Сыр бойы туралы ақпарат

0
2391

Сыр бойы ежелгі заманнан бері халық тығыз қоныстанған, суырмалы егіншілік кеңінен дамыған мәдениет ошақтарының бірі болып саналады.

Көне грек жазбаларында бұл Сырдария өзені «Яксарт» деп аталса, әл-Бируни кезеңіне дейін «Хасарт» делінген. Орталық Азияға арабтардың келуімен (VІІ ғасыр) «Сейхун» деп аталған. Сыр бойын алғаш зерттеген орыс саяхатшыларының  (XVII ғасырдың ортасында) жазбаларында «Сырдария» деп жазылған.

1880-90 жылдардағы газет тігінділеріндегі Сырдария туралы деректерден Сыр бойы, әсіресе, Ақмешіт (Қызылорда) өңірі көп өзгерістерге түскені байқалады. Өзен өз арнасын алғашқы кезде оңтүстік-батысқа, кейіннен солтүстіктен-батысқа қарай өзгерткен.

Оның ескі арналары  бүгінгі арнасы мен Іңкәрдария арнасын құрап, Арал теңізіне барып құйғанын, Сырдария және Жаңадария аңғарларының жалғасы Арал теңізінің астында қалғанын ғалымдар деректермен дәлелдеген. Деректер бойынша Сырдарияның алғашқы арналарының бірі — Іңкәрдария. Бұл өзен бүгінде құммен көміліп қалған. Кейбір ғалымдардың зерттеулерінде Сырдарияның төменгі ағысында суармалы жерлердің бүгінгіден төрт есе көп болғанын айтылады.

XVII-XIX ғасырларда ХХ ғасырдың орта кезінде Сырдария өзенінде су тасқыны көбірек болған. Бұл құбылыс соңғы жылдары да (2003-2006 жылдары) көктем айларында қайталанып отырған. Өткен ғасырдың ортасында Жаңадария, Қуаңдария арналарымен су аққан. Бүгінде ізі сақталған Аламесек, Жамандария өзендері мен көлдері бойында ХІХ ғасырда шағын кемелер жүзіп жүрген.

Қазақстан жерінде Сырдарияның Келес, Құркелес, Арыс, т.б ірі салалары бар. Өзеннің ел аумағындағы ұзындығы — 1400 км. Кезінде суы мол болып ағып жатқан дария өзен суының қарқынды игерілуіне байланысты 1975-80 жылдардан бастаптартыла бастады. Кейде Сырдария Арал теңізіне жетпей қалатын болды. Қазіргі кезде Сырдария алабының суын реттеп отыруды Халықаралық су шаруашылығы комиссиясы бақылап отырады.

Сыр бойында Шардара, Қызылорда, Қазалы қалалары және бірнеше аудан орталықтары орналасқан. 

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Сарыарқа аймағы туралы мәлімет

  2. Бетпақдала шөлді өңірі туралы

  3. Қазақстанның табиғи аймақтары. Жетісу өңірі туралы

  4. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  5. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  6. Көксерке мен қортпа балығы

  7. Алабұға және сазан балығы

  8. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет


ПІКІР ҚАЛДЫРУ