тығыздығына байланысты екінші орынға сырғыды.

Осы орайда, жұмысбастылықтан уақыты болмай, не болмаса күтпеген жерден үйіне қонақ келген, немесе мейманын дәмді тағамдармен таңқалдырғысы келетіндер үшін қызмет көрсетудің жаңа саласы – «кейтеринг» қызметі көмекке келеді.

Жалпы «кейтеринг» термині ағылшын тілінен аударғанда азық-түлікті, тағамды жеткізу деген сөз. Яғни, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыратын қызмет көрсетудің бір саласы. Жалпы кейтеринг Еуропа елдерінде, АҚШ-та кең дамыған. Дегенменде,
кейінгі жылдары елімізде қоғамдық тамақтанудың бұл бағыты қарқын алып келеді.
Соңғы уақытта еліміздің Алматы, Астана сияқты ірі қалаларында кейтерингпен айналысатын компаниялардың қызметіне жүгінетіндер қатары көбейген.

Дегенмен де, осы қызмет түрін ұсынатын компаниялар көбіне банкеттер мен тойларға арнайы фуршет дайындаумен, не болмаса пицца, суши сияқты жеңіл тағам түрлерін жеткізумен ғана шектеліп жүр. Ал қазақ отбасының салт-дәстүріне, қонақ
күту әдебіне сай қызмет ететін компания нарықта бірең-сараң десек те болады. Демек сіз «қазақша кейтерингті» қолға алып дамытсаңыз болады.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ