Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей бодандығын қабылдауы: себептері мен мақсаттары (сабақ жоспары)

0
2896
Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

– қазақ хандығының ішікі саяси жағдайын талдау.

– қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау.

Зерттеу сұрағы:

Әбілқайыр хан Анна Иоанновнаға жазған хатында қандай мақсат көздеді?

Оқулық

§ 9. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей бодандығын қабылдауы: себептері мен мақсаттары. 31–35 беттер.

Тірек сөздер:

Әбілқайыр хан, ант қабылдау, бодандық, Анна Иоановна, Орта жүз, Кіші жүз.

Ресурстар:

Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.3.
– Алматы: Атамұра, 2002. – 150-179 бб.
Материалы по истории политического строя Казахстана. Т. 1. – АлмаАта, 1960.

Сабаққа дайындық:

Кіші және Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауының басты сепбептерін анықтап көрсету үшін Қазақстанның сол кезеңдегі ішкі жағдайы мен сыртқы геосаяси жағдайын талқылау керек.

Жалпы тарихтағы саяси, экономикалық мүдделер мен күштердің ара-салмағының, жалпы құрлықтар мен елдердің саяси аренадағы орындары мен рөлдерінің өзгеру тенденцияларымен байланысты қарастыру керек.

Сабақтың деректі материалдары:

Қазақстанның саяси құрылымына қатысты материалдар жинағында жарияланған (http://elib.nklibrary.kz сайтынан да алуға болады) Әбілқайыр ханның 1730 жылғы хатының мәтінін, транскрипциясын дайындау.

Қазақ хандығының картасы арқылы осы кезеңдегі қазақ жүздерінің арасындағы саяси, шаруашылық-экономикалық байланыстардың үзілуі мен сыртқы саяси жағдайдың күрделілігін көрсететін деректік матариалдардан үзінділер дайындау.

Сабаққа әдістемелік нұсқау:

Сабақты ұйымдастыруда пікірталас форматын қолданып, тарихи сараптау, интербелсенді тапсырмалар, картамен жұмыс түрлерін пайдалану керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер:

Әбілқайыр ханның Ресей бодандығына өту туралы ұсынысының тарихи себептерін талдауға назар аудару қажет. Ресей бодандығына өту тек бір тұлғаның әрекеті (Әбілқайырдың хаты) ме немесе жалпы тарихи-саяси даму үдерісінің қорытындысынан туындаған акт пе деген сұраққа оқушылардың өз беттерімен жауап бере алуын қамтамасыз ету қажет.

Сабақтың барысы.

Аңырақай шайқасынан кейінгі қазақ жүздерінің ішкі және сыртқы саяси жағдайын талдау арқылы қазақ елінің аса күрделі саяси жағдайға тап балуының себептерін айқындау керек.

Жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының әлеуметтік-демографиялық, миграциялық және сауда-экономикалық жағдайын өзгертуінің барысын өткен сабақтармен байланыстыра отырып талдау, патшалық Ресей үкіметі неліктен қазақ билеушілерінің жоңғарларға қарсы күресте одақтас болу туралы ұсынысын қабылдауға мүдделі болмауын көрсетеді.

Білімді бағалау мүмкіндіктері:

Әбілхайыр хан хатының тарихи маңызы туралы пікірталас ұйымдастыра отырып, оқушылардың қарастырылып отырған кезеңдегі саяси, тарихи жағдайды жалпы бағалай білу мен қорытынды жасай алу мүмкіндіктеріне байланысты бағаланады.

Қосымша тапсырма.

Оқулықта берілген Әбілхайыр ханның Ресей бодандығына өту жөніндегі әрекеттерін қалай бағалауға болады? “Бұл ханның жеке басының қамқарекетін ойлағаннан туындаған әрекеті ме, әлде халқының тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтап қалу жолындағы күресінің нәтижесі ме” атты тақырыпта эссе дайындау.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ