«Төрт түлігім – ырысым» (балабақша жоспары)

0
1879
Гомотетия және оның қасиеттері

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту.

Мақсаты. Білімділік: Балаларды үй жануарларымен таныстыру. Сурет бойынша мазмұндап айтуға, төлдерін ажыратып, байланыстыра сөйлеуге қалыптастыру. Төрт түлік жануарлар пайдасын меңгерумен қатар, оларды күтіп-бағуға деген
ынта-жігерлерін ояту.

Дамытушылық: сөз құрау, жұмбақ шешу арқылы олардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту.

Тәрбиелік: төрт түлік малды қадірлеуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: төрт түлік малдың және төлдерінің суреттері, слайд, төрт түлік пірлері, жайлау.

  1. Жұлдызды жұп (балабақша сайысы)
  2. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  3. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу, тақпақтар жаттау.

Әдіс — тәсілі: түсіндіру, сұрақ — жауап, көрсету, саяхат, ойын.

Сөздік жұмысы: Үй жануарлары, түйе, бота, жылқы.

Билингвалды компонент: Түйе-верблюд-camel, жылқы-лошадь-horse, сиыр-корова-cow, қойбаран-sheep, ешкі-коза-goat.

Балалар шеңбер бойымен тұрып, Е.Өтетілеуұлының өлеңін оқиды.

Білер қазақ баласы,
Сәлем – сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар : Күн

Тәрбиеші: Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

Балалар: Аспанымыз ашық болсын !
Күніміз жарқын болсын !
Еліміз тыныш болсын !

Қане, балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы.

Тәрбиеші: Балалар, сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?

Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты.

Тәрбиеші: Жақсы, балалар! Бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.

– Балалар, сендерге саяхатқа барған ұнай ма? Бүгін біз ауылға жайлауға саяхатқа шығамыз.

– Балалар, саяхатқа немен баруға болады?

Балалар: машинамен, автобуспен, пойызбен, ат шанамен.

Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар. Ендеше, бүгін біз автобуспен ауылға барамыз.
Бейнетаспаға назар аудару.

Алдар көсе:
Мен ақылды – қу Алдар көсемін,
Басқаларға ұқсамайтын өзгешемін.

Балалар, менің сендерге тапсырмаларым бар, сендердің білімдеріңді байқауға сый тартар едім, бірақ менің сиқырлы сандығым тек қана өз ақылын және білімін көрсететін балаларға ғана ашылады. Осындай сынақтардан өтуге дайынсыңдар ма, ендеше менің қоржынымда сұрақтапсырмалар бар /балалар қоржыннан тапсырмаларды бір-бірден алады/

1-тапсырма бойынша: /Көктем мезгіліне арналған сурет бойынша жұмыстану, әңгімелесу/.

– Көктем мезгілінде алғаш ұшып келетін құс қандай? /Қараторғай көктем мезгілінде бірінші болып ұшып келетін құс./
– Қазір жылдың қай мезгілі? /Көктем./
– Көктем мезгілінде неше ай бар, атап беріңдер? /3 ай, наурыз, сәуір, мамыр/.
– Көктемде күн не істейді? /Күн ұзарады, ал түн қысқарады./
– Наурыз айында күн мен түн қандай өзгеріске ұшырайды? /Теңеседі/.

– Балалар-ау, балалар!
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.

Қос білекті сыбанып,
Жүгірейік қуанып.
Қыр басына шығайық,
Көктем тілін ұғайық.

2-тапсырма бойынша:

Тәрбиеші: – Балалар, ата-бабаларымыз қандай малды баққан? /Төрт түлік/.
– Олар қандай жануарлар? /Үй жануарлары/.
– Балалар, қараңдаршы төрт түлік жайлауда жайылып жүр. Олар қандай жануарлар, атап берейікші.

Түйе-верблюд-camel, жылқы-лошадь-horse, сиыр-корова-cow, қой-баран-sheep,ешкі-коза-goat. Төлдерін қалай атаймыз? Ботақан, құлыншақ, қозы, лақ.

Олардан қандай пайда аламыз? Етін жейміз, сүтін ішеміз, жүнінен киім тоқимыз, терісін
пайдаланамыз.

Бейнетаспадан үй жануарлары, олардың пайдасын көру.
Ойын: «Домбыра»

3-тапсырма бойынша: Төрт түлік туралы тақпақ, тыйым сөздер:

Айналайын торпақ,
Бола берме қорқақ.
Тар болып тұр аула,
Тысқа шық, таза ауа.

Кіп-кішкентай момақан,
Қошақанды ұнатам
Сүйеді анам «қозым» деп,
Ботақаным өзің деп.

Құлын-құлын, құлыншақ,
Желкілдейді тұлымшақ.
Маңдайында жұлдызы
Құйрығында құндызы.

«Мө-мөө», – деген әні бар,
Үй маңынан табылар.
Мөңірегіш бұзауым,
Маған үйір жануар.

Төрт түлік мал туралы тыйым сөздер:

1. Малды теппе.
2. Ақты баспа.
3. Түйенің астынан ӛтпе.
4. Атқа теріс мінбе.
5. Малды үркітпе, қарғама.

Сергіту сәті: «Шаңырақ»

Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.

Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік – асыл мұрамыз.

Тәрбиеші: Балалар, төрт түлікке байланысты қандай ұлттық ойындарды білеміз?
/Бәйге, Қыз қуу, Кӛкпар, Теңге алу/.

4-тапсырма бойынша: «Сиқырлы сандық»

Тәрбиеші: Балалар, мына сиқырлы сандығымыз ашылу үшін оны әдемі өрнектермен
безендірейік, бәлкім ашылатын шығар.

Балалар тапсырманы орындайды.

Алдар көсе: Балалар, менің барлық сынақтарым аяқталды. Сиқырлы сандығым енді ашылады ма екен, тексеріп көрейік. Сандық ашылады. Ішінен сыйлықтар шығады.

Балаларға таратады.
– Қалай ойлайсыңдар, сиқырлы сандық неліктен ашылды? Біздер барлық тапсырмаларды орындадық.

– Сендердің білімдеріңе риза болдым, енді осы тапсырмаларды ненің арқасында шешіп отырмыз сол үшін рахметімізді айтайық.

Қорытынды:

Мен барлығын жақсы көремін, сол үшін көздеріме рақмет.
Жақсы естимін, сол үшін құлақтарыма рақмет.
Мен барлық жерге барамын, сол үшін аяқтарыма рақмет.
Мен барлық жұмысты атқарамын, сол үшін қолдарыма рақмет.
Балалар автобусқа отырып, балабақшаға оралады. Қонақтармен қоштасады.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар: 

  1. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  2. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  3. «Наурыз – думан!» (Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі)
  4. Қонжыққа сыйлық (балабақша жоспары)
  5. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  6. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  7. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  8. «Білімді информатик» сайысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ