Мақал-мәтел, жұмбақ тарауы бойынша ҰБТ-да жиі кездесетін 45 сұрақтың жауабы

0
1814
Иллюстрация: Freepik.com

1) Мақалдың ең басты ерекшелігі: (Аз сөзбен көп мағына беруі)

2) Өмір құбылыстарын аз сөзбен Шебер кестелеуі жағынан шешендік
сөздерге төркіндес келетін ауыз әдебиетінің түрі: (Мақал-мәтел)

3) Мақал-мәтелдің авторы: (Халық)

4) Мақал-мәтелде көп қолданылатын көркемдік өрнекті табыңыз. Мысалы:
«Су кірді тазартса, Ақыл миды тазартады. » (Синтаксистік параллелизм)

5) Мақалдағы көркемдік өрнек:
«Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді.
Елін сүйген еріне, ел тілеуін береді. » (Синтаксистік параллелизм)

6) Мақал-мәтелдегі көркемдік әдіс; «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді»
(Шендестіру)

7) Мақалдағы көркем сөз айшығы: «Туган жердей жер болмас, Туған елдей ел
болмас. » (Теңеу)

8) Астарлы, ауыспалы мағынада қолданылған мақал-мәтел: (Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі)

9) Ойы тұспалсыз, ашық айтылған мақал-мәтел: (Оқусыз білім
білімсіз күнің жоқ)

10) Кең болсаң, кем болмайсың. Әқыл — жастан, асыл — тастан. Тәуекел кемесі суға батпайды. Жігітті жолдасынан пәні, Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл
болады. Атаның баласы болма, адамның баласы бол. Еңбек етсең ерінбей, тояды
қарның тіленбей. Өнер алды — қызыл тіл — (мақалдар)

11) «Өжет адам …» нені жеңеді? (Өлімді жеңеді)

12) «Жігітке жетпіс өнер де аз» деген мақал-мәтелдің тақырыбы: (Үлгі-
өнеге, тәлім-тәрбие туралы)

13) «Ақ жүрген азбас» мақалының тақырыбы: (Адамгершілік, жақсы-
жаман мінез туралы)

14) Адамгершілікке байланысты мақал: (Жақсының ашуы щәйі орамал
кепкенше, Жаманның ашуы басы жерге жеткенше)

15) «Асырауын тапса, адам болар» мақалының тақырыбы: (Тәлім-тәрбие
туралы)

16) «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» маақалының тақырыбы: (Ынтымақ,
бірлік тақырыбы)

17) «Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырар» мақалының тақырыбы: (Еңбек
туралы)

18) Мақалдың тақырыбы: «Қасықтап жинағанды, Шөміштеп төкпе, »
(Үнемшілдік туралы)

19) «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» мақалының тақырыбы: (Батырлық,
ерлік тақырыбы)

20) Туған жер, Отан тақырыбына жазылған мақал: («Отан оттан да ыстық»)

21) Еңбек тақырыбындағы мақал: («Жан қиналмай жұмыс бітпес»);(«Бейнетін қатты болса, Татқаның тәтті болар»)

22) «Бейнет, бейнет түбі — зейнет» мақалының тақырыбы: (Еңбек)

23) «Ерлік тәрбиеден туады» мақалының тақырыбы: (Отанды сүз тақырыбы)

24) «Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.» Мақалдың тақырыбы: (Еңбек туралы)

25) Ынтымақ, бірлік тақырыбына жазылған мақал: («Кеңесіп пішкен тон
келте болмас»)

26) Еңбек еткен емеді,
Еңбексіз ер өледі. Мақалдың тақырыбы: (Еңбек туралы)

27) Әке көрген — оқ жонар,
Ана көрген — тон пішер. Мақалдың тақырыбы: (Тәлім-тәрбие туралы)

28) Болған адам болдым демес,
Болдым десе, болғаны емес», — өлең шумағындағы тақырып: (Ақылдылық)

29) Мақалдың екінші жартысы: «Батыр туса — ел ырысы, …» (Жаңбыр жауса -жер ырысы)

30) Мақалдың екінші жартысы: «Қатардан ассаң да …»
(Халықтан аспақ жоқ)

31) Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай.
Жаман адам қартайса, … Мақалдың дұрыс аяқталуы: (Бықсып жанған
оттай)

32) Мақалдың жалғасы: «Ер бір рет өледі, …» (Қорқақ мың рет өледі)

33) «Өнер алды — қызыл тіл» мақалы қандай мағынада қолданылған? (Тура
мағынада)

34) Абай өзінің 29-қара сөзінде «Ата-анадан мал тәтті», «Періште
алтын көрсе жолдан таяды», «Атың шықпаса жер өрте» деген
мақалдардың дұрыс еместігін дәлелдеген.

34) Отбасы, туыстық қатынас туралы мақал-мәтел(дер): (*Туысы бірге
кетпейді, түбі бірге түтпейді; *Ағайынды жігіттің отарында малы
бар; *Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады)

35) Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері: (*Ой дәлдігі;
*Мазмұндылық; *Ықшамдылық)

36) Мәтелдер: (*Сыныққа сылтау керек; *Сабақты ине сәтімен;
Қорыққанға қос көрінеді)

37) «Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламай,
Кім томағалайды?» Ауыз әдебиетінің қай түрі? (Жаңыл)паш)

38) «Қазақтың халық жұмбақтары» деген кітабында М. Әуезов жұмбақтың
20 тақырыбына тоқталады.

39) Тапқырлықты, аңғарымпаздықты қажет ететін алыс әдебиетінің түрі:
(Жұмбақ)

40) Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі. Жұмбақтың шешуі мен көркемдік тәсіл: (Балақ, кейіптеу)

41) «Өзі тоқ, көлеңкесі жоқ. » Жұмбақтың шешуі: (Су немесе кұдык)

42) «Белін бекем байлаған,
Қоқысты қоймай айдаған. » Жұмбақтың шешуі: (Сыпырғыш)

43) «Қашсам — құтылмадым,
Ұстасам — қолыма түспеді. » Жұмбақтың шешуі: (Көлеңке)

44) «Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі, адам соқса.
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда, үндемейді адам жоқта. » Жұмбақтың шешуі: (Домбыра) (Үш қазық
екі құлағы, бір тиегі; Екі желі — екі ішегі; Тоғыз ноқта — тоғыз пернесі)

45) «Жұмбақ — адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді, «- деген қанатты сөздің авторы: (М. Әуезов)

Басқа материал:

  1. Батырлық пен қорқақтық туралы мақал-мәтелдер
  2. Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (Бастауыш сынып арасындағы сайыс)
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ