Қымыздың пайдасы

0
1607

 Әдетте түйенің, сиырдың сүтін қайнатып, стерилдейді. Өйткені, олардың сүтінен адамға қандай да бір ауру жұғуы мүмкін.

Ал жылқының сүтін дәл бұлай тазаламайды және оның өті болмайтындықтан, мұның қажеті де жоқ. Осылайша жылқы сүтінде адамға қажетті барлық микроэлемент сақталады.

Бұрынғы кезде шала туған 7 айлық сәбилерді осы бие сүтімен өсірген. Яғни оның пайдасы адам сүтімен бірдей десе де болады.

Қымыз – туберкулез ауруына таптырмайтын ем. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “ С” витамині мол. Туберкулезді қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен. Оны ашқан В. Толстиков дәрігер: “Қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады” – деп жазған.

Қымыз ішу арқылы жүйке ауруларын емдеуге болады. Қымыз ағзаға жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорыту органдарының, жүрек-қан тамырлары аппаратының, жүйке жүйесі мен басқа органдардың қызметін жақсартады. Қымыздың әсері бүкіл ағзаны өзгертеді. Физиологиялық және биохимиялық процестер күшейіп, зат алмасу қалпына келеді.

Қымыз тәбетті ашады. Оның құрамында сүт қышқылы бар. Соған орай ол тағамның құрамындағы белоктардың, майлардың, әр түрлі қанттардың жақсы қорытылуына ықпал жасайды. Ал құрамындағы көмір қышқылы аздығына қарамастан ас қорыту бездеріне әсер етіп, асқазан сөлінің бөлініп шығуын тездетеді.

Қымыздың құрамында белок көп. Сүттегі ең бағалы зат – белок. Бие сүтінде 1,8 – 2,2 % белок болады. Сүтте белоктың үш түрі де – казеин, альбумин және глобулин кездеседі.

Қымыз – бірнеше дәрумендердің жиынтығы. Бие сүтінде 6,7% лактоза бар. Сонымен қатар қанттан басқа, қалпына келмейтін көмірсулар бар. Әсіресе, ол А және С витаминдеріне бай. Сонымен қатар В тобы, Д, Е, F витаминдері болады.

Қымызда адам ағзасына пайдалы минералдық заттар өте көп. Қымызда мынандай минералдық заттар бар: кальций – 48%, магний – 3,4%, фосфор – 21,3%, хлор – 7,5%. Қан құрауда маңызды рөл атқаратын кобальт пен мыс сияқты элементтер сиыр сүтінен гөрі бие сүтінде едәуір көп.

Басқа материалдар:

  1. Фастфудтың 10 зияны
  2. Майонезді неге жеуге болмайды?
  3. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  4. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  5.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  6. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  7. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  8. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  9. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  10. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ