Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)

0
2395
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

— халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себепсалдарын анықтау;

Зерттеу сұрағы

Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?

Оқулық

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. 99—105 беттер.

Тірек сөздер:

Кенесары, Орынбор шекаралық комиссиясы, Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Қырғыз манаптары

Ресурстар

Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы»(М.Жолдасбекұлы,Қ.
Салғараұлы, А.Сейдімбек). — Астана,2001.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. — Алматы,2016.

Көрнекілік

Оқулықтың 112 бетіндегі Кенесарының ата-бабасының кестесі, 113-беттегі Кенесары Қасымұлының бейнесі.

Мақсатты айқындау

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының қазақ жерлерінің Ресейден дербестігін, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын орнықтыруды, оңтүстіктегі Қоқан хандығы қоластындағы қазақтарды азат етуді, қазақтар мекендейтін аймақтарды біріктіруді көздеген ХІХ ғасырдағы ең үлкен көтеріліс болғанын көрсету.

Дамытушылық бағыттар.

Кенесары бастаған осы көтерілістің қазақтар санасында терең із қалдырып, оның кейінгі қазақтардың азаттық жолындағы күрестерінде басты бағдар болғанын айқындау.

Тәрбиелік мақсаты.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан тарихи тұлғалардың және қазақтың ең соңғы ханының мемлекетшілдігінің, ерліктері мен батырлықтарының негізінде оқушылар бойында отаншыл, халықшыл қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақтың деректік материалдары

Мұғалім сабаққа дайындап әкелген оқу жоспарына сәйкес Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептерін, барысын баяндай келе, тарихи тұлға және саясаткер ретінде Кенесары Қасымұлының бейнесіне тоқталады. Ондағы Кенесарының өзінің алдына қойған мақсаты әңгімеленеді.

Көтерілістің басталуы туралы айта келе, мұғалім бұл көтерілістің бүкіл қазақ даласын қамтығанын 19 ғасырда қазақ даласындағы ең үлкен көтеріліс болып табылатынын көрсетеді. Көтерілістің шешуші кезеңге өтуі арнайы әңгіме болады.

Онда Кенесарының амалсызды Арқа даласын тастап, Ұлы жүзге қоныс аударуы, оның себептері, Қоқан хандығының күшімен қайшылықтар, көтерілістің жеңілуі және тарихи маңызы нақта деректер негізінде қызықты да тартымды тілмен сипатталады.

Оқушылар үшке бөлініп жұмыс істейді.

Алғашқы топ көтеріліс басталған аудандарды картаға түсіреді.

Екінші топ Кенесары Қасымұлының жеке басына қатысты оның ерліктерін,қайраткерлігін сипаттайтын эссе жазады.

Үшінші топ көтерілістің жеңілу себептерін және тарихи маңызын тезистер түрінде талдап, жазады.

Сабақ түрі мен әдісі

Аралас. баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабылетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Сабақты өту барысында басты назарда ұсталатын мәселелер келесідей:

1.Көтерілістің басталу себептері.

2. Кенесары – мемлекет қайраткері, қолбасы, тарихи тұлға.

3.Көтерілістің қазақ даласын қамтуы.

4. Көтерілістің шешуші кезеңі.

5.Көтерілістің жеңілуі.

6. Көтерілістің тарихи маңызы.

Бағалау мүмкіндігі

Мұғалім сабақ жоспарына сәйкес төмендегідей қорытындылар жасайды:

1. Кенесарының көтерілісінің басталу себептері.

2. Тарихи тұлға.

3. Көтерілістің ерекшеліктері.

4. Соңғы кезеңі және жеңілуі.

5. Оның тарихи маңызы

Бағалау мүмкіндіктері. Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма

1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Қосымша тапсырма

1. Мұғалім оқушыларға оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындап келуді тапсырады.
2. Кенесары Қасымұлына байланысты көркем әдбиеттегі (І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы) оның тарихи тұлғасына байланысты сипаттауларға сүйене отырып, шығарма жазып әкеледі.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ