Оқу сауаттылығынан тапсырманы қалай оңай шешуге болады?

0
1190
Иллюстрация: Freepik.com

Кейде көбіміз оңай істі кейінге қалдырып, оған көп көңіл бөлмейміз. Салдарынан көңіл-күйіміз түсіп кететіні рас. Оқу сауаттылығын оңай деп жүріп, аз балл алып қаламыз. Неге?

Басқалар «өй, оқу сауаттылығынан адам аз ала ма?»-дегенде жүйке жүйеңіз жарылатын шығар. Бірақ құртуға асықпаңыз. Себебі бұл тәжірибеміз сіздерге көмектеседі деп ойлаймыз.
Ал, кеттік.

 Басқа әлемге кіріңіз. Яғни, қасыңыздағы досыңыздың көшіргеніне, калькулятордың шиқылына мән бермеңіз. Егер мәтініңіздің тақырыбы» Ормандағы ағаштар болса» өзіңізді сол жерде жүргендей не бағбан сияқты елестетіңіз. Жан дүниеңізбен мәтінге еніңіз. Бұл сізге тақырыпқа қызыға еніп, түсінуіңізге септігін тигізеді.

 Сұрақтың мағынасын дұрыстап ұғыныңыз. Кейбір сұрақтар ауыспалы мағынада беріледі. Алдымеен сұрақты оқу керек. Бірақ бір сұрақтың мәтін ішінде бірнеше жауаптары болуы мүмкін. «Көлденең келген» көп жауаптың біреуін белгілеп жіберсеңіз, қателесесіз. Сондықтан да бірнеше рет сұрақты мұқият оқыңыз. Бұл сізге нақты нені табуыңызға жәрдем етеді.

 Бір сұраққа максимум 1-1.5 минут жұмсаңыз. Себебі осы уақыт аралығында сіз жақсы ойланасыз. Немесе 2-3 минутқа созсаңыз, қателесуге ықтимал көбейеді. Егер шешімін таппасаңыз, келесі сұраққа өтіңіз, өйткені 3 сағаттан кейін «арбаның асқабаққа, қызметшінің құмырсқаға айналатынын білесіз». Бұл әдіс сізге уақыт үнемдеуге көмектеседі.

Сонымен, достар сіздерге 3 негізгі әдісті білдіңіздер. Естеріңізде болсын » Үлкен тауды көтеретін адам, алдымен кіші тастардан бастайды».

Басқа материалдар:

  1. Астана және адамзат. Бейбітшілік пен келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтті
  2. Оқу сауаттылығынан мәтіндік тапсырма. «Отырар сазы» қазақ өнері аспанында
  3. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  4. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  5. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  6. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  7. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  8. Көркем троптар, олардың түрлері
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  10. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  11. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  12. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  13. Оқу сауаттылығынан мәтіндік тапсырма: Тиін


ПІКІР ҚАЛДЫРУ