Орта Азия хандықтарының отарлау саясатына қарсы қазақтардың көтерілістерінің жалғасуы (сабақ жоспары)

0
1755
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

— ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру.

Зерттеу сұрағы:

Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді?

Оқулық

Орта Азия хандықтарының басқыншылығына қарсы қазақ көтерілістері.

Тірек сөздер: шекті руы, Арыстан Жантөрин, Мырза Ахмет, Қоқан ханы. Арынғазы.

Ресурстар
Халық тарих толқынында. Ғылыми серия:мақалалар жинағы.-Т.І-2. — Астана, 2013.
Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі
тарихы. 1943 жылғы басылым). — Алматы, 2012.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. — Алматы, 2016.

Көрнекілік
Көтерілістер болған аудандарды көрсететін карталар. Оқулықтың 125-бетіндегі Есет батырдың суреті. 126-бетіндегі оның кесенесі.

Мақсатты айқындау
Арал теңізінің солтүстік батысындағы қазақтардың Хиуа хандығының отаршылдық әрекеттеріне қарсы әділетті күресін, 1858 жылы оңтүстік қазақтарының Қоқан хандығының отарлауына көтерілісін тартымды тілмен баяндап, осы көтерілістердің барысын және тарихи маңызын көрсету.

Дамытушылық және тәрбиелік мақсаты. Орта Азия хандықтарының озбыр отаршыл саясатына қарсы қазақтардың көтерілістерінің тәжірбиесінің қазақтардың кейінгі ұлт-азаттық күрестерінде пайдаланылғанын, бұл күрестердің қазақтардың азаттық үшін болған болашақ күрестерінде ескерілгенін оқушыларға ескерту және түсіндіру. Аталған көтерілістер негізінде оқушыларды қазақтардың азаттық және тәуелсіздік үшін күрестерінің рухы негізінде халықшыл, отаншыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың деректік материалдары
Мұғалім Хиуа хандығынының және ресейліктердің қазақтарға қарсы отарлау саясаты халық көтерілісіне алып келгенін, ол көтерілісті Есет Көтібарұлы басқарғанын, оңтүстікте де осыған ұқсас жағдайлар қалыптасып, мұндағы қазақтардың Қоқан хандығының езгісіне ұшырағандарын, және мұның өзі осы аймақта да қазақтар көтерілісіне алып келгенін нақты деректерге сүйене отырып баяндайды.

Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс жасайды.

Бірінші топ Хиуа хандығына және Ресей отарлауына қарсы күрескен Есет Көтібарұлының тарихи тұлғасын ашатын қысқа эссе жазады.

Екінші топ Оңтүстік Қазақстандағы қоқандықтардың қатал отарлау әрекеттерін
сипаттап, тезистер жазады.

Сабақ түрі мен әдісі.

Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертулер

Келесідей мәселелер басты назарда ұсталады.

1. Хиуа ханының және Ресейдің Арал теңізінің солтүстік жағалауындағы қазақтарға қарсы саясаты.

2.Есет Көтібарұлы.

3.Қоқан хандығының Оңтүстік Қазақстан аймағындағы отаршылдық әрекеттері.

4.1858 жылы қоқандықтарға қарсы болған қазақтардың көтерілісі.

Бағалау мүмкіндігі
Мұғалім өзі жасаған сабақ жоспары негізінде мына мәселелер төңірегінде тұжырымдар жасайды:

1.Есет Көтібарұлының хиуалықтарға және орыс отаршыларына қарсы күресі.

2.Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан хандығының езгісіне қарсы қазақтардың күресі.

Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Қосымша тапсырма
Оқулықтың 125-бетіндегі «Біліміңді тексер» тапсырмасын орындаңдар.

1. Жанқожа мен Есет батырлар бастаған көтерiлiстердегі Ресейдің, Хиуа хандығының және көтерілісшілердің ұстанымдарын салыстырмалы түрде көрсететін кестені толтырыңдар.

2.Хиуа-қазақ қатынасындағы діні, тілі және дәстүр-салттары жақын халықтардың арасын аша түскен себептер қандай?

3. Қоқан бектерiне қарсы қазақтардың көтерiлiсiнің Хиуа хандығына қарсы көтерілістен қандай айырмашылығы бар?

4. Хиуа және Қоқан хандықтарына қарайтын аймақтарды картаға белгілеңдер.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  3. Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)
  4. Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)
  5. Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  11. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  12. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  13. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ