Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасы (Сабақ жоспары)

0
1066
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:  білімнің бекем болуын қамтамасыз ету және іс-әрекет тәсілдерін жетілдіру. Қазақ  хандығының 550 жылдық мерей тойына байланысты «Райымбек, Райымбек» поэмасының мазмұнын меңгерту.  Райымбектің тарихта болған батыр адам екенін ұғындыру. Райымбек Хангелдіұлының тарихи,әдеби бейнесін ашу.

Білімділік: Жаңа білімді меңгеруі, танымдық әрекетінің қалыптасуы. Оқушының сөйлеу тілін дамыту, әдеби тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық:  Оқушыларды өз ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру. Оқушылардың тарихи ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіру, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру; топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды көркем әдеби шығармаларды оқып, талдай білуге, елін, жерін қорғауға, батыр  бабаларды қадірлеуге, құрметтеуге баулу.

Сабақ типі: білім мен іс-әрекет тәсілдерін  жетілдіру.

Сабақты ұйымдастырудың түрі аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география.

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі:  М. Мақатаев шығармалар жинағы,   презентация, бейнетаспа.

САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ

а) Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың көңілін аудару, сабақ жүргізуге қалыпты жағдай туғызу.   1 минут

ә) Сабақтың мақсатын айту. 3 минут

б) Шаттық шеңберін құру.   «Тілек тілей білеміз бе?»  сыныпта жақсы психологиялық атмосфера тудыру мақсатында оқушылар бірі-біріне  тілек айтудан бастаймын.     2 минут

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру

Оқушының оқу мотивациясын сабақ мақсатын анықтауда оқушымен бірлесе іс әрекеттерді кірістіруді, субъекті тәжірибесін өзектендіруді (жеке ойы, тірек білімі, құнды қарым-қатынасы) қамтамасыз ету.

Топ оқушыларын Қазақ хандығының 550 жылдығын ескере отырып  «Баян батыр», «Райымбек батыр», « Қабанбай батыр»  деп   3 топқа бөлдім.  Алдыңғы сабақты қысқаша қайталауда оқушыларға түрткі болу бағытында:

М.Мақатаевтың өмір жолы туралы не білесіңдер?- деген сұрақ қойдым. (Осы жерде М. Мақатаев туралы презентация көрсетіледі)     5 минут

Тарихи тақырып болғандықтан «Көшпенділер» фильмінен үзінді . 4 минут

«Миға шабуыл» Әр топқа бір-бір сұрақ.  3 минут

1 . «Батыр» -дегенді қалай түсінесіңдер?         «Баян батыр» тобына

  1. Қазақтың қандай батырлар жырын білесіңдер? «Райымбек батыр» тобына
3. Райымбек батыр туралы кім қандай? деректер біледі «Қабанбай  батыр»тобына 

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі. 12 минут

«Мағынаны тану» 

Поэманың негізгі идеясы — XVIII ғасырдың басында жоңғарларға

қарсы шапқан Райымбек батырдың ерлігін кейінгі жас ұрпаққа дәріптеу.

Жастарға патроиттық сезім сыйлайтын.  Елін, жерін сүюге уйретеді.

Үйге алдын ала  «Райымбек, Райымбек» поэмасын толық оқып келуге берілді.

Сол бойынша оқушыларға поэманы 3 ке бөліп талдау жұмыстары беріледі.

Ол үшін топқа 3 тапсырма беріп

1.«Райымбек, Райымбек» поэмасына жалпы шолу. Постер жұмысы.

(жеке – жеке бағалау. Стикер арқылы)         

Жаңа материалды бекіту мен дағдыны қалыптастыру. 10 минут

1-топ.М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасымен салыстыру. Осы жерде Венн диаграммасы қолданылады

2-топ. Райымбектің поэмадағы  бейнесі. «Түртіп алу» (Инсерт) әдісі

3 топ . Сахналық қойылым. ( видео фон) Үй тапсырмасы

Бағалау:(Бұл жерде топ өзара бір-бірлерін бағалайды. Смайлик арқылы) 2 минут

— Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер. Сендерге үлкен рахмет! Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен . Сол айтқандай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын тұратын ұрпақ болып өсіңдер! Білімдерің шыңдала түсуіне тілектеспін!

Сабақтың тақырып  бойынша қорытындысы. 2 минут

Рефлексия – кері байланыс. ). «Екі жұлдыз, бір тілек» (стикер үлестіру) оқушының көңіл-күй, іс-әрекеті.

Үй тапсырмасы туралы мәлімет алу кезеңі (үй тапсырмасын орындау жөнінде нұсқау) 1 минут«Ерлер ел үшін туады» ойтолғаныс жазу.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар: 

  1. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  3. Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)
  4. Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)
  5. Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ