Коносуке Мацуситаның өмірі мен жетістікке жету жолы

0
730

Panasonic, National және Technics брендтерімен танымал Мацусита Электрик жапон фирмасының негізін қалаушы, аты аңызға айналған Консуке Мацусита өз дәуірінің ең озық кәсіпкері, бизнес-лидері және инноваторы ретінде мысал бола алады.

Коносуке Мацусита мектепті тастап, 9 жасынан жұмыс істеуге мәжбүр болған. Алты жыл бойы ол велосипед шеберханасында көмекші шебер болып жұмыс істеген, кейін Osaka Electric Light Company-ға ауысады.

Коносуке Мацусита компания өнімдерінің кемшіліктерін іздеп, жөндеуге тырысатын.

22 жасында ол жаңа құрылымдағы әдемі штепсель айырын жасап шығарады. Бастығы оның кезекті өнертабысын қабылдамағаннан кейін Коносуке Мацусита компаниядан кетуді ұйғарады.

Ол өзінің бизнесін бастап, инновациялық электропатрондар шығаруды бастайды.

Бизнесті дамытуға бастапқы жарнасы бар-жоғы 100 йенге тең болатын. Мацусита Электрик компаниясының аңызға айналған тарихы 1917 жылы осылай бастау алады.

Кейін Коносуке Мацусита сегіз зауыттың иегері атанады, ал өнімдері Panasonic атты маркамен шыға бастайды.

Өз бизнесін былайша айтқанда нөлден бастаған ол, өмірінің соңына дейін өзін 3 миллиард доллар қаражатпен қамсыздандырады, ал өзі негізін салған Matsushita Electric Industrial Ltd компаниясының қаражаты 42 миллиард долларға жетеді.

Зейнет жасында Коносуке Мацусита ең бай жапон бизнесмені ғана емес, әлемді мойындатқан компания құра алған ең құрметті бизнес-лидер, аңыз адам болды.

Басқа материалдар:

  1. Сарымсақ — ең жақсы антибиотик
  2. Годжи жидегі туралы білесіз бе?
  3. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  4.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  5. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  6. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  7. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  8. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  9. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  10. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  11. «Денсаулық басты байлық»
  12. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  13. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  14. Тарының ағзаға пайдасы көп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ