Кез келген білімді тез әрі терең меңгеруге көмектесетін әдіс

0
848

Физика бойынша Нобель сыйлығының иегері Ричард Фейнман кез келген тақырыпты тез әрі терең түсінуге көмектесетін білім алу алгоритмін жасады. Бұл алгоритм «Фейнман әдісі» деген атқа ие болды.

1-қадам. Үйренгеніңізді балаға үйретіңіз. Бір ақ параққа үйренгіңіз келген нәрсені жазып қойыңыз. Бұл тақырып жайлы білетініңізді кішкентай балаға түсіндіріп жатқандай жазып шығыңыз. Сіздің негізгі оқырманыңыз ақылды ересек әріптесіңіз емес, сегіз жасар бала деп елестетіңіз. Адамдардың көбі бір нәрсені толық түсінбегенде күрделі сөздер мен кәсіби жаргонды қолдануға бейім келеді. Сіз белгілі бір идеяны жас бала түсінетіндей етіп бастанаяқ қарапайым сөздермен сипаттап жазуға тырыссаңыз, оның мән-мағынасын тереңірек түсіне бастайсыз.

2-қадам. Қайталаңыз. Алғашқы қадамда сіз міндетті түрде жаңа проблемаларға тап боласыз: бір жерде маңызды деген нәрсені ұмытып кетесіз, бір мәселені түсіндіре алмайсыз немесе түрлі түсініктерді біріктіре алмай қиналасыз. Енді сіз нақты қай тұста ақсап жатқаныңызды білесіз. Бастапқы материалға қайта оралыңыз. Сосын қарапайым терминдерді қолданып, ештеңені қалдырмай түсіндіріп бере алатын дәрежеге жеткенше, қайталап оқи беріңіз.

3-қадам. Өте қарапайым жазыңыз. Қолыңыздағы қолжазбаларды бір қарап шығыңыз да, түпнұсқа материалдан алынған кәсіби терминдерді барынша азайтып, мүмкін болса, қолданбауға тырысыңыз. Сосын осы қолжазбалардан қарапайым әңгіме құраңыз да, дауыстап оқып шығыңыз. Егер бұл түсіндіруіңіз қарапайым болмаса немесе бір түрлі естілсе, бұл сіздің біліміңіз әлі де терең емес деген сөз.

4-қадам. Бөлісіңіз. Белгілі бір тақырыпты қаншалықты түсінгеніңізді білгіңіз келсе, басқа біреумен бөлісіңіз. Үйренгеніңізді өзгелерге қаншалықты жеңіл әрі түсінікті етіп жеткізе алсаңыз, материалды соншалықты жақсы меңгердім деп айта аласыз.

Дереккөз: «Лайфхактар» кітабы

Басқа материалдар:

  1. SMM маманы деген кім?
  2. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  3. Web-дизайнер деген кім?
  4. Таргетологтың қызметі қандай?
  5. Контекстолог деген кім
  6. Копирайтер деген қандай мамандық?
  7. Контекстолог деген кім?
  8. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  9. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  10. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  11. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  12. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ