Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)

0
2610

Сабақтың мақсаты:

— 6.3.1.3 X–XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси
процестерді түсіндіру;
— 6.3.2.4 қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау;
— 6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау;
— 6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердіңөсабақтастығын сипаттауда
“Ұлы Дала Елі” ұғымын қолдану.

Зерттеу сұрағы

Қазақ даласы не себепті “Дешті Қыпшақ” деп аталды?

Оқулық

Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.). 67–70 беттер.

Ресурстар

Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2-том. Алматы.
Атамұра. 2010.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. — Алматы. Атамұра. 1999.
Омарбеков Т. Қазақтың шығу тегі. Алматы, 2017.

Тірек сөздер

— Қыпшақ
— Дешті-Қыпшақ
— половецтер
— мадьярлар,
— гагауздар

Көрнекілік

— Тарихи карта: Қыпшақ хандығы. Даласы оқулықтың 71-бетінде.
— Оқулықтың 72-73 бетіндегі қыпшақ жауынгерлерінің суреттері.
— Тарихи дерек: “Кодекс куманикус” шығармасынан үзiндi.

Мақсатты айқындау.

“Қыпшақ” атауының тарихи деректерде қашаннан бастап кездесетiнiн анықтап беру арқылы қыпшақтардың VII ғасырдың соңы мен VIII ғасыр
басына қарай жеке саяси мемлекеттiк бiрлестiк түрiнде көрiне бастағанын, бiртiндеп олардың Қимақ қағанатына қосылғанын, олар жаулаған өңiрдiң қазiргi Орталық және Батыс Қазақстан өңiрiн түгелдей дерлiк қамтығанын оқушылар ұғып алулары керек.

Дамытушылық маңызы — қыпшақтардың шын мәнiнде байырғы түрiктердiң саяси және этникалық мұрагерлерiне айналғандарын, олардың иелiктерiндегi Едiл өзенiне дейiнгi ұлан байтақ аймақтың Х ғасырға қарай “Дештi Қыпшақ”, яғни “Қыпшақ даласы” атанғанын түсiну.

Тәрбиелiк маңызы — оқушылар қыпшақтардың кейiнiректе қалыптасқан қазақ тәрiздi көптеген түркi халықтарының тарихи тамырларын нығайтуға зор үлес қосып, олардың дербес ұлт ретiнде түркiлiк келбеттерiн жоғалтып алмауларына айтарлықтай ықпал жасағандарын айқын аңғарту.

Сабақтың деректік материалдары

Мұғалiм қыпшақтарды Батыс Түрiк қағанаты, онан соң Қимақ қағанаты
құрамындағы тайпалық бiрлестiктермен тығыз қарым қатынаста өсiп жетiлген
тайпа ретiнде қарастыруы керек. Әсiресе қыпшақтар қазiргi Орталық және
Батыс Қазақстан өңiрiндегi тайпалық одақтардың этникалық құрамының
жаңа деңгейге көтерiлуiне үлкен ықпал жасады.

Мұғалiм “Дештi Қыпшақ” деп аталатын аймақтың, негiзiнен, қазiргi қазақ даласына қатысты айтылатынын және ХI ғасыр басында күшейген қуатты Қыпшақ хандығының,
негiзiнен, қазiргi Қазақстан аумағында өмiр сүргенiн нақты деректердi пайдалану арқылы оқушыларға ұғындыруы тиiс.

Мұның өзi оқушыларды туған өлке тарихын жақсы бiлуге баулып қана қоймай, оларды ата-бабаларымыздың ерлiк дәстүрлерi рухында тәрбиелеуге де ықпал жасайды. Кезiнде Оңтүстiк және Батыс Қазақстан өңiрлерiнде өмiр сүрген оғыздар тәрiздi қыпшақтардың да тағдыры бiздiң елiмiздiң орта ғасырлардағы күрделi тарихымен тығыз байланысты екендiгiн оқушылар жақсы ұғынып алулары тиiс.

Осыған байланысты мұғалiмнiң әңгiмесi өткен сабақтарда айтылған оғыздар тарихымен тығыз байланыста қарастырылып, қызықты да тартымды баяндауға құрылғаны жөн. Сабақты түсiндiру барысында қыпшақтар тарихын ерекше оқшауламай және аңыз сипатындағы әңгiмелерге айналдырып жiбермей,деректердi нақты да тиянақты баяндау керек.

Оқушылар тiптен аса қуатты мемлекет құрған бабаларымыздың да қым-қиғаш, күрделi тарихи оқиғаларды бастан кешуге мәжбүр болғандарын, әсiресе батыстағы және оңтүстiктегi көршi халықтармен қарым-қатынастардың тым күрделi болғанын мұғалiмнiң қисынды әңгiмелерiнен аңғарулары тиiс.

Сонымен қатар Қыпшақ хандығының тарихын әңгiмелегенде оны тым асыра дәрiптеп, бiржақтылыққа ұғынуға болмайды. Оның да орта ғасырларда Қазақстан аумағында өмiр сүрген басқа мемлекеттер тәрiздi өзiндiк әлсiздiктерi және ерекшелiктерi болды.

Мұның өзi түптiң түбiнде Қыпшақ мемлекетiн күйреуге алып келдi. Оның үстiне қыпшақтардың Қазақстан аумағына түгелдей үстемдiк жасамағанын және елiмiздiң оңтүстiгiнде және оңтүстiк шығысында басқа мемлекеттiк бiрлестiктер өмiр сүргендерiн де оқушылар ұғынып алулары керек. Сабақтың аса маңызды кезеңдерiн есте қалдыру үшiн оқушылардың үш топқа бөлiнiп жұмыс жасағандары тиiмдi болады. Бiрiншi топ оқушылары Қыпшақ мемлекетiнiң құрылуының алғы шарттары мен тарихи бастауларын жұмыс дәптерлерiне нақты тезистер түрiнде жазып шығады.

Онда “қыпшақ” атауының тарих сахнасына қалай және қашан шыққаны, олардың Түрiк
қағанаты, Батыс Түрiк қағанаты және Қимақ қағанаты тұстарында мекендеген аймақтары, қыпшақтардың Бiрiккен Түрiк (Ұйғыр) қағанатын жаулап
алу жорықтары нақты деректер негiзiнде атап көрсетiледi. Мұнда басты тарихи даталардың назардан тыс қалмауын ескерген жөн. Мәселенi айқындай
түсуге мұғалiмнiң ара-арасында тарихи құжаттардан үзiндiлер оқуы тиiс.

Екiншi топ оқушылары.

Қыпшақ хандығының нығайған кезiнде қазiргi Қазақстан аумағында қалыптасқан саяси әлеуметтiк және этно-мәдени ахуалды нақтылап, осы мәселе төңiрегiндегi өздерiнiң бiлiмдерiн жұмыс дәптерлерiне тезистер түрiнде жазып шығады.

Мұғалiм өзiнiң тезистерiн оқып тұрған оқушының тарихи картаны пайдалануын және мәселенi әңгiмелеу барысында оқушылардың Қыпшақ мемлекетiнiң жаулау жорықтары мен сыртқы саясатын ашып көрсетулерiн қадағалауы керек. Үшiншi топ оқушылары Қыпшақ хандығының күйреу себептерiн және қыпшақтардың кейiнiректе тарих сахнасына олардың тарихи мұрагерлерi ретiнде шыққан қазақ және т.б. түркi
халықтары тағдырларына этно-әлеуметтiк ықпалын тезистер түрiнде тiзiп
жазады.

Мұндайда мұғалiм қыпшақтармен тығыз тарихи қарым-қатынаста
бiртiндеп халық ретiнде қалыптасқан бүгiнгi түркiтiлдес елдердiң атауларын
нақтылауға баса назар аударуы керек.

Әр топ өз тапсырмалары бойынша постер жасап, оны қорғау.

Сабақтың түрі мен әдісі

Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Оқытушы сабақ өткізу барысында оқушылар назарын төмендегідей мәселелерге аударады:
— “Қыпшақ” атауының мағынасын түсiнеміз.
— “Дешті-Қыпшақ” атауы “Қыпшақ даласы” деген мағынаны аңғартатынын,
— “Дешті Қыпшақ” “Ұлы Дала елінің” байырғы атауы екенін білеміз.
— Қыпшақтар туралы деректерден хабардар боламыз.
— Қыпшақ хандығы қашан және қалай құрылғанын анықтаймыз.

Бағалау мүмкіндіктері

Оқушылардың тезис түрiндегi жазбаша тапсырмаларды тиянақты орындап шығуларына мұғалiмнiң төмендегiдей жоспарды тақтаға жазып қоюы
нақтырақ көмек бередi.

1. Қыпшақ тайпалық бiрлестiгi пайда болған аймақтар.
2. Қыпшақ атауы тарих сахнасына шыққан кезең.
3. Батыс Түрiк қағанаты құрамындағы қыпшақтар.
4. Қыпшақтар Қимақ қағанатында.

5. Қыпшақтардың батыс аймақтарды жаулауы. “Половецтер”.
6. Қыпшақтардың Арал өңiрiндегi және Сырдария бойындағы оғыздарды
ығыстыруы.
7. Қыпшақ хандығының Хорезм мемлекетiмен қарым-қатынастары.
8. Қыпшақ хандығының әлсiреу себептерi.

Кері байланыс
Сабақ қызықты болды ма?
Нені түсінбей қалдың?
Менің сабаққа байланысты пікірім.

Қосымша тапсырма
1. Оқулық мәтiнiмен жұмыс
2. Қыпшақтардың батыс және оңтүстiк-батыс аймақтарға жорықтарын
және олар жаулап алып орныққан аймақтарды картаға түсiру.
3. “Кодекс куманикус” шығармасынан үзiндi оқу.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  4. Ұлы далада қарлұқтар билігінің орнауы (756-942 жж.)
  5. Түргеш қағанаты (704-756 жж.) (Сабақ жоспары)
  6. Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктері (сабақ жоспары)
  7. Х-ХІІІ ғасырларда Ұлы Даланың саяси картасының өзгеруі (сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ