Тауриннің пайдасын білесіз бе?

0
1228
Freepik.com

 Адам ағзасы үшiн аса пайдалы, әсіресе өтке өте  керек амин қышқылы — ТАУРИН туралы қызықты мәлімет.

Таурин сөзiнiң — «taurus», яғни «өгiз, бұқа» деген сөзден шыққан. Шынында да бұл амин қышқылы көбіне жануарлардан алынатын ет, сүт өнімдерінде, жұмыртқада кездеседі.

Сондай-ақ балық пен теңіз тағамдарында да баршылық. Ал енді осы маңызды амин қышқылы адам ағзасында жеткiлiксiз болса не болмақ?

Онда ми, жүйке жұмысы, зат алмасу процесі, iшкi органдар — асқазан-iшек жолдары, бауыр, бүйрек, өт қызметі бұзылады. Сәйкесiнше бойда талай сырқат та пайда болады.

Сондықтан дұрыс тамақтанып қана қоймай, органдар жұмысын жақсартатын дәрумендер кешенiн, пайдалы препараттарды қабылдап отыруды дағдыға айналдырыңыз!

Тауриннің пайдасы:

— Бауыр мен өт жұмысын жолға қояды. Өттің бөлiнуiне жәрдемдеседі
— Ағзадағы барлық қабынулардың алдын алады
— Iштiң желденуiне бiрден бiр ем
— Ақуыз, май, миероэлементтердiң алмасуын реттейдi
— Энергияның өте мол көзі ( энергетикалық сусындардың құрамына да сол үшін қосады)
— Метоболизмдi реттейді
— Есте сақтау қабілетін жақсартады
— Көз ауруларының алдын алады әрі емдейді
— Қант деңгейін нормада ұстауға көмекші
— Терiнi ылғалдандырады
— Майлар мен дәрумендердiң ағзаға жақсы сiңуiне себепші болады.

Ал осы тауриндi тағамнан бөлек, препарат күйінде қабылдауға дәрігерлер  кеңес береді.

Өйткені тағам құрамында болғанымен ол күнделікті рационымызда кездеспесе, керектi дозаны да ала алмайтынымыз анық.

Басқа материалдар:

  1. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  2.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  3. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  4. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  5. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  6. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  7. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  8. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  9. «Денсаулық басты байлық»
  10. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  11. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  12. Тарының ағзаға пайдасы көп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ