Витаминдер туралы жалпы түсінік

0
2983
Иллюстрация: Freepik.com

И. Луниннің ғылыми жұмысына дейін (1880 ж.) қорек үшін бес түрлі ғана зат — белоктар, майлар, көмірсулар, минералдық тұздар жəне су қажет деген пікір қалыптасқан еді.

Ал кейін үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.

Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды ал негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде
бери-бери (паралич) деген ауру кездеседі. Мұндай ауру кезінде нерв тармақтары қабынады да, қол-аяқ тырысып қалады. Мұндай сырқат əсіресе күрішті машинамен өңдеп, ақтау тəсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті.

Поляк ғалымы К. Функ (1911 ж.) ақталып тазартылған күрішті оның кебегінің сығындысын қосып, тауыққа береді. Мұндай жемді жеген тауық бери-бери ауруының өршуін болдырмаған.  Бұдан кейін ғалым бери-бери сырқатынан сақтайтын затты
күріш кебегінен бөліп алады. Ол амин тобы бар химиялық зат екенін анықтайды. Сондықтан Функ ол затты витамин деп атайды (латынш vita-тіршілік, өмір).
Адамның жəне жануарлардың ағзасында, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады.

Олар провитаминдер (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сəйкес витаминдерге айналады. Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса немесе ағзаның витаминді
сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады, ондай ауруды авитаминоз деп атайды.

Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының белгілері айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын қойып, анықтау онша қиын емес. Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат
белгі береді. Бұл жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз жағдайы ағзаға қажет витамин мөлшерінің нормадан төмендеп кетуінен болады. Гиповитаминоз белгілерін анықтау қиындау.

Əдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық-түлікте жəне жем-шөпте витаминдер мөлшері өте азайған кезде байқалады.Кез келген витаминді (əсіресе, А жəне Д витаминін) ағзаға қалыптан тыс көп беру гипервитаминоз ауруына ұшыратады.
Витаминді бір жолы көп мөлшерде қабылдау уландырады. Ондай
жағдайды гипервитаминоз деуге болмайды. Химиялық табиғаты əлі анықталмаған алғаш алынған витаминдер латын алфавитінің бас əрпімен белгіленген болатын. Ол
жағдай қазір əдебиетте кең көлемде қолданылады.

Мысалы: А витамині, В витамині, С витамині, т. с.с. Қазіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды жəне олардың бəрі синтездік жолмен алынды. Оларға
химиялық атау берілді, мысалы, А витамині — ретинол (-ол жалғауы молекуласында спирт тобы бар екенін білдіреді).

Д витамині -кальциферол деп аталады, яғни «кальций ионын тасымалдайды» деген мағынаны береді. Сол сияқты витаминдер жетіспеген кезде ұшырайтын ау рудың атымен атау қабылданған. Ол кезде «анти» деген косымша жалғанды. Бұл қосымша сөз болып отырған витаминге сəйкес авитаминоз ауруының алдын алады жəне одан сақтандырады деген мағынаны білдіреді.

Мысалы, Д витамині антирахит витамині (рахитке қарсы) деп, С витамині антицинготтық (құрқұлаққа қарсы) витамин деп аталады т.с.с.

Барлық витаминдер өздерінің физикалық-химиялық қасиетте ріне қарай екі класқа бөлінеді, олар:
1. майларда еритін витаминдер;
2. суда еритін витаминдер.

Кейбір витаминдердің ферменттік катализдік қызметі

Дереккөз: Биохимия негіздері, С. Қ. Тұртабаев, А. К. Кабдрахимова, А. Ж. Еримова, Алматы, 2012

Басқа материал:

  1. Белоктар туралы тест тапсырмасы
  2. Белоктар туралы жалпы түсінік
  3. Ағзалардың химиялық құрылымы
  4. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  5. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  6. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  7. Химиядан тест сұрақтары жауабымен
  8. Мобильді құрылғылар сипаттамасы
  9. Виртуалды машиналар туралы мәлімет
  10. Вир­туал­ды жә­не ке­ңей­тіл­ген шын­дық де­ге­ні­міз не?
  11. Инфографикамен жұмыс істеуге арналған тегін немесе тарифы төмен сервистер
  12. Жасуша – тірі ағзаның құрылымдық бірлігі
  13. Биологиялық мембраналар

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ