XVIII ғасырдың 30-50-жылдарындағы Қазақстандағы Ресей империясының саясаты (сабақ жоспары)

0
3034
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

– қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау.

– қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау.

Зерттеу сұрағы: қазақ хандығының ішкі саяси жағдайының шиеленісуінің салдары қандай болды?

Оқулық
XVIII ғасырдың 30-50-жылдарындағы Қазақстандағы Ресей империясының саясаты. 35–38 беттер.

Тірек сөздер: Әбілқайыр хан, Нұралы, Орта жүз, Хиуа хандығы, Батыр сұлтан, Барақ сұлтан

Ресурстар:
1. Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.3. – Алматы: Атамұра, 2002. – 150-179 бб.

Сабаққа дайындық: XVIII ғасырдың 30-40-жылдарындағы Кiшi және Орта жүздiң жағдайын талдай отырып, Әбілқайыр ханның саяси ықпалының өсуі мен оның Ресеймен қарым-қатынастарындағы өзгерістердің себептерін, жалпы Ресей билігін мойындауының тарихи маңызы туралы білім беру.

XVIII ғасырдың 40-жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделi кезеңнің сипатын ашып көрсете отырып, Ресейдiң құрамына қосылғанымен Кiшi жүздiң жағдайының түзелмеуінің себептерін, Әбілқайыр ханның Ресеймен қарым-қатынасындағы бастапқы ұстанымының өзгеруінің себептерін, оның Орта жүзде де ықпалының артуының барысын талдай отырып, қазақ тарихындағы күрделі кезең туралы оқушылардың танымын кеңейту, тарихи талдау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың деректі материалдары: Карта, тарихи суреттер, тірек-кестелер мен тарихи құжаттардан үзінділер берілген слайд.

Сабаққа қатысты әдістемелік нұсқаулық: Сабақты ұйымдастыру барысында тарихи экскурсия, сауалнама, технологиялық ақпараттылық әдістерін пайдалану керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер: қазақ халқының саяси дамуындағы күрделi  кезең болып саналатын XVIII ғасырдың 40-жылдарындағы Кіші жүз бен Орта жүздің саяси жағдайын түсіндіру үшін Орынбор шекаралық комиссиясының жаңа төрағасы И.И.Неплюевтың жеке тұлғасы мен қазақ жеріндегі саясатын талдауға назар аудару қажет.

Сабақтың барысы. Сабақты XVIII ғасырдың 40-жылдарындағы Кіші және Орта жүздегі саяси жағдайдың күрделі болғандығынан бастау керек.

Жоңғар шапқыншылығының толық аяқталмауы мен Ұлы жүздің шын мәнінде жоңғарлар қол астында қалуы жағдайында парсы билеушісі Нәдір шах тарапынан туындағын жаңа басқыншылық соғыс қаупі, Ресейдің саяси жағдайды қаншалықты күрделендіре түскендігін түсіндіру керек.

Осы орайда материалдың күрделілігін ескере отырып, оқушыларды жаңа сабақты игеру үшін 4 топқа бөліп, өз беттеріне тапсырмалар беру қажет.

1-топ алдын ала дайындалған жоспар бойынша XVIII ғасырдың 40-жылдарындағы Кіші жүздегі саяси жағдайды талдайды.

2-топ Әбілхайыр ханның Орта жүздегі ықпалының өсуінің себептерін көрсетуі керек.

3-топ Әбілқайыр ханның саясатындағы өзгерістерді талдаса,

4-топ Әбілқайыр ханның өлімі мен оның жалпы Ресейге қатысты ұстанған саясатының нәтижелерін талдауға бағытталуы тиіс.

Білімді бағалау мүмкіндіктері. Мұғалім алдын ала дайындалған жоспар бойынша сыныпты бірнеше топқа бөліп, оларға арнайы дайындалған сұрақтар қояды. Әр сұраққа жауап берген оқушының жауабын өзге топтың оқушыларының толықтыруын сұрайды.

Қосымша тапсырма: оқулық мәтінімен және хрестоматияда берілген қосымша материалдармен жұмыс.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ