Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлері. Тәрбиенің жұмысының басым бағыттары.

0
2475
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: студенттердің тұлға тәрбиесінің негізгі теориялық (жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде), ғылыми-әдістемелік және технологиялық бағыттары туралы түсініктерін қалыптастыру. Тәрбиенің жұмысының басым бағыттары, әдістері, құралдары мен формаларымен таныстыру.

Жоспар:
1) Тәрбие жұмысының теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлері.
2) Тұлғаның Тәрбиенің жұмысының басым бағыттары. үйлесімді дамуы туралы түсінік беру.
3) Тәрбиенің әдістері, құралдары мен формалары.
4) Тұлғаның қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің ролі.

Негізгі ұғымдар: жалпы адамзаттық құндылықтар, имандылық, ізгі қасиеттер, рухани
құндылықтар, тәрбиенің мазмұны, түрлері, тәрбие мазмұнының этикалық және ұлттық аспектілері, өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері.

Жалпы адамзаттық құндылықтар.
Жалпы адамзаттық құндылық бағыттары адамның мінез құлқының ең маңызды қозғаушы күші болып табылады және оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды. Жеке тұлғаның құндылықтар бағыттары жетке тұлғаға қатысты ішкі және сыртқы арақатынастың түрлі деңгейі мен формаларынан тұратын, жеке тұлғаның қоршаған дүниені, өзінің өткен өмірін, бүгінгісі мен болашағын, сондай-ақ өзіндік «Мен» деген сезімнің мәнін ұғынудың ерекше формалары.

Адамгершілік тәрбиесі және оның мазмұны. Еліміздің тәуелсіз мемелекеті ретінде
қалыптасуының сипаты халықтың рухани, адамгершілік, имандылық көзқарасына, жастар арасындағы білім мен тәрбиеге байланысты. Жастарды тәрбиелеу олардың бойында ізгіқасиеттерді сіңіру.

Педагогикалық энциклопедияда «Адамгершілік — мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру, адамгершілік сезімдерін дамыту, моральдық сананы мақсатты бағытталған түрде қалыптастыру немесе мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінез білімдерін, моральдық қасиеттерді қалыптастыру процесі» деп анықтамам берілген.

Қазақ педагогикалық энциклопедиялық сөздігінде «Адамгершілік тәрбиесі — мақсатқа
негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым қатынастыр дамытуға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі» деп анықтама берген.

Ж. Аймауытовтың «Психология» атты оқылығында берілген «…дәрігер ададмның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» тұжырымында адамгершілік тұлғаның жаны мен тәннің тазалығында деп түсінеді.

Я.А. Коменский өзнің «Ұлы дидактика» және «Ана мектебі» деген еңбектерінде
адамгершіліктің ең маңызды белгісі деп: дінді, гуманизм мәдениетінің ережесін жатқызды. Ізгілікті ол жанның күші, сабырлылық, әділдік, мейрбандық, жомарттық, адамдарға жақсылық жасау дайындығы, шыншылдық, сыпайлық, сыйластық деп түсінді.

А.С. Макаренко «Мектеп қай заман өзгерісі болмасын, өз ұрпағын оң шешімдер қабылдап, өз қылығын саралай білетін және басқалардың да дұрыс мінез-құлық танытуын талап етеін, белсенді қоғам мүшелерін тәрбиелеп шығаруы тиіс» деп тұжырымдаған.

В.А. Сухомлинский еңбектерінде адамгершілік тәрбиесін беруде террия мен практиканы бірлікте қарастыру керектгіне мән берген және адалдық, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу процесінің негізін айқындайтын теориялық ереже ұсына отырып, адамның адамгершілік қасиетінің көрінісі мейірімді, кішіпейіл болу, адамдарға деген сүйіспеншілік, сыйластық, адамдардың жан күйзелісін түсіне білу, қуанышын бөлісе білу,т.б. деп атап көрсетті.Жеке тұлға өз іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. «Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс» — деп кезінде К.Д.Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген.

Тұлғаның жан жақты үйлесімді дамуы туралы түсініктер сонау көне дәуірдің философиялық ілімдерінде, қайта өркендеу дәуірінің гуманист-педагогтарынын еңбектерінде кездеседі.

Имандылық тәрбиесінің қоғамдық мәні. Имандылық ұғымы халқымыздың қоғам болып қалыптасу кезеңінен бастау алады. Иманды адамқа тән қасиеттер адамгершілік қасиеттермен белгіленеді. Құран кәрімнің сүрелерінде және Хадистерде халыққа тәлім-тәрбие берерлік өнегелі, ұлағатты дана сөздер мен ойлар жиналған. Құранның «Ғалақ» /1-5/сүресінде: «Оқыңдар, ол  Мұхаммед Пайғамбарға жіберген алғашқы аят. Оқу аса ардақты»; «Біреудің намысына, абыройына, адамгершілігіне дақ түсіретін бейнеде ойнау, мазақтау, сондай ақ біреуді қорлау, ғайбаттау, жала жабу, күншілдік істеу, өсек айтуға тұжырымды түрде тыйым салынсын» деп келтірген.

Мұхаммед Пайғамбардың: «Өзімнен кейінгі қалатын ұрпағымды ойласам, үш нәрседен
қорқамын:

1) Құлқынның құлы болып, жолдан таюдан.

2) Нәпсіқұмарлыққа салынып, лас істерге ұрынудан.

3) Ілім білім бола тұрып, қараңғы наданның ісін істеуден» /1.6/ деген ойлары бүгінгі
күннің өзекті мәселесі болып тұрғаны анық.

«Күлтегін», «Білгеқаған», «Тоныкөк» дастандарының имандылық идеяларға қосатын үлесі мол. Халықтың кеменгер ойшылдары Қорқыт ата, Әбу Насыр әл Фараби, Қожа АХмет Яссауи, Махмұд Қашқари, Ахмет Йүгнеки, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, т.б. шығармалары имандылық иедеясының қалыптасуына косқан үлесі мол.

XV ғксыр мен ХІХ ғ. бірінші жартысында өмір сүрген Асанқайғы, Ж. Баласағүн, Қазтұған, Мұхаммед Хайдар Дулати, Ө. Тлеуғабылұлы, Қадырғали Жалайыр, , Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, т.б. ақын жырау ойшылдар шығармашылығының жастардыңбойында отансүйгіштік, ұйымшылдық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, әдепті, елгезек, кішіпейіл, мейірімді болу сияқты имандылық қасиеттерді тәрбиелеуге жоғары мән берген.

ХІХ ғ. екінші жартысында Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы ғұлама ойшылдардың шығармаларында да осы құндылықтардың халықтың бірлігі мен берекесі, мәдени және саяси тұрақтылықтың негізі ретінде қарастырған.

VІІІ ІX ғ. жазылған рухани мұраның бірі Қорқыт атаның тағылымдарында: «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман», «Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді», «Ақылсыз балаға атат дәулетінен қайран жоқ», «Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған тұз артық» деген нақыл сөздері үлкеннен ғибрат алуды меңзейді, жастарды ақылды, халыққа, туған елге, дәстүрге деген сүйіспеншілікке, өмірге құштарлықты, имандылыққа, көпшілдікке, қонақжай болуға шақырады.

Әбу Насыр әл Фарабидің философиялық трактаттарында да «Мемлекет қайраткерінің
нақыл сөздері», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жетужолында», «Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», т.б. шығармаларында тәлім тәрбиелік
көзқарастары да баяндалған. Шәкірттерінде шыншылдықты, сыпайылылқты, әділдікті талап ету үшін алдымен ұстаздың бойында осы қасиеттер болу керектігін көрсеткен.

Тәрбие мазмұны — әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзінөзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Тәрбиенің негізгі заңдылықтары мен принциптері:
1. Тәрбиенің іс-әрекет процесінде іске асу заңдылығы: қарым-қатынастың сипатына
байланысты.
2. Тәрбиенің тұлғаның қоғаммен, басқа адамдармен қарым-қатынасына тәуелді болу
заңдылығы. Қарым-қатынас жағымсыз болса тәрбие де дұрыс болмайды.
3. Тәрбие мен өмірдің байланысты болу заңдылығы.өмірден алған тәжірибені ең жақсы
тәрбиеші қызметін атқарады.
4. Жеке тұлғаны тәрбиелеу, педагогикалық іс-әрекеттің қатар жүру заңдылығына сай іске асырылады.
5. Тәрбие мазмұны баланың өмір сүріп отырған тарихикезеңіне тәуелді болады.
6. Тәрбиенің мазмұны, әдістері, формасы тәрбиеленушінің жас, жыныс және дара
ерекшеліктеріне сай жүргізіледі.
7. Тәрбие тәрбиеленушінің тәрбиешіге қарым-қатынасына тәуелді: бірбіріне сенімділігі.
8. Тәрбие нәтижесі тәрбиешінің біліктілігіне байланысты.
9. Тәрбие нәтижелігі оған қатысушылардың үйлесімді жұмысына байланысты.
Тәрбие принциптері: қоғаммен, өмірмен байланыстылығы, кешенділгі, гуманистік принцип, тұлғаға бағытталуы, міндеттілігі.

Әлеуметтік институт ретінде мектеп педагогикалық процесске қатысушьшардың өзін-өздері іске асыруларына және өздерінін өмірдегі орнын анықтай алуларына жағдай жасауға тырысады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 01 маусымдағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар, адам өмірі мен денсаулығы, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын,  патриотизмді, еңбексүйгіштікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. Тұжырымдамалық негіздер Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиенің даму перспективасын, басым бағыттарын, тәрбие мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін
және тетіктерін анықтайды.

Ұлттың ерекшеліктерін, психологиясын, менталитетін ескермеу, ұлттық-мәдени құндылықтар бастауынан алыстау немесе оларды космополитизм мен жалған мәдениет түрлерімен алмастыру – адамның моральдық азуына, қоршаған әлемге агрессиясының артуына, рухани-адамгершілік әлеуетінің құлдырауына әкеліп соқтырады.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
  2. Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе, белгілері мен сапа-қасиеттері
  3. Тәрбие теориясы. Тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Оның міндеттері мен қызметтері.
  4. Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар. Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі
  5. Терминге қойылатын талаптар
  6. Көркем троптар, олардың түрлері
  7. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  8. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  9. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  10. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  11. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  12. Әдебиеттің тектері мен түрлері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ