Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз

0
1756
Иллюстрация: Freepik.com

Әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін қаламгердің бірі ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтап, жазба әдебиетіне айналдырған – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.

Ақынның халық көкейіндегі мұң-зарын жеткізген, әлеуметтік мәселелерді сөз еткен туындылары көп.Соның бірі мысал жанрындағы «Ғибратнама» өлеңі еді.

Менің ойымша, өлеңнің «Ғибратнама» аталуында терең мән жатқан сияқты. Себебі, ақын осы өлеңі арқылы халқын қоғамның түрлі дүрбелеңінен арашалап алар жолды көрсетеді.Өлеңнің басты өзектілігі де осында жатыр деп ойлаймын.Біріншеден, ақын өзін бұлбұл бейнесінде ала отырып, өзінің ішкі ойын жеткізеді.

Өзінің диалогіне қаршығаны таңдауы тегіннен емес деп ойлаймын.Себебі, қаршыға да мықты құстардың бірі.Әр заманда кездесетін өзі мықты бола тұра, өзінің аузын бағып үндемейтіндерді астарлап көрсетеді.

Мықты болып, елге, айналаңа пайдаң тимесе, мықтылығыңның құны көк тиін екендігін бұл шығарманы оқи отырып бағамдаймыз. Бұлбұлға: «Тілің жоқ мен секілді мылқау болсаң, Бір күні мың мұратты табар едің»- дейді.Бұдан қаршығаның өз мүддесін көксеген бейнесін аңғарамыз.

Өлеңдегі бұлбұл әдемілікті аңсайтын, күнде әр гүлдің ашылуын сабырмен күтетін шыдамды бейнеде көрінеді.Сол әдемілік үшін, әдемі гүлдің жұпар иісі үшін тікенекке де төзген бұлбұл, ең алдыменен, төзімділік қасиетінің жоғары екендігін көрсетеді.Менің ойымша, бұлбұл жеке бастың қамын емес, елдің қамын ойлайтын , мейірімді бейнеде көрінеді.

Бұл арқылы автор бұлбұлды ел бостандығы мен тыныш өмірі үшін күрескер бейнесін көрсеткендей деп ойлаймын.Бұлбұлдың қаршығаға: «Сен ақымақ тамақ үшін болған сарсаң, Арбакеш сарттарға құл болғанша, Онан да жақсы емес пе өле қалсаң» дегені қаршыға мен бұлбұлдың жан дүниесінің, мақсатының арақатынасын ашып көрсетіп тұр емес пе?

Қорыта келгенде, ақын біреудің тасасында үндемей жүре бергенше, бұлбұлдай сайрап өтуді өмірлік мақсат-мұрат тұтады. Соны болашаққа үлгі етеді.Бұлбұлдың бойындағы төзімділік, шыдамдылық, сабарлылық қасиеттерді бойымызға дарыта білейік!

Ұқсас материал: 

  1. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
  2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: Наурыз батасы
  3. Мәшһүр Жүсіп
  4. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
  5. Мұрат Мөңкеұлның «Қыз» өлеңі
  6. Зар заман ақындарының (Дулат, Шортанбай, Мұрат) шығармаларындағы идеялық ерекшеліктер
  7. Бүкіл ұлттың Мұраты. Мұрат Мөңкеұлы туралы
  8. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз!
  9. ҰБТ: Талапкерлерге арналған эсселер топтамасы (72 эссе)
  10. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы
  11. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз!
  12. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ